Прозадағы көркем ой. Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ.


Тапсырма №3. Берілген үзіндідегі қолданылған көркемдегіш құралды және қандай мақсатта қолданылғанын анықтайды.

Қорықпа, – деді әлдебір қырылдақ дауыс, – барар жерің бәрібір жердің асты... Әмірші айран-асыр. Бұл қалай? Баяғыда тілін кестіріп тастамап па еді? Пышағы жалаңдаған жендеттің қан-қан бір кесек етті көзінше жерге лақтырып тастағаны қайда? Ендеше әлгі жексұрын дауыс қайдан шықты? Әлде оған құдірет қайтадан тіл бітірген бе? Әлде тілін кескеніңмен адамды мылқауға айналдыра алмайтын болғаның ба? Бәлкім, әлгі дауыс мына шебер жігіттің емес, өзінің – Әміршінің даусы шығар? Әміршінің көзі шарасынан шығып барады. Қарсы алдындағы құбыжық соқырдың қан-сөлсіз қаймыжық ерніне бір жымысқы күлкі ілігіпті. Әмірші шегіншектеп шалқалай берді. Оны бір жұтпа батпақ астынан обып барады. Ол, ең болмаса, жан тәсілім алдында тұяқ серпетіндей дәрмен таба алмай тырбанып жатыр...

Сауалдар:

Беілген үзіндіде қандай көркемдегіш құрал мен амалдар қолданылған?

Автордың ол тәсілдерді қолданудағы мақсаты қандай?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу