Медеу Сәрсеке «Дара дарын». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді «Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақтың Қанышы | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Медеу Сәрсеке «Дара дарын» | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Т/Ж 10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану. | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Шығармадан алынған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда орынды қолдану | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Топтық жұмыс барысында бір-бірінің пікірін бағалауға, бір-бірін тыңдап, өзіндік ойын қосуға үйрету | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Аудио, видео құрылғылар | |||||||||||
Бастапқы білім | Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 4 мин | Ұйымдастыру кезеңі: Сабақ тақырыбы, ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. Топқа бөлу: Берілген сөйлемдердегі сөздерді құрастыру арқылы 4 топқа бөлінеді: 1-топ: Ұлтымыздың кемеңгер перзенті Қаныш Сәтбаевтың ғұмыр жолын айшықтауға Медеу Сәрсеке қырық жылдан астам уақытын сарп етті. 2-топ: Біртуар ғалымның жарқын бейнесін тартымды Һәм тұрлаулы еңбегімен қазақ қауымына танытқан қаламгер. 3-топ: Мемлекеттік түрлі қоймаларда құпияда ұсталған көптеген мұрағаттарды әжетіне жаратқан жазушы өз еңбегінде ұлы ғалымның замандастары мен туыстарының, үй-ішінің жүрекжарды әңгімелерін, хаттар мен естеліктерін, геологиялық-ғылыми құжаттарды пайдаланды. 4-топ: Қаныш Имантайұлы өмірінің бел-белестерін бүкпесіз ашып, ұлағатты, ерлікке толы істерін саралап та, даралап та ұлықтайды. | |||||||||||
Сабақтың ортасы 15 мин 15 мин 3 мин | 1-тапсырма. ЖИГСО әдісі. ТЖ 1-бөлім: «Баянаула аясында». «Биге шықты дөңгелеп» тақырыбынан әр топқа үзінді таратылады. Әр топ өздеріне берілген үзіндімен танысып, ЖИГСО әдісі бойынша басқа топтарға барып түсіндіреді, өз тобына келіп талқылайды. Дескрипторлар:
2-тапсырма. Ж Әр топ өздеріне берілген үзіндіні әрі қарай жалғастырып «Қазақтың Қанышы» тақырыбында әңгіме жазады. 1-топ: Қанышқа осының бәрі қызық, бәрі таң: алыстан ілезде хабар алып, қасында отырғандай тілдестіретін телеграф үйі де; соның күні-түні ызыңдап ән салып тұратын, ұшар басына сым ілінген бағандары да; қара қошқыл түтіні шүйкедей шұбатылып, Ертiс айдынында қаздай қалқып кетiп бара жатқан иә Төмен, Омбы жақтан келе жатқан ақ шағала тәрiздi кемелер де; тiптi анау соқа, шөп шабатын машинаны жөндейтiн ұста дүкендерi мен бумен жүретiн тас диiрмендер де... 2-топ: Мүйістің кітап қоры көп емес, бірақ Қаныш үшін жарап жатыр. Ағасының есеп карточкасымен алатын ұзын тізбеге көп ұзамай жаңа авторлар қосылды: Толстой, Максимов, Сервантес, Жюль Верн... Ауылда жүргенде қолына түскен кітапқа мәз еді, қазір таңдап, талғап, авторларына қарап алады. Сірә, әдеби шығармаларды көп оқудың әсері шығар, екінші жылдан бастап Қаныштың мазмұндамалары училищенің үлгі тақтасынан түспейтін болды: жазу үлгісі аса көркем емес, ал тақырыпты сипаттап, орыс тілінде қатесіз, еркін жазуы жөнінен училищеде онымен теңесер шәкірт некен-саяқ... 3-топ: Өзі оқытатын жаратылыстану пәнін Алексеев шәкірттеріне ұғынықты, мейлінше ұтымды жолмен жеткізуге тырысады: Ертістің шалқар жағасын кезеді; жағалауда шоқтанып өскен тоғай ішінен гербарий жинатады; Павлодар мещандары әжуа етіп күле қарайтын әуесқой астроном Гришка-кезбенің шатырына ертіп апарып, жұлдыздар жымыңдаған аспан әлеміне телескоптан сығалатады; жүрген жерінен түрлі түсті тас жинату да – Николай Ермиловичтің ойлап тапқан ермегі; солардың әншейін тас емес, ғылымға пайдасы зор қымбат зат екенін, минерал аталатынын да шәкірттер тұңғыш рет сол кісіден естіген; соның бәрінен де, сірә, ең әсерлісі – қала іргесіндегі Коряков тұз кәсіпшілігіне саяхат болса керек... 4-топ: ...Осылайша жебедей зымырап үш жыл өте шықты. Он екі жасында Керекуге келген шәкірт бала он беске толды. Бойы ғана емес, ойы да өскен. Үлкендермен жайланып отырып әңгіме шертеді. Сауық құрған мәжілістерде скрипка иә домбыра тартып, ән де шырқап жібереді. Оқыған кітабының оқиғасын майын тамыза әңгімелеп, қайыра айтып беруі қандай?! Сөз саптауы салмақты, жүріс-тұрысында мол парасат бар. Ауылда жүргенде Нұрым апасы өбектеп, жылы болады деп кигізіп қоятын түйе жүн күпісі мен сеңсең тымағын, саптама етігін баяғыда тастаған. Қазір ол қалаша киінеді, қайырма жағалы, жез түймелері жарқыраған қара пальто, шәкірттер аса ұнататын сәнді китель, аяғында қисық табан қызыл етік, бұтында галифе шалбар, шекпелі кең көйлектің сыртынан жібек белбеу буынады, басында мақпал қара бөрік. Қатпа денесі де ширап, бойы ұзара түскен, шаш қояды. Шашы бір түрлі әдемі, толқынданып тұрады. Дескрипторлар:
Бағалау Әр тапсырманы орындағаннан кейін бір-бірін дескрипторлар бойынша бағалайды. | http://emirb.org/serseke-m-shifarmalari.html?page=4
| ||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Кері байланыс: «Мадақтау сэндвичі» 1-бөлік: Позитивті комментарий, не ұнады; 2-бөлік: Сындарлы сын, нені жақсарту керек; 3-бөлік: Келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы... | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?