Ұ.Есдәулетов «Біз түркілерміз». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Пән:

Қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Аңызбен өрілген көркем сөз

Сабақтың тақырыбы

Ұ.Есдәулетов «Біз түркілерміз»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.5.1 - шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Шығармадағы ұлттық құндылықты анықтайды;

Көптеген оқушылар:

  • Ұлттық құндылық көрінісіне шығармадан дәлел келтіреді;

Кейбір оқушылар:

  • Әлемдік тақырыппен үндестігіне талдау жасайды.

Бағалау критерийлері

Шығармадағы ұлттық құндылықты әлемдік тақырыппен байланыстырады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: көк аспан, көк бөрі, көк тәңір, көк байрақ

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: ұлыған көк бөрімін, біз - түркілерміз!

Мектеп құндылықтары

Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамыту, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру және сындарлы көзқарасты дамыту, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білу

Осыған дейін меңгерілген білім

10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

10 минут

Ұйымдастыру.

Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийі (дескриптор) таныстырылады.

«Мендік пікір» арқылы Ұ.Есдәулетов «Біз түркілерміз» өлеңінен алған әсерін жеткізу

(Таяқшаларға жазылған есімдерді атау арқылы 12 оқушының пікірі тыңдалады)

  • Мені қинағаны…
  • Мені түңілдіргені…
  • Мені жұбатқаны…
  • Мені өкіндіргені…
  • Мені үрейлендіргені…
  • Мені сүйсіндіргені…
  • Мені қуантқаны…
  • Мені қайраттандырғаны…
  • Менің тілегім…
  • Мені қызықтырғаны…
  • Біздің түйгеніміз:

Слайд

Суырма таяқшалар

Сабақтың

ортасы

10 минут

5 минут

10 минут

Т.

Әр топқа өлең үзіндісі беріледі. Өлең жолдарының мазмұндық құрылымына талдау жасайды.

1-тапсырма.

Өлең мазмұнын талдау үшін топтарға бірігіп, рөлдерін бөліп алады:

1-оқушы: таныстырушы- өлеңнің идеясы мен тақырыбын таныстырады.

2-оқушы: байланыстырушы – өлең идеясын өмірмен байланыстырады.

3-оқушы:салыстырушы: өлеңді басқа ақынның осы мазмұндас шығармасымен салыстырады.

4-оқушы: суретші – өлең мазмұны бойынша сурет салады.

Бір рөл алған әр топтың мүшесі жаңа топ құрап, ой тізбегін құрастырады. Мазмұндық құрылым сақталуы тиіс.

Кері байланыс. «Сәтті...»

2-тапсырма.

Ұлттық құндылық

Дәлел

(өлең жолы)

Әлемдік тақырыппен үндестік

Кестені топта талқылап толтырады. Еліміздің тарихымен байланыстыра отырып, ұтымды пікір білдірулері тиіс.

1-топ.

Біз - түркілерміз

           Біз - түркілерміз...

Біз - түркілерміз!

Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз,

Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз,

Көк бөріден туғанымыз рас болса,

Көк тәңірден қуат ап, бір түлерміз.

2-топ.

Кеудемізді билеген асқақ арман,

Тарихымыз дастан боп таста қалған,

Тірсегіміз тілінген кездерде де

Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған.

3-топ.

Жұтып қойған ғасырлар өктем үнін,

Айға қарап ұлыған көк бөрімін.

Атқа мінсем кетемін аруақтанып,

Арасында желік бар ет-терінің.

4-топ.

Атқа мінсем кетемін айбаттанып,

Қылыш көрсем кетемін қайраттанып.

Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан,

Біздің халық - бұ да бір қаймақ халық!

5-топ.

Намысымдай ешкімге таптатпаған,

Түркістанның күмбезі асқақтаған.

Бабаларым жатыр ғой бата беріп,

Аруақтар аманатын ақтап бағам.

6-топ.

Көк тәңірден көңілге нұр тілерміз,

Көк аспандай әлі де күркірерміз.

Көк бөрілі көк байрақ көкке шықса,

Қай дұшпанның алдында іркілерміз?

Біз - түркілерміз!

Біз - түркілерміз!!

Біз - түркілерміз!!!

Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек»

http://infoportal.kz/ru/content/biz-turkilermiz

рөл атауы жазылған қима қағаздар

А4 форматты қағаздар, түрлі-түсті бояулар

А3 форматты қағаздар

Өлең жолдары жазылған қағаздар

Сабақтың

соңы

5 минут

Рефлексия

  • 1.Бүгін мен өзіме қандай 3 жаңалық аштым?
  • 2.Менің үйренген 2 нәрсем...
  • 3.Жүзеге асыратын 1 - қадамым


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу