Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 10

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Бөлім

Тарих тағылымы

Сабақтың тақырыбы

Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы

Оқу мақсаттары

Түсіну және жауап беру.

10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау.

Сабақтың смарт мақсаты

  • Поэмадағы кейіпкерлерді анықтап, жинақтайды, даралайды.

Бағалау критерийі

  • Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралай алады.

Алдыңғы тақырып

Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы

Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары

Ынтымықтастық

Жауапкершілік

Құрмет

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар

3 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі

Суреттердің бір-біріне қатыстылығын анықтайды. Сабақтың тақырыбын суреттер арқылы болжайды.Ойларын ортаға салады.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Суреттер

https://www.google.com/search?rlz

5 минут

5 минут

10 минут

2 минут

10 минут

Мағынаны тану кезеңі ТЖ

1-тапсырма. Берілген сұрақтарға жұптасып жауап береді.

  • Жәркен Бөдештің шығармашылығымен таныссыз ба?
  • Сіздің ойыңызша, Жәркен Бөдеш оқырмандарына қандай шығармалар ұсынды? Неліктен?
  • «Жалғыз» поэмасындағы философия қандай?
  • ««Жалғыз» поэмасы – жалғыздық концепциясының шыңы» деген пікірмен қаншалықты келісесіз?
  • Жәркен (Жармұһамбет) шығармаларының ұрпақ үшін құндылығы неде деп ойлайсыз?

2-тапсырма. Берілген өлең жолдарындағы «жалғыз» сөзінің мағынасы неде екенін анықтап, өзіндік көзқарастарын ортаға салады.

...Жалғыздықтың азабын Шәкәрімдей тартқан кім?

Жалғыз құдық түбінде жалғыз қурап жатқан кім?

Жалғыз таудың қуысын жалғыз қажы паналап,

Жалғыз балға. Төрт таға. Жалғыз атын тағалап.

Тобылғы сап, жез бунақ, жалғыз қамшы сабалап...

Жалғыз қыстау. Жалғыз меңіреу тас үйде:

Жалғыз шырақ. Жалғыз төсек. Жалғыз жастық.

Жалғыз қыран. Жалғыз құман. Жалғыз шаршы жайнамаз.

3-тапсырма. Поэмадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды, даралайды (мұғалім поэманы алдын ала оқуға бергені абзал).

Мысалы:

Екіжақты күнделік

Поэмадағы жалғыздықтың дәмін татқан кейіпкерлер

Себебі

Бағалау. «Табыс баспалдағы»

Дескриптор:

  • сұрақтарға жауап ұсынады;
  • «жалғыз» сөзінің мағынасына анықтама береді;
  • поэмадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды;
  • кейіпкерлер әрекетін даралайды;
  • жалғыздықтың дәмін татқан кейіпкерлер себебін түсіндіреді.

Ойтолғаныс кезеңі. Жеке жұмыс

Оқушылар сабақты бекіту мақсатында берілген кестені толтырады.

Тақырыптың өзектілігіне ұқсас шығармаларды атаңыз.

Автор өмір сүрген заман көрінісіне сипаттама беріңіз.

Ортақ мәселені қазіргі заман көрінісімен қалай байланыстырар едіңіз?

Әңгімедегі көркемдік шешімге қандай баға берер едіңіз?

https://adebiportal.kz/kz/news/view/10526

Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы

5 минут

Кері байланыс

Қосымша мәлімет

Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Пәнаралық байланысқа сілтеме

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ сілтемелері

Құндылықтар сілтемесі

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу