Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10Т1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

Аңызбен өрілген көркем сөз

Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы

Оқу бағдарламасына сілтеме

10.1.2.1 - әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

Оқу мақсаттары

Оқушылардың барлығы шығармадағы көтерілген мәселелерді біледі, ұлттық мүдде туралы түсінеді

Оқушылардың көбі көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады

Оқушылардың кейбірі көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан терең ашады

Бағалау критерийі

  • көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады

НЗМ құндылық

Топта, жұпта жұмыс жасай білу; өз білімін жетілдіріп отыру;тілге деген құрметін арттыру; өзге елдің мәдениетін құрметтеу

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология::ұлттық мүдде, адамгершілік,рухани мәңгүрттік,адамзат тағдыры, адамзат цивилизациясын шошондыратын, рухани дамуына тосқауыл болатын алапат күш ретінде танытты.т.с.с

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер:

Менің ойымша....; себебі......; Оны мен былай дәлелдеймін..... Қрыта келе,......

Алдыңғы білім

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін оқушылармен бірге талқылау

Сыныпты сөз тіркестері арқылы 4 топқа бөлу.

КЕШЕГІ ӨМІРГЕ КӨЗ САЛУ

ОЙ ТОҚТАТЫП, САРАЛАУ

ҚОҒАМДЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРЫН ТАЛДАУ

АДАМДАР ТАҒДЫРЫ

Әр топ өздерінің тобына тиісті сөз тіркестерін шығармамен байланыстырып, өз пікірлерін айтады

Қызығушылықты ояту:

Әр топқа бір сөйлем беріледі. топта олар сөйлемді аяқтап көреді.Аяқтап болған соң түпнұсқамен салыстырады. Сөйлемдерінен ұлттық мүддені көре алғандығы немесе көре алмағандығы туралы пікірлерін білдіреді.

Ойды аяқтаңыз. Болжам жасаңыз. Сөйлемдегі ойды ұлттық мүддемен байланыстырып айтыңыз.

  • Сарыөзекке тағдыр тəлкегімен келіп, тоғысулары да осы ...( соғыс салған залалдың зардабы.)
  • Өздерінің тағдырлары арқылы лағнет айтқан үш кейіпкердің өмір жолы көптеген қандастарына ...

( ортақ еді.)

  • Əкесі халық жауы деген жалаға нақақ күйіп, елден алыстаған ... (Қазанғаптар), жау қолына түсіп, «тұтқын», кейіннен «тыңшы» деген дауға қалған ... (Əбуталиптер), соғыс салған сарсаңнан қашқан ... (Едігелер) сол жылдары аз ба еді?
  • Сондықтан да олар Ұлы Отан соғысынан кейінгі түсініксіз саясаттың құрбаны болған олар өз кезеңінің ... (жиынтық бейнелері).

Сабақтың ортасы

Мағынаны ажырату

1-топ.

Роман басталғанда көзге түсетін түлкінің бейнеленуі Едігенің қандай оқиғаны еске түсіруіне ықпал етті? Ол жерде қандай мәселе көтеріледі? Бұл мәселені ұлттық мүдде тұрғысынан талдаңыз.

2-топ.

Едіге- ұлттық қасиеті айқын көрінетін айқын тұлға. Кейіпкер бойындағы адамгершілік қасиеттерін ұлттық мүдде тұрғысынан талдаңыз.

3-топ.

Неге Қазанғап - Едіге үшін «асыл адам» символы болып саналды? Қазанғаптың әрекеттерін ұлттық мүдде тұрғысынан талдаңыз.

4-топ.

Сәбитжан Едігемен салыстыруға келмейтін образ. Сәбитжанның бойындағы қасиеттер ұлттық мүддемізге қалай әсер етеді?

Бағалау критерийі:

  • Көтерілген мәселені талдайды
  • Ұлттық мүдде тұрғысынан мәселені ашады

Топаралық бағалау. Дайын критерий бойынша бағалап шығады және топтарға кері байланыстарын береді.

Кері байланыс.

Мықты жағы

Әлсіз жағы

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатер

Т

«Бұрыш» әдісі

Оқушылар сынып бұрыштарына жазылған пікірдің бірін таңдайды, сол бұрышқа барып тұрады. Топтасқан оқушылар таңдаған бұрыштағы пікірге байланысты өз пікірін білдіріп, қорытынды шығарады.

1-бұрыш. Едіге - қазақ халқының дәстүріне сай кішіге аға, үлкенге іні бола білген жан

2-бұрыш. Едіге - отбасының тұтқасы, мейірімді әке

3-бұрыш.Едіге –Қазанғап пен Әбутәліпке айнымас дос, адал көрші бола білген өмірі өнегеге толы жан

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

  • Сізге мақсат түсінікті болды ма?
  • Тапсырманы орындау сізге қиындық тудырды ма? Неге?
  • Сіз бұл мақсатты жетілдіру үшін не істей аласыз?
  • Осы мақсат бойынша тапсырманың қандай болғанын қалайсыз?

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу