Ұлықбек Есдәулет «Біз түркілерміз» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Аңызбен өрілген көркем сөз | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ұлықбек Есдәулет «Біз түркілерміз» өлеңі | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | А/И 10.2.5.1 - әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту. | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтарды талдап, пікір білдіру. | |||||||||||
Бағалау критерийлері | Құндылықтардың үндесуін талдайды; Өзіндік қорытынды шығарады. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
• Құрмет пен ынтымақтастық • Еңбек және шығармашылық • Ашықтық • Академиялық шыншылдық • Өмір бойы білім алу • Әлемдік азаматтық | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылар тапсырмаларды интербелсенді тақтадан көру арқылы орындайды. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Амандасу. Түгендеу. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. | |||||||||||
Сабақтың ортасы 15 минут 15 минут | 1-тапсырма. Ұлықбек Есдәулеттің «Біз түркілерміз» өлеңін Түркияның бұрынғы мәдениет министрі, белгілі қоғам қайраткері Намык Кемал Зейбектің сөзімен байланыстырып, құндылықтарды талдайды. "Қазақ халқының мәдениетінің, рухының қаймағы бұзылған жоқ. Тегі - сол тек, ол - "көк бөрі". Қанша дауыл соқсын, үскірік аяз шалсын қиындықтарды жеңіп, даламен де, қаламен де, жалпы әлеммен бірге үндестікте келе жатыр. Бұл көкжалдық емей немене?!" Өзіндік қорытынды шығарып, «PRES» тәсілі арқылы сөйлейді.
Позиция: «Менің ойымша, ... немесе «Мен _______ деп санаймын» деген құрылымдарды қолданып, мәселеге қатысты өз пікірін айтып, көзқарасын түсіндіреді. Негіздеу: «Өйткені...» деген сөзден басталатын сөйлем құрылымын пайдаланып, өз ойының пайда болу себебін, өз ұстанымның неге негізделетінін түсіндіреді. Мысал келтіру: ойын «Мысалы...» сөзімен жалғастырып, өз көзқарасын қолдайтын мәліметтер, фактілер мен дәлелдемелер келтіреді. Қорытынды: ойын «Сондықтан мен____________деп санаймын» сөйлемімен жалғастырып, өз пікірін жинақтап, қалай әрекет жасау керектігі туралы қорытындыға келеді. Дескрипторлар:
2-тапсырма. Оқушылар Қайсар Дүйсенбайдың «Көктің ұлы» өлеңін оқып, берілген кестені толтырады.
Дескрипторлар:
Бағалау Әр тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар бір-бірін дескрипторлар бойынша бағалайды. | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс «Зерде» БІЛІМ – тақырып бойынша алған ақпаратым; ЭМОЦИЯ – сабақтағы көңіл-күйім; БАҒА – жетістігіме беретін бағам; СЫН – өз бойымда нені дамытуым керек? ИДЕЯ – маған келген жаңа ой. | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?