Жәркен Бөдеш «Жалғыз» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2
Сабақ: Қазақ әдебиеті | Қарағанды қ. ХББ НЗМ | |||||
Уақыты: | Мұғалімнің аты-жөні: Қырықбаева Ж.Қ. | |||||
Сыныбы: 9 T1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Тарау: | Жәркен Бөдеш «Жалғыз» поэмасы | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты | 10.3.4.1- ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазу. | |||||
Сабақ мақсаты | Қосымша ақпарат көздерінен Жәркен Бөдештің «Жалғыз» поэмасы туралы ғылыми материалдар жинақтай отырып, шығармаға әдеби сын жазу. | |||||
Бағалау критерийлері | Қосымша ақпарат көздерінен алынған материалдармен танысады; Шығармаға әдеби сын жазады. | |||||
Тілдік міндеттер |
| |||||
Құндылықтарды қалыптастыру | Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет | |||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, қазақ тілі | |||||
АТҚ қолдануы | Таныстырылым | |||||
Алдыңғы білімі | Оқушылар алдыңғы сабақта «Жалғыз» поэмасының мазмұнын талдады. | |||||
Жоспар | ||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған қызмет түрлері: | Ақпарат көздері | ||||
Басы 3 мин | Қызығушылықты ояту «1 минут жаттығуы» Егер мен жазушы болсам...» деген тақырыпта 1 минут сөйлейді. Автордың орнында болса өздері осы поэманы қалай жазар еді, қандай түзету енгізер еді, сол бойынша өз пікірлерін ортаға салады. |
| ||||
Ортасы 34 мин | Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. 1 мин Мағынаны тану кезеңі Оқушылар әдеби сын жайлы мақаламен танысады. Әдеби сын деген не? Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сынының әдебиет тарихынан бір айырмашылығы ол – бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдіре отыра алмайды. Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы. Сын көне заманда туғанымен, ол көп уақыт авторлардың көркем шығарманы ұнатуы немесе ұнатпауы дәрежесінен аса алмаған. Әдебиеттің жанрлары жіктеліп, өркен жая бастаған сайын Әдеби сынының мақсаты мен міндеті де күшейе түскен. Сыншылдық ой-пікірдің туу, өркендеу тарихы әр кезеңде, әр әдебиетте әр қилы болды. Пушкинге дейінгі орыс Әдеби сыны шығарманың ұнаған, ұнамағын айтудан ара-тұра әсемдік сипатын немесе кемшілік кінәратын көрсетуден әріге бармады. Құлы сыншы Белинский тұсында көркем шығарманың тұтас бітім-болмысына, ой мен образдың бірлігіне, жазушыдың өмір шындығына, заманға көзқарасына назар аударылды. Добролюбов «шыншыл сынды» уағыздағанда, сынның принциптік сиапты айқындала түсті. Маркстік-лениндік принциптерін дамыту, орнықтыру барысында субьективтік сынмен де, нормативтік, яғни бір қалыптан шықпайтын догматикалық сынмен де күресуге тура келді. Совет әдеби сынының қалыптасу барысында көркем әдебиеттің әлеуметтік мәнін түсінбеген, оның қоғамдық, өзгертімпаздық сипатын танымаған, шығармашылық бостандықтың сырын ұқпаған, түр мен мазмұнның арасындағы диалектік байланыстың құпиясына көз салмаған сектанттықты, «әдебиет автономиялығын» уағыздаған, «өнер – өнер үшін» немесе «өнер – саясаттың құлы» деген теорияларға сүйеген дарындар мен топтардың бәріне қарсы күрес жүргізуге тура келді. Совет әдебиеті адамзаттың көркемдік дамуындағы жаңа бір қадамы болып, ең революцияшыл, ең оздық әдебиетке айналды. 1-тапсырма: https://www.youtube.com/watch?v=qxQyQKnWMMg (3.50-ге дейін) Ұсынылған бейнематериал мен Жәркен Бөдештің «Жалғыз» поэмасы туралы жазған «Қазақ әдебиеті» газетінің әдеби маманы, жас сыншы Бағашар Тұрсынбайұлының мақаласын оқып, ойларыңызды ортаға салыңыздар.
«Жалғыз» поэмасы – жалғыздық концепциясының шыңы. Жалпы, адам жанының жалқы, шын мәнінде әр пенденің жалғыз екенін, ешкімнің қайталанбайтын жаратылыс екенін айқындай түседі. Өз замандастарына қойылған ескерткіш сияқты. Туған даласының әр аймағын, әр тасын, замандасының әрқайсысын жалғыз деу арқылы, олардың Жәркен үшін аса қымбат екенін көрсетеді. Өзін жалғыздау арқылы өз болмысын терең тани түседі. Жалғыз адам қашанда ой үстінде болады. Еркіндікке құлаш ұрады. «Жалғыздықты сүймеген адам еркіндікті де сүймейді» (Шопенгауэр). Мүмкін ақынды айналасындағылар шын түсінбегеннен жалғыз. Жалпы, жалғыздықты кез келген шығармашылық иесі сезінеді. Білетіндердің сөзіне сенсек, адам санасы белгілі бір деңгейге өскенде өзін жалғыз сезіне бастайды. Сол жалғыздықтан қиналғанымен, рухы тынышталады. Баяғы замандағы ғұламалардың елден оқшауланып, бөлек ғұмыр кешулері де сондықтан болса керек. Бұл поэма қазақы тәмсілмен басталады. «Ғұлама таулардың тұрғыны арқар, құлжаны кәнігі аңшылар күзде, тек қана күзде аулайды. …Қуатты, қоңды шіркіндер мергеннің қақ жүректен көздеп атқан тосын оғы дөп тигенде былайғы аңдар сияқты бірден құлап түсіп, жантәсілім етпейтін көрінеді. …қорғасын оқтың уы денесіне жайылғанша, сағаттап, тәуліктеп жылжымай қарысып тұра береді екен. Мұны аңшылар қауымы «оққа сүйенген жалғыз арқардай» деген тәмсіл арқылы еске алады». Жәркеннің де жүрегінің сау-тамтығы жоқ. Өмірдегі болмысына қарап, ешкіммен бармақ басты, көз қыстыға бармаған, біреудің ала жібін аттамаған кісі екен деп ойлайсың. Әңгімесін тыңдағанда өзін Жәркен ақын ретінде алып шығатынына сенетін жалғыз серігі жыры екенін түсінесің. Мына қоғамда сенері де, сүйенері де өлеңі. Жалғыз жырға сүйенген шайыр Жәркен деп ойлайсың. Ойлайсың да, жалғыздығының шыңы поэма болғанда, түйіні мына өлең екен дейсің: «Ұл кетті Ұлытаудан ұлар аулап,Қыз кетті қына теріп, қыр алаулап.Мен қалдым қараша үйдің іргесінде,Жыландай белден соққан бұралаңдап.Ошақтың күлін төккен борпаң жерге,Бозінген түні бойы шығады аунап.Бозайғыр үйірінен адасып қап,Бозбие айдалада жүр алаңдап». P.S.: Жетелеп жеткізген жетпісің құтты болсын, қазақ өлеңінің дәруіші! Бағашар Тұрсынбайұлы
2-тапсырма. Бағашар Тұрсынбайұлының «Жалғыз» поэмасы туралы жазған мақаласын оқыра, көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, өз көзқарасыңызды білдіріп 200-250 сөзден тұратын әдеби сын жазыңыз. Дескриптор: •көркем шығармаға эстетикалық баға береді; •бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді; • әдеби шығарманың жетістіктерін саралайды (көркем тілі, образдардың берілуі, сипаттаулар т.б.); •автордың пікірімен келіспейтін тұстары болса, талдап көрсетеді; •еңбекте көтерілген мәселеге байланысты әділ сын айтады; •нақты тұжырым білдіріп, қорытынды жасайды. Автор орындығы Ең үздік жұмыс анықталып, сынып алдында «Автор орындығында» оқылады. Бағалау Оқушылар жұмысқа «Бір жұлдыз, бір тілек» әдісімен баға береді. Кері байланыс Тапсырманы орындау қиындық тудырды ма? Оқылған, тыңдалған ақпараттардың көмегі тиді ме? Қай оқушының жазғаны ұнады? Неге? Өз жұмысыңызда нені толықтыру керектігін байқадыңыз? | Таратпа қағаз №1 https://adebiportal.kz/kz/genres/view/155 Таратпа қағаз №2 Қалыптасрыушы бағалау парағы №1 Қалыптастырушы бағалау парағы №1 | ||||
Соңы 3 минут | Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер» Мен бүгінгі сабақта...... еске түсірдім. Маған бүгінгі сабақта..... пайдалы болды. Маған..... көмек қажет.
| |||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?