Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: 4

Пәні: қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.5.1 Шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу

Сабақтың мақсаттары

«Ақбілек» шығармасындағы ұлттық құндылықтарды әлемдік тақырыптармен байланысын табады

Бағалау критерийлері

  • «Ақбілек» шығармасындағы ұлттық құндылықтарды табады;
  • Әлемдік тақырыптармен байланыстырады.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестері:

Роман, сюжет, әйел теңсіздігі, қыз тағдыры, қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар, соғыс зардабы

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің ойымша.....

Ережеге сай...

Тарихи деректерге сүйенсек...

Құндылықтармен байланыс

Жауапкершілік (топтың әр мүшесі өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындауы).

Құрмет (әр оқушының, өзге топтың ойына, пікіріне құрметпен қарауы).

Осыған дейін меңгерілген білім

Шығармадағы кейіпкерлерді салыстырып келу

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды түгелдеу.

Оқушылар назарын сабаққа аударту

ІІ. Қызығушылықты ояту.

https://www.youtube.com/watch?v=HplW8NV3Y5c – Ақбілек романының желісі туралы бейнебаянды көру

«Сұрақ-жауап»

-Романда қандай ұлттық құндылықтар кездеседі?

- Қазақ қызының қандай қасиеттерін байқадыңыз?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Сынып оқушыларын

Жоғарыдағы мақал-мәтелдерді таңдай отыра, сынып 4 топқа бөлінеді.

Сабақтың ортасы

10 мин

10 минут

10 минут

І «Сөйлейтін қабырға» әдісі

Сынып қабырғаларында бірнеше «Ақбілек» шығармасы туралы ой-пікірлер ілінеді. Оқушылар әр пікірді оқи отыра, өз көзқарастарын білдіреді:

  • Ақбілек –білім жолына ұмтылып,азаматтық құқыққа ие болған алғашқы қазақ әйелінің бейнесі.
  • Ақбілек тағдыры – ұлт тағдыры
  • Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.
  • «Дәуір шындығын бейнелейтін шығарма»
  • «Ақбілек әлемі» халқымыздың өткен өмірі мен тарихының, қазақ қызы мен әйелінің тағдыр талайын суреттеген көркем шығарма.

ІІ. Мәтінмен жұмыс.

Әр топқа шығарма үзінділері таратылып, оқушылар құндылықтарды (ұлттық, адами т.б.) тауып, әлемдік тақырыптармен салыстыру керек.Топ оқушылары ортада қорғап, талқылайды.

1 топ:

... Патшамен соғыс ашқанда, ел-жұрт, отанымды қорғауға, біз соғысқа бардық. Отанды біз қорғамасақ, орыс күшті жұрт болмаса, осы надан қазақ күн көре алар ма еді? Орыс сияқты жері мол, қолтығы кең жұрттың кол астына қарағанына казақ тәубе қылу керек кой. Анығында қазақ мемлекетке не пайда келтіріп отыр? Түндік басы жылына тӛрт сом алым тӛлегені болмаса, әскерге ылау азық бергені болмаса, бұларда не шығын бар? Тек қымызын ішіп, қарнын сипап, қатынына карап, борбайын тыр-тыр қасығанды біледі. Патша қазақты каражұмысқа алам дегенде, қандай қорқып, абыржып, қиратылып калды. Қазақ солдаттан ӛлгенше қорқады. Баяғыда, қазақ орысқа қарағанда, қатын патша қазақтан солдат алмаймын деп, колхат беріпті-мыс деп, талшық

кылалы. Тегінде қазақтың солдат болудан корыққаны бізге теріс те емес. Кім біледі, қолына қару берсе, орыс жұртына жау болып кетпесіне кімнің көзі жетеді? Онда ұлы Ресей кемиді, жері, елі азайып қалады. Қазақтың малы, өлі бұйымы басқа елдің пайдасына кетіп калуы мүмкін. Әйтеуір қазақ өз алдына ел болып жатқан жоқ.Ендеше, орысқа бағынуы керек. Орыстан жақын арқа күзеу қыларлық қазаққа күшті жұрт жоқ. Қазақ орысқа жерімді алды деп ӛкпелейтін шығар. Жер қазынанікі ғой. Орыс өсіп жерге сыймай жатса, бос тұрған жерді алмай қайтеді? Қазақта жер көп. Баяғыша кӛшіп-қонып, кең даланы шарлап жүре берем деп ойлайды. Жер жүзінде жалғыз казақ емес, өзге жұрт та бар ғой, оларға да тіршілік керек. Ендеше, артық жеріңді алғанға өкпелеме. Сен де егін сал, қала бол. Сонда бәрімізге де жер жетеді. Мұны казақ ұқпайды-ау

2 топ.

Қалай Бадығұлдың жылқысын бақтым, солай көзім ашыла бастады. Қашағанды жалғыз ұстаймын. Асауды жалғыз үйретемін. Күзетке жалғыз барамын. Боранда жылқы үйретемін. Аязбен, асаумсн, қараңғы ұзақ түнмен, ұрымен, қасқырмен, қауіп қатермен алыспай, адам адам болмайды екен. Желдсн жаралған желге мінеді, адамға желік бітеді екен: жылқы бақтым — күлкі бақтым. Алыс-жақын, қатер — ойыншык болды. Жылқы бақтым — кісі болдым.

Енді мені әйел де менсінетін болды. Енді менің атым да, киімім де түзелді. Кедей жақтың келіншектеріне ет, май беріп, көңіл қостым. Кейде қасқыр жеді қылып жабағы-тайлақ соғым да беріп жүрдім. Жылқы бағып жүріп, қалың беріп, қатын алдым. Бұралқы жылқы қағыстырып, ен-таңбасын бұзып, пайда-пақыршылық қылудың тәсілін де білдім. Қатын алғанда ораза ашарым да болды.

3 топ.

Соны ойлаған кезде ақ торғын маңдайынан екі тік сызық көріне қалады. Апасы есіне түседі де, көзінен екі моншақ домалап кетеді... Жан апасы бұл үшін ӛліп кетті-ау! Тым болмаса бір ауыз тіл қатуға да мұршасын

келтірмеді-ау! Жан апасынан мәнгілік айрылып, басы каралы, жүзі жаралы болып отырып, нс бетімен бай

іздеген? Апасын ӛлтіріп кеткен, өзін тартып әкелген, ауылын шапқан, талаған орыстың тұкымына не ғып өз еркімен көнгені? Ел қайда? Бұл қайда? Әкесі, ауылы не күйде? Ақбілек туралы олар не ойлап жатыр десейші?..

"Сорлы қызымды ӛлтіріп тастады ма, әлдс не қылды?"— деп әкесі не ғып жаны шыдап отыр екен?.. Күйеу келмек еді, түндегі қуған, оққа ұшқан әлде сол емес пе екен? Тірі қалып, құдай жазып, көретін күн болса, күйеуіне не бетімен жолықпақ?.. "Ойпырмай! Мұндай да сорлы, мұндай да масқара болған қазақта әйел бар деймісің? Бұл қорлықты кім кӛрді дейсің? Осының бәріне шыдап, неғып ӛлмей, тірі отыр?.. Түндегі оқ апасына тигенше, бұған тимегенін қарасайшы...

4-топ.

Бір күні Ақбілек пен Ұрқия кӛл жиегіне барып, жуынып отыр еді. Сара бар, Күлікен, Ескендір бар, ауылдың өңшең ұсақ балалары суға шомылып, жиекте жүгіріп, жарысып, ойнап жүр еді. Бала бірін-бірі жылатпай жүре ме, кішкене Күлікенді бір бала жүгіріп келе жатып қағып кетіп, жылатып қойды. Ескендір оны кӛре сала жүгіріп

барып, жыққан баланы кішкене жұдырығымен қойып-қойып жіберді. Анау бала үлкенірек болса да, сасып қалды. Ұрқиядан қорқып, түк қыла алмады. Ескендірдің мына қылығына Ақбілек сүйсініп:

— Ескендір, бері келші, қалқам! Ой, бауыр болғаныңнан айналайын!— деп шақырып алып, бетінен сүйді.

— Жеңеше-ау, осының атын Ескендір деп қайдан қойып жүрсің? Орыстар Александр дейді ғой,— деп сұрады.

Ұрқия баяғыда түсінде Ескендір дуана балапан ұстап бергенін есіне салып:

— Ескендір дуананы ырым ғып атын Ескендір қойып едім,— деді.

Соны айтқанда, Ақбілек көзі дӛңгеленіп, аз ойланып қалды да:

— Жеңеше-ау! Осы Ескендір мен сияқты емес пе?— деді.

Үрқия күліп жіберді.

— Сен сияқты болса, сенен туған шығар!— деді.

— Рас айтасың ба, жеңеше?— деген соң, Ұрқия шынын айтты. Ішіне үрген қарын тығып, өтірік буаз болғанын, Ақбілектің баласын бауырына салғанын бәрін, сыр қылды.

Ақбілек қуанып кетті.

— Ескендір, бері келші!— деп тағы шақырып алып:— Құлыным-ау!— деп бауырына қысып, құшырланып тағы

сүйді.— өлтіретін бала емес екен-ау! Жақсы қыпсың ғой, жеңеше!— деп Ұрқияны сүйді. Аналық сезім Ақбілектің жүрегін қорғасындай балқытты.

— Мен кісі қанын жүктедім бе деп жүруші ем. Жеңешетай-ай! Мен шын бақытты екем ғой! Оқуға жараған соң

өзіме бересің ғой?— деді.

—Берейін,— деді Үрқия

Кері байланыс, өзара бағалау жүргізіледі.

Бағалау дескрипторлары

«Ақбілек» шығармасындағы ұлттық құндылықтарды табады;

Әлемдік тақырыптармен байланыстырады.

ІІІ. «Ақбілек тағдыры- ұлт тағдыры» тақырыбында ауызша монолог дайындау.

Өзара бағалау жүргізіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=mCxtmrAzNXI –Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

5 саусақ « өте жақсы» , «орташа», «нашар»

Бас бармақ(жоғары)-сабақ ұнады, түсіндім;

Бас бармақ (жартылай төмен)-орташа ,сұрағым бар;

Бас бармақ (төмен)-ұнамады, түсініксіз болды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

БағалауОқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу