Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Прозадағы көркем ой

Мектеп:

Мерзім:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 ҚГБ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы

Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.1 Әдеби сын

 Сабақ мақсаты

10.3.4.1 - шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

 Бағалау критерийі

«Ақбілек» романын мазмұндас шығармалармен салыстырып, әдеби сын жазу

 Тілдік мақсаттар

 

Сөздер мен сөз тіркестер: табиғат, оқыс оқиға, тағдыр, ақтар, қара мұрт, көріксіз

Пән лексикасы және терминология: әдеби сын, идея

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша....,

мен оны былай түсіндіремін.....,

себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,

мәселенің шешу жолдарын ұсынар болсам,....,

қорыта келе,.......

 Құндылықтар

адамгершілік

 Пәнаралық байланыс

тарих, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы

Сабақ барысы

Жоспарлан ған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

8-9

Қызығушылықты ояту

«Менің есімде...» тапсырмасы

1. Жүсіпбек Аймауытов кім?

2. Мағжан, Ахмет, Сәкен, Міржақыптар кім?

3. Олардың қызметінің қай жағы басым?

4. «Ақбілек» романының жазылу тарихы, жариялымы?

5. «Ақбілек» романы қандай үлгіде жазылған?

6. Натурализм деген не?

7. Ол адам өмірін неден өткізеді?

Сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылайды.

Натурализм үлгісінде жазылған, психологиялық роман.

Өмір мен өлім тартысы. Психологиялық параллелизм

Адам өмірін сынақтан, эксперименттен өткізеді.

Сабақтың ортасы

10-18

19-31

32-35

1-тапсырма. ЖЖ. «Зерделе» әдісі

Оқушылар жұпта «Ақбілек» романы бойынша үзінділермен жұмыс жасап, сұрақтарды талқылайды.

1-жұп.

Ақбілек ақтардың қолында. Ақбілекке таласып, қатардағы солдат пен қарамұрт офицер дуэлге шығып, жас жігіт мерт болады. Ақбілектің денесі түршігіп кетті. Романда бірінші өлімнің денесі суымай жатып, екінші өлімге кездестік. Қарамұрт офицер 14 жастағы Ақбілектің өміріне дақ түсірді. Ақбілектің өміріне кінәлі заман ба әлде адам ба?

2-жұп.

Ақбілек тауда жалғыз. Қою қараңғылық, түн, су арқырап ағып жатыр, жел гуілдеп тұр. Бір кезде ұлыған қасқырлар даусы естіледі. Олар бірте – бірте жақындап, Ақбілекті қоршап алды. Жазушының оқиғаның қасқырмен байланыстыруының себебі неде?

3-жұп.

Ақбілекті озбырлардың, қатыгездердің тобы қоршап алды. Сол топпен Ақбілек жалғыз күресуде. Ақбілекті олар талап жеп қоюы мүмкін. Ақбілек кенет аяқ астынан жылт еткен шоқты көрді. Жазушы жылт еткен шоқты ненің символы ретінде ретінде қолданған? Ол Ақбілектің өмірін өзгертуге қалай әсер етті?

4-жұп.

Ақбілекті ағасы ауылға алып бара жатыр. Ақбілек мұңайып келеді. Ақбілектің басындағы бұлт енді қоюлана түсті.

Бұрынғы кіршіксіз аппақ кеудесіне қара құзғын ұя салып кеткен тәрізді. Осы арам денеммен, арам аузыммен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындаймын? Ол неге өлім тілеп, өлім шақырып келе жатыр? Қуану керек емес пе? Жазушы қазақ қыздарының ар – ұжданы туралы не айтқысы келді? Өмірмен байланыстыра жауап беріңіз.

2-тапсырма. Т/С. «Салыстыру» әдісі

Оқушыларға С.Көбеевтің «Қалың мал» романынан үзінділер Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романымен салыстыра талдау үшін оқуға ұсынылады.

  • Суреттерге қарап, екі шығармадағы оқиғаның дамуына жетелеген қайшылықтарды табады.

  • Екі шығарманы салыстыра отырып, талдайды.

Шығарма

Тапсырма

«Ақбілек»

«Қалың мал»

Тақырыбы, автор идеясы

Шығарманың мақсаты

Кейіпкерлер мінездемесі

Бойжеткендер тағдыры

Оқиғалар шиеленісі

Оқиғаның аяқталуы

  • Ж.Аймауытов пен С.Көбеев шығармаларындағы кейіпкерлердің қабылдаған шешімі мен жазушының көзқарастарын салыстырып, әдеби сын жазады.

Өздік бағалау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

«Ақбілек» романын мазмұндас шығармалармен салыстырып, әдеби сын жазу

«Ақбілек» романы бойынша үзінділермен жұмыс жасайды

сұрақтарды талқылап жауап береді

С.Көбеевтің «Қалың мал» романынан үзіділерді «Ақбілек» романымен салыстыру үшін оқиды

суреттерден екі шығармадағы оқиғаның дамуына жетелеген қайшылықтарды табады

шығармалардың тақырыбы мен идеясын салыстырады

шығарма мақсатын анықтайды

кейіпкерлерге мінездеме береді

кейіпкерлердің тағдырын салыстырады

Оқиғалардың шиеленіскен тұстарын салыстырады

Оқиғалардың аяталуындағы үндестікті табады

кейіпкерлердің қабылдаған шешімін салыстырады

жазушылардың көзқарастарын салыстырып, әдеби сын жазады

презентация

https://kitap.kz/books/qalyng_mal

С.Көбеев «Қалың мал»

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия

Үй тапсырмасы

  • Ж.Аймауытов «Ақбілек» романын оқу;
  • Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы мен шығармашылығының зерттелуіне қатысты жұмыстармен танысу.

Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз?

Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?

Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу