Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Аңызбен өрілген көркем сөз

Мектеп:

Мерзім:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 ҚГБ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы

Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.1 Шығарма үзінділерімен жұмыс

10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру

 Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы  көркем шығармалардан алған үзінділермен жұмыс жасайды.

Оқушылардың көбі   көркем шығармалардан алған үзінділерді өзекті мәселелермен байланыстырады.

Оқушылардың кейбірі   көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады

 Бағалау критерийі

Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романынан алынған үзінділерді ғаламдық мәселелермен байланыстырады

 Тілдік мақсаттар

 

Сөздер мен сөз тіркестер: мәңгүрт, рухани мәңгүрт, сана-сезімнің рухани катаклизмі, адамгершілік, ұлттық трагедия, т.б.

Пән лексикасы және терминология: роман, ғаламдық тақырып,

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша....,

мен оны былай түсіндіремін.....,

себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,

мәселенің шешу жолдарын ұсынар болсам,....,

қорыта келе,.......

 Құндылықтар

гуманизм, биік адамгершілік

 Пәнаралық байланыс

тарих, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы

Сабақ барысы

Жоспарлан ған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

6-8

Қызығушылықты ояту

Ой қозғау

Мәңгүрт сөзі алғаш қай халықтың шығармасында қолданылған ?

Жауыздық, адамзат, ерікті, еріксіз, тіл, дін, ата-тек, жау, тағдыр, зомби сөздерін мәңгүрт сөзімен байланыстырып

талқылаңыз.

Бүгінгі таңдағы ерікті мәңгүрттер туралы ойыңыз қандай?

Сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылайды.

 

Сабақтың ортасы

9-19

20 - 22

23 – 32

33 - 36

Мағынаны тану

ЖЖ. «Кейіпкерді зерттеу» әдісі

«Боранды бекет» романындағы кейіпкер бейнесін танытатын үзінділерді анықтап, кейіпкерге мінездеме беріңіз, автор көзқарасына талдау жасаңыз. 

 1 - жұп    

Едіге  бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру  арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз. 

2 - жұп     

Сәбитжан  бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру  арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз. 

3 - жұп     

Қазанғаптың бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру  арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз. 

4-жұп

 Шаймерден    бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру  арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз. 

5-жұп     

Үкілібала бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру  арқылы кейіпкерлерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз. 

6-жұп

Найман-Ана    бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру  арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.

7-жұп

Жоламан    бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру  арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.

8-жұп

Жуан-жуандар    бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру  арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.

9-жұп

Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы

10-жұп

Шығармадағы қазақ халқының   бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру  арқылы кейіпкерлерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз. 

Өзара бағалау.

  • Шығарма үзінділерін анықтайды;
  • Кейіпкерге мінездеме береді;
  • Автор көзқарасын анықтайды.

Т. «Зерделеу» әдісі

 

 1-топ 

Өзегі өртеніп сол естігеннен артық хабар білудің өзінен қорқып кетіп, тілін тістей қойды. Кеудесінде бір күдік жаралы құстай шар етіп еді, өзін-өзі әрең тежеп, тіл қатпады... Найман-Ана тұла бойын билеп алған үрейді, қолының дірілін білдірмеуге тырысып, кеудесіндегі шар еткен жаралы құстың үнін өшіргендей болып, тек бурыл басынан көптен бері түспей келе жатқан қаралы жаулықпен бетін бүркемелей берді. 

Тапсырма: 

  • Үзіндіге дейін қандай оқиға болды? 
  • Үзіндіден кейін оқиға қалай дамыды? 
  • Қай тіркестер саған ерекше әсер етті, астын сыз.
  • Жазушының тілдік ерекшелігі көріне ме?Мысал арқылы дәлелде. 
  • Найман анаға жұбату сөзін жаз.

 

 

2-топ. 

Әй, сен қорықпа! Мә, мынаны ұста! — деп ... мәңгүрттің 

қолына жебелі садақты қармата берді. 

— Ал, көзде! — деп ... қалпағын аспанға лақтырып жіберіп еді, қалпақты жебе лезде тесіп өтті. — Ойбой, мынаны қара! — деп қалпақтың иесі аң-таң қалды. — Мынау да бір белгі болды-ау! 

 Тапсырма: 

  • Бұл кімдердің диалогы? (жұпта талда) 
  • Осы үзіндіге дейін  не туралы айтылды? (топта талда) 
  • Диалог тіліне назар аудар. Нені байқадың? Сөздер терминмен берілген бе, қарапайым ба? 
  • Ауызекі сөйлеу стилі екенін дәлелде. 
  • Анасы мен мәңгүрт ұлының диалогын есіңе түсір, мәңгүртке айналғанға дейінгі  анасымен диалогы қалай болды? 

 

3-топ. 

Ақ інгеннің күші мен жүйріктігіне сенбесе, Найман- Ана Сарыөзектің меңіреу даласына тәуекел деп аттанбас та еді. Екі рет боталаған Ақ інген сол жылы қысыр болғандықтан мініске берік, жарау күйінде-тін. Ұзын тірсек, бедеу інгеннің табаны серіппелі еді де жас малдың табаны мұқала қоймаған, қос өркеші тіп-тік, әдемі иір мойын, қырым етсіз келісті бас, сау желгенде екі танауы көбелектің қанатындай желпілдеп, ауаны қомағайлана тартатын Ақ інгеннің құны тұтас бір келеге пара-пар еді. Мұндай жел жануардан ұрық алып қалар үшін ондаған тайлақты матап тұрып берер еді. Мыңғырған малдан Найман-Ананың қолында қалған жалғыз алтын қазынасы осы - Ақ інген-ді.

Тапсырма: 

  • Үзіндіге дейін қандай оқиға болды? 
  • Үзіндіден кейін оқиға қалай дамыды? 
  • Цитатаның әңгімеден алған орны қандай? 
  • Егер осы үзінді болмаса, үзіндінің әсері қандай болар еді? 
  • Теңеу сөздерді қатыстыра отырып, Найман ананың халін ары қарай сипаттап жаз. 

  

4-топ. 

Найман Ана інгеннің мойнын құша жайлап барып құлап түсті. Құлап түсерден бұрын басындағы ақ жаулығы ұшып кетті де, лезде құсқа айналаға, аспанды шарқ ұра шырылдап: "Ойланшы, кімнің баласысың? Атың кім? Атың кім? Сенің әкең Дөненбай! Дөненбай! Дөненбай!.." — деп зар қақсады.

Тапсырма: 

  • Үзіндіге дейін қандай оқиға болды? 
  • Үзіндіден кейін оқиға қалай дамыды? 
  • Зар қақсау деген тіркестің мағынасын қалай түсінесің? 
  • Үзіндідегі символды анықта, себебін түсіндір. 
  • Авторға хат жаз.  Топта ең үздік хатты таңдаңдар. 

  

5-топ. 

Ақыл-ой — адам өле-өлгенше өзімен бірге болатын жалғыз қазына ғой. Біреудің қолында бар байлық басқа біреуде де бар болар, ал ақыл-ой тек саған ғана тән, басқалардікінен бөлек жалғыз асылың. Біреудің ақылы біреуге қазына болмайды. Өзінің түнек тарихынан тағылықтың ең сұмдық, қатыгез түрін мирас қылған көшпенді жуан-жуандар адамның әлгі ең асыл қазынасына қорқаулық жасаған.

Тапсырма: 

  • Үзіндіге дейін қандай оқиға болды? 
  • Үзіндіден кейін оқиға қалай дамыды? 
  • Қорқаулық жасау деген тіркестің мағынасын қалай түсінесің?  
  • Қандай ғаламдық мәселе көтеріледі? Мәселені көтеру мақсатына түсінік беру. 
  • Сіздің ақыл - ойға байланысты пікіріңіз. 

 Топтық бағалау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романынан алынған үзінділерді ғаламдық мәселелермен байланыстырады

Сұрақтарға нақты жауап айтады

Оқиғаның даму барысын көрсетеді

Шығармадан алынған тіркестің мағынасын түсіндіреді

Жазушының тілінің ерекшелігін түсіндіреді

Ғаламдық мәселені табады

Мәселені көтеру мақсатына түсінік береді 

Үзіндіге қатысты шағын шығармашылық жұмыс жазады

презентация

https://kitap.kz/books/shynghys_ajtmatov_borandy_beket/read#epubcfi(/6/4[id2]!/4/16/1:215)

Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия «3-2-1»

      • Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат
      • Қиындық тудырған 2 аспект
      • Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ

Үй тапсырмасы

Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романына қатысты қосымша ақапараттармен жұмыс жасау.

Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз?

Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?

Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу