«Біз -түркілерміз». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ әдебиеті

Сабақ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлімнің тақырыбы

Аңызбен өрілген көркем сөз. Ұ.Есдәулет «Біз -түркілерміз»

Сабақтың тақырыбы

«Біз -түркілерміз»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.2.4.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;

 Күтілетін нәтижелер

Оқушылардың бәрі:

  • шығармадағы көтерілген мәселелерді талдау;

Оқушылардың көбі:

  • мәселеге өзіндік пікірін қосу;

Оқушылардың кейбірі:

  • шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең) жазу;

Бағалау критерийлері

көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасайды;

мәселеге өзіндік пікірін қосады;

шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең) жазады;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған, Айға қарап ұлыған көк бөрімін, Біздің халық - бұ да бір қаймақ халық! 

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша..., Өз пікірімді білдірсем..., Менің көзқарасым...

Мектеп құндылықтары

  • Құрмет;
  • Ашықтық;
  • Өмір бойы білім алу;
  • Еңбек және шығармашылық.

Осыған дейін меңгерілген білім

10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Сыныпты ұйымдастыру.

  • Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері таныстырылады.

МЖ = Мұғалім жасаған

7 минут

5 минут

25 минут

3 минут

С Оқушылар өлеңді мұқияттап оқып шығады.

Жазылым алды тапсырма

«Қарлы кесек» әдісімен өздеріне лақтырылған сұраққа шапшаң жауап береді.

Алғашқы 4 тармағына бір үңіліп, қандай сұрақ қояр едіңдер?

1. Ақын түркілерді неге көк аспанға, биікке шығарып, жарқырата көрсетіп тұр?

2. Ақын неліктен түркілерді көк бөріден туған, кеудесін асқақ арман бар деп жырға қосады?

3. Қалайша түсінер едің? Атқа мінген түркілер айбаттанып, аруақтанып, қылыш ұстаса қайраттанып кететінін?

4. Намысын ешкімге таптатпаған бұл қандай қаймақ халық?

  • Оқушылар ақынның өлең жолдарын оқи отырып, көтерілген мәселені анықтайды.

Көкбөрінің ұрпағымыз дейтін түркі халқы қандай қиындыққа да шыдаған батыр халық екенін, бабаларының аманатын ұрпағына жеткізген мәңгі жасайтын халық болып қала беретінін ақын анық таныта алды.

Шығармашылық жұмыс

«Біздің халық - бұ да бір қаймақ халық!»

Қазақ халқының мәңгілік ел болатынын әңгіме етіп жазу.

Әңгіме жазуға қойылатын талаптар:

1.Құрылымын сақтап жазу;

2.Кейіпкерлердің іс-әрекетін шынайы бейнелеу;

3.Диалогтық қарым-қатынасты ескеру;

Оқушылар өздерінің жазғандарын жұбындағы оқушымен алмастырып оқып, бір-бірін бас бармақпен бағалайды.

Ұлықбек Есдәулет

«Біз-түркілерміз»

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Ең.....

Ең....

Ең....

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

1.Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

2.Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Біз - түркілерміз

Біз - түркілерміз... Біз - түркілерміз! Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз, Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз, Көк бөріден туғанымыз рас болса, Көк тәңірден қуат ап, бір түлерміз. Кеудемізді билеген асқақ арман, Тарихымыз дастан боп таста қалған, Тірсегіміз тілінген кездерде де Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған. Жұтып қойған ғасырлар өктем үнін, Айға қарап ұлыған көк бөрімін. Атқа мінсем кетемін аруақтанып, Арасында желік бар ет-терінің. Атқа мінсем кетемін айбаттанып, Қылыш көрсем кетемін қайраттанып. Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан, Біздің халық - бұ да бір қаймақ халық! Намысымдай ешкімге таптатпаған, Түркістанның күмбезі асқақтаған. Бабаларым жатыр ғой бата беріп, Аруақтар аманатын ақтап бағам. Көк тәңірден көңілге нұр тілерміз, Көк аспандай әлі де күркірерміз. Көк бөрілі көк байрақ көкке шықса, Қай дұшпанның алдында іркілерміз? Біз - түркілерміз! Біз - түркілерміз!! Біз - түркілерміз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу