Жәркен Бөдеш «Жалғыз» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 4


Сабақ:

Қазақ әдебиеті

Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова М.М.

Сыныбы: 10 T1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тарау:

Өлең - сөздің патшасы Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

10.2.5.1 - қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау

10.3.1.1 – шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау

Сабақ мақсаты

Шығармадағы көрініс тапқан құндылықтарды әлем әдебиетіндегі құндылықтармен салыстыру арқылы шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына талдау жасауда жоғары ойлау дағдылары дамиды.

Бағалау критерийлері

Шығармадағы адами және ұлттық құндылықтарды анықтап, маңыздылығын түсіндіреді.

Әлем әдебиетіндегі бір шығармамен салыстыру арқылы ортақ құндылықтарды анықтайды.

Құндылықтардың қазіргі өмірдегі көрінісіне талдау жасау арқылы , қорытынды ұсынады.

Тілдік міндеттер

Білім алушылар істей алады.

Ұлттық және адами құндылықтар, көркемдік шындық және тарихи таным

Құндылықтарды қалыптастыру

Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

АТҚ қолдануы

Таныстырылым

Алдыңғы білімі

Оқушылар алдыңғы сабақта шығармадағы автор бейнесіне талдау жасады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған қызмет түрлері:

Ақпарат көздері

Басы

3 мин

Қызығушылықты ояту

«Бес қадам» ойыны

1. Поэмадағы аттары аталған 5 тарихи тұлғаны атаңыз.

2. 5 тармақты жатқа айтыңыз.

3. Поэмадағы айтылатын 5 жер-су атауын атаңыз.

Оқушылар поэмадағы тарихи тұлғалардың есімдері жазылған қима қағаздарды таңдау арқылы 6 топқа бөлінеді.

Батыр Баян, Махамбет, Исатай, Абай, Шәкәрім,Құрманғазы

Табан суреттері

Қима қағаздар

Ортасы

34 мин

Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. 1 минут

Тапсырма

1-2 топ. Сарапшы парағы

1.Шығарманың өздеріңіз оқыған әлем әдебиетіндегі бір шығармамен салыстырып, 1-2 тараудағы көрініс тапқан құндылықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы дәлелдер келтіру арқылы салыстырыңыздар.

2. Анықталған құндылықтардың біреуін қазіргі өмірдегі көрінісіне дәлел келтіріп, көзқарастарыңызды 5 сөйлемдік тұжырыммен/1 шумақ өлең түрінде қорытындылаңыздар.

3-4 топ. Сарапшы парағы

1.Шығарманың өздеріңіз оқыған әлем әдебиетіндегі бір шығармамен салыстырып, 3-4 тараудағы көрініс тапқан құндылықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы дәлелдер келтіру арқылы салыстырыңыздар.

2. Анықталған құндылықтардың біреуін қазіргі өмірдегі көрінісіне дәлел келтіріп, көзқарастарыңызды 5 сөйлемдік тұжырыммен/1 шумақ өлең түрінде қорытындылаңыздар.

5-6-топ. Сарапшы парағы

1.Шығарманың өздеріңіз оқыған әлем әдебиетіндегі бір шығармамен салыстырып, 5-6 тараудағы көрініс тапқан құндылықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы дәлелдер келтіру арқылы салыстырыңыздар.

2. Анықталған құндылықтардың біреуін қазіргі өмірдегі көрінісіне дәлел келтіріп, көзқарастарыңызды 5 сөйлемдік тұжырыммен/1 шумақ өлең түрінде қорытындылаңыздар.

Дескриптор:

  • тараулардағы 3-4 адами және ұлттық құндылықтарды анықтайды;
  • әлем әдебиетіндегі бір шығармаға таңдау жасайды;
  • таңдалған шығармадағы 3-4 адами және ұлттық құндылықтарды анықтайды ;
  • анықталған құндылықтарды Венн диаграммасына салады;
  • құндылықтардың көрініс табуына қатысты шығармадан дәлелдер келтіру арқылы тұсіндіреді;
  • өздері маңызды деп санайтын бір құндылықты қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, 5 сөйлеммен немесе 1 шумақ өлеңмен тұжырым жасайды.

Бағалау

Әр топ өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды. Әр топқа 3 минуттан уақыт беріледі. Топтар өзара жұмыстарын «1 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы бағалайды.

Кері байланыс 2 минут.

Тапсырманы орындауда не кедергі болды?

Өз біліміңді қай жағынан толықтыра алдың?

Қай топтың жұмысы ерекше ұнады? Неге?

Бағалау. Оқушылар топтағы жұмыс кезіндегі үлесі бойынша өзін-өзі бағалайды. Оқушылардың аттары жазылған қима қағаздарды таңдау арқылы бірнеше оқушылардың бағалаулары тыңдалады. Сабақ соңында оқушылар бағалау парақтарын мұғалімге тапсырады. 3 минут.

Оқушының аты-жөні

Рубрика

Бағалау критерийлері

төмен

орта

жоғары

Шығармадағы адами және ұлттық құндылықтарды анықтап, маңыздылығын түсіндіреді.

Әлем әдебиетіндегі бір шығармамен салыстыру арқылы ортақ құндылықтарды анықтайды.

Құндылықтардың қазіргі өмірдегі көрінісіне талдау жасау арқылы, қорытынды ұсынады.

Таратпа материал

А3 парақтар, маркер

Таратпа материал

Бағалау парағы

Соңы

3 минут

Рефлексия «Блоб ағашы»

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу