Ұ.Есдәулетов «Біз - түркілерміз». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.


БІЗ – ТҮРКІЛЕРМІЗ

Біз – түркілерміз...

Біз – түркілерміз!

Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз,

Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз,

Көкбөріден туғанымыз рас болса,

Көк Тəңірден қуат ап, бір түлерміз.

Кеудемізді билеген асқақ арман,

Тарихымыз дастан боп таста қалған,

Тірсегіміз тілінген кездерде де

Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған.

Жұтып қойған ғасырлар өктем үнін,

Айға қарап ұлыған көк бөрімін.

Атқа мінсем кетемін аруақтанып,

Арасында желік бар ет-терінің.

Атқа мінсем шығамын айбаттанып,

Қылыш көрсем кетемін қайраттанып.

Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан,

Біздің халық – бұ да бір қаймақ халық!

Намысымдай ешкімге таптатпаған,

Түркістанның күмбезі асқақтаған.

Бабаларым жатыр ғой бата беріп,

Аруақтар аманатын ақтап бағам.

Көк Тəңірден көңілге нұр тілерміз,

Көк аспандай əлі де күркірерміз.

Көкбөрілі көк байрақ көкке шықса,

Қай дұшпанның алдында іркілерміз?

Біз – түркілерміз!

Біз – түркілерміз!!

Біз – түркілерміз!!!

1994

«Сезімдер алгоритмі» әдісі

Ұ.Есдәулетовтің «Біз түркілерміз» өлеңін мәнерлеп оқып, сезімдеріңізбен бөлісіңіз.

1. Өлеңнің атына қараңыз.

  • Алғашқы әсеріңіз қандай болды?
  • Ойыңызға не келді? Не сезіндіңіз? 

2. Өлеңді оқып танысқаннан кейін не өзгерді?

  • Қандай әсерде болдыңыз?
  • Не ойладыңыз? Не сезіндіңіз? 

 «Мағынасы қандай?» әдісі

Топта «Біз түркілерміз» өлеңін іріктеп оқып, астарлы ойды ашыңыз.

 1.Мәтінен оқырманға әсер ететін сөздерді анықтаңыз. 

2. Өзгеше қолданылған сөздерді анықтаңыз. 

3. Тақырыпқа не идеяға қатысты сөздерді анықтаңыз. 

4. Авторды толғандыратын мәселелер қай шумақта беріледі? 

Сіз анықтаған сөздер мен шумақтардағы ойлардың астарлы мағынасын ашыңыз. 

«Еркін талқылау» әдісі

Топ ішінде жұпқа бөлініп тапсырманы орындаңыз. Әр топтағы жұптар алғаш өз тапсырмалары бойынша ойларын ортаға салады. Кейін басқа топтағы сәйкес жұптармен бірігеді.  

1-жұп.

Кеудемізді билеген асқақ арман,

Тарихымыз дастан боп таста қалған,

Тірсегіміз тілінген кездерде де

Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған,- деген тармақтарда өрнектелген

ақындық рух па әлде халық үні ме? Осы сезімді  бүгінгі жастар әрекетімен байланыстырып айтыңыз. 2-жұп.

Ақын өлеңінде көтерілген мәселе тәуелсіздікті тұғырлы ету ме әлде дербестікке деген ұмтылыс па? Ойыңызды бүгінгі өмірмен байланыстырып айтыңыз. 

3-жұп.

Өлеңдегі қай мәселе бүгінгі таңда өзекті деп ойлайсыз? Мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстырып айтыңыз. 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу