«Біз -түркілерміз». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.


Ұлықбек Есдәулетов «Біз -түркілерміз»

Біз - түркілерміз... Біз - түркілерміз! Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз, Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз, Көк бөріден туғанымыз рас болса, Көк тәңірден қуат ап, бір түлерміз. Кеудемізді билеген асқақ арман, Тарихымыз дастан боп таста қалған, Тірсегіміз тілінген кездерде де Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған. Жұтып қойған ғасырлар өктем үнін, Айға қарап ұлыған көк бөрімін. Атқа мінсем кетемін аруақтанып, Арасында желік бар ет-терінің. Атқа мінсем кетемін айбаттанып, Қылыш көрсем кетемін қайраттанып. Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан, Біздің халық - бұ да бір қаймақ халық! Намысымдай ешкімге таптатпаған, Түркістанның күмбезі асқақтаған. Бабаларым жатыр ғой бата беріп, Аруақтар аманатын ақтап бағам. Көк тәңірден көңілге нұр тілерміз, Көк аспандай әлі де күркірерміз. Көк бөрілі көк байрақ көкке шықса, Қай дұшпанның алдында іркілерміз? Біз - түркілерміз! Біз - түркілерміз!! 

Аңыз жанры. Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. Әуезов аңыз жанры жайында Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты монографиясында, 1957 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихының» 1-томында жарияланған «Қазақтың ауыз әдебиеті» атты көлемді еңбегінде жан-жақты айтқан. Алғашқы еңбектің «Аңыз ертегілері» деген тарауында: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол - барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық шығармашылығының ерекше бір саласын құрайды» деп бірден екі жанрдың жігін ашып алады. Монографияда эпос пен аңыздың негізгі ерекшелігі - соңғысының қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді тарихи прототипінен көп алшақтатпайтындығы, циклды боп келуі дейді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Аддар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше, Күй аңызы деп жеке тарауларға бөліп те талданған. «Қазақтың ауыз әдебиеті» мақаласында аңыз жанрын ертегілермен бірге алып қарастырған. Алғашқы еңбекке қарағанда, көлемі шағын болғандықтан, ауыз әдебиеті жанрларын айқын ажыратып жіктемеген. Ертегі мен аңыздардың түп-төркіні халықтың арман-қиялы екенін негізге ала отырып, екі жанрға қатар талдау жүргізген. Әйтсе де «Бергі кезде Жамбыл жазған «Өтеген батыр» поэмасының сюжеті Асан Қайғы жайындағы аңызға тығыз байланысты» деп, ертегі мен аңыздың айырмашылығын айырып айтқан.[1]



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу