Медеу Сәрсеке «Дара дарын». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.


Медеу Сәрсеке «Дара дарын»

1-топ: Ұлтымыздың кемеңгер перзенті Қаныш Сәтбаевтың ғұмыр жолын айшықтауға Медеу Сәрсеке қырық жылдан астам уақытын сарп етті. 2-топ: Біртуар ғалымның жарқын бейнесін тартымды Һәм тұрлаулы еңбегімен қазақ қауымына танытқан қаламгер.

3-топ: Мемлекеттік түрлі қоймаларда құпияда ұсталған көптеген мұрағаттарды әжетіне жаратқан жазушы өз еңбегінде ұлы ғалымның замандастары мен туыстарының, үй-ішінің жүрекжарды әңгімелерін, хаттар мен естеліктерін, геологиялық-ғылыми құжаттарды пайдаланды.

4-топ: Қаныш Имантайұлы өмірінің бел-белестерін бүкпесіз ашып, ұлағатты, ерлікке толы істерін саралап та, даралап та ұлықтайды.

1-тапсырма. ЖИГСО әдісі. ТЖ

1-бөлім: «Баянаула аясында». «Биге шықты дөңгелеп» тақырыбынан әр топқа үзінді таратылады. Әр топ өздеріне берілген үзіндімен танысып, ЖИГСО әдісі бойынша басқа топтарға барып түсіндіреді, өз тобына келіп талқылайды.

Дескрипторлар:

Мәтін мазмұнын түсінеді;

Негізгі, детальді ақпараттарды анықтайды;

Еркін баяндай алады.

2-тапсырма. Ж

Әр топ өздеріне берілген үзіндіні әрі қарай жалғастырып «Қазақтың Қанышы» тақырыбында әңгіме жазады.

Дескрипторлар:

Берілген үзіндіні орынды қолданады;

Ойды жалғастырып жаза алады;

Жазылымда бірізділікті сақтайды.

Бағалау

Әр тапсырманы орындағаннан кейін бір-бірін дескрипторлар бойынша бағалайды.

Кері байланыс: «Мадақтау сэндвичі»

1-бөлік: Позитивті комментарий, не ұнады;

2-бөлік: Сындарлы сын, нені жақсарту керек;

3-бөлік: Келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу