«Біз -түркілерміз». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ әдебиеті

Сабақ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлімнің тақырыбы

Аңызбен өрілген көркем сөз. Ұ.Есдәулет «Біз -түркілерміз»

Сабақтың тақырыбы

«Біз -түркілерміз»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.1.1 - әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;

 Күтілетін нәтижелер

Оқушылардың бәрі:

  • Әдеби шығарманы оқып, танысу;

Оқушылардың көбі:

  • Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау;

Оқушылардың кейбірі:

  • Шығарманың идеялық мазмұнын терең түсіну.

Бағалау критерийлері

  • әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына талдайды;
  • Сол арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: Біз - түркілерміз... Көк бөрі, Көк тәңір, көк байрақ, тірсегіміз тілінген,т,б

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша..., Өз пікірімді білдірсем..., Менің көзқарасым...

Мектеп құндылықтары

  • Құрмет;
  • Ашықтық;
  • Өмір бойы білім алу;
  • Еңбек және шығармашылық.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы оқыған тақырыптарын қайталау.

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 минут

С. «Миға шабуыл»

Арыстандай айбаттым,Жолбарыстай қайраттым,Аспандаған байрақтым,Қанша жұлдыз жайнаттың,Қанша бұлбұл сайраттың,Қазақстан, ардақтым!

Оқушылар өлеңнің авторын табуға жұмыстанады. (Бірден табуы да мүмкін, Мағжанның «Мен жастарға сенемін» өлеңімен шатастырып, авторын М.Жұмабаев деуі де мүмкін.)

Тақтадан ақын суретін көріп, оқушылар ойларын ортаға салады.

Тақтадан ББ кестесін толтыру.

Білемін

Білдім

-Ақын -Жазушы - кітап авторы

- бірнеше сыйлықтың иегері

  • Сабақтың тақырыбы, мақсаты және жетістік критерийлері таныстырылады.

МЖ = Мұғалім жасаған

Ұлықбек Есдәулет

Сабақтың ортасы

8 минут

8 минут

2 минут

2 минут

7 минут

5 минут

Мағынаны тану

Ақын Ұлықбек Есдәулет туралы (0.30-2.10 минут аралығы) «Сыр-сұхбат» хабарынан бейнебаян көргеннен кейін кестенің білдім бөлімін толықтырады. Ақын туралы 2 ойлы пікірлерін білдіреді.

https://www.youtube.com/watch?v=UXxvRFj0mL4

Оқушылар кері байланыс береді.

- Ақын туралы оның өмірі жайлы деректер алдығын;

- Шығармашылығы өздерін қызықтыратынын;

- Іздеп оқуға ниеттері барын білдіреді.

С. Оқушыларға «Біз -түркілерміз» өлеңін таратылып беріледі.

Тапсырма.1. Ақын өлеңін оқып танысу.

Әр топтан 1 оқушы шығып, «Біз -түркілерміз» өлеңін дауыстап мәнерлеп оқиды.

Біз - түркілерміз... Біз - түркілерміз! Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз, Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз, Көк бөріден туғанымыз рас болса, Көк тәңірден қуат ап, бір түлерміз. Кеудемізді билеген асқақ арман, Тарихымыз дастан боп таста қалған, Тірсегіміз тілінген кездерде де Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған. Жұтып қойған ғасырлар өктем үнін, Айға қарап ұлыған көк бөрімін. Атқа мінсем кетемін аруақтанып, Арасында желік бар ет-терінің. Атқа мінсем кетемін айбаттанып, Қылыш көрсем кетемін қайраттанып. Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан, Біздің халық - бұ да бір қаймақ халық! Намысымдай ешкімге таптатпаған, Түркістанның күмбезі асқақтаған. Бабаларым жатыр ғой бата беріп, Аруақтар аманатын ақтап бағам. Көк тәңірден көңілге нұр тілерміз, Көк аспандай әлі де күркірерміз. Көк бөрілі көк байрақ көкке шықса, Қай дұшпанның алдында іркілерміз? Біз - түркілерміз! Біз - түркілерміз!! Біз - түркілерміз!!!

Кері байланыс. Оқушылар өздерінің оқығандарын бағалайды.

https://www.youtube.com/watch?v=yrfVHDKQN0o 1.16 сек

Ақын өлеңі мәнерлеп оқылған соң, оқушыларға топтық, жұптық жұмыстар беріледі. Жетістік критерийлері топқа беріледі.

Жетістік критерийлері:

  • өлеңнің жалпы мазмұнына шолу жасайды;
  • тақырыбы мен идеясын ашады;
  • өлеңді композициялық құрылысына талдайды;
  • шумақ, тармақ, бунақтарына тоқталады;
  • сол арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді.

ТЖ. «Талдап білу» әдісімен топтағы оқушылар:

Талқылаушы- өлеңнің тақырыбын, композициялық құрылысын айтады.(Шумақ, тармақ, бунақ түріне)

Белгілеуші- өлеңнің ішкі мазмұны сай 2 сұрақ дайындайды.

Байланыстырушы- ақын өлеңіндегі идеяны тарихи шындықпен байланыстырады.

Топ шешені- өлең мазмұнына сәйкес түркілердің ерлік, елдік қасиеттерінен білетінін шешен сөйлеп айтады.

Қорытындылаушы- өлеңнің құндылығын айтып, баға береді.

Қалыптастырушы бағалау.

Оқушылар бір-бірін кестемен бағалайды.

Өлеңнің мазмұнына шолу

5 балл

Компози

циясына

талдау

5 балл

Өлеңіндегі тарихи шындық

5 балл

Шешен сөйлеп айту

5 балл

Өлеңнің құндылығын бағалау

5 балл

Үйге тапсырма.

Оқушылар:

• Өздерінің мәнерлеп оқуларын таспаға жаза алады;

• Өлеңді әндетіп, рэп ретінде айту, оны мектептің мәдени іс-шараларында орындауға жұмыстанады.

Осы жұмыс арқылы оқушылардың шығарманы мәнерлеп оқу дағдылары бағаланады.

https://www.youtube.com/watch?v=UXxvRFj0mL4

https://www.youtube.com/watch?v=yrfVHDKQN0o

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Мен үшін ең....

Мені қызықтырған ең....

Маған ой салған ең....

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

1.Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

2.Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу