Медеу Сәрсеке «Дара дарын». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, қосымша материал.
Оқу мақсаты:
10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.
Дескрипторлар:
- Берілген үзіндіні орынды қолданады;
- Ойды жалғастырып жаза алады;
- Жазылымда бірізділікті сақтайды.
2-тапсырма. Ж
Әр топ өздеріне берілген үзіндіні әрі қарай жалғастырып «Қазақтың Қанышы» тақырыбында әңгіме жазады.
1-топ: Қанышқа осының бәрі қызық, бәрі таң: алыстан ілезде хабар алып, қасында отырғандай тілдестіретін телеграф үйі де; соның күні-түні ызыңдап ән салып тұратын, ұшар басына сым ілінген бағандары да; қара қошқыл түтіні шүйкедей шұбатылып, Ертiс айдынында қаздай қалқып кетiп бара жатқан иә Төмен, Омбы жақтан келе жатқан ақ шағала тәрiздi кемелер де; тiптi анау соқа, шөп шабатын машинаны жөндейтiн ұста дүкендерi мен бумен жүретiн тас диiрмендер де...
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оқу мақсаты:
10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.
Дескрипторлар:
- Берілген үзіндіні орынды қолданады;
- Ойды жалғастырып жаза алады;
- Жазылымда бірізділікті сақтайды.
2-тапсырма. Ж
Әр топ өздеріне берілген үзіндіні әрі қарай жалғастырып «Қазақтың Қанышы» тақырыбында әңгіме жазады.
2-топ: Мүйістің кітап қоры көп емес, бірақ Қаныш үшін жарап жатыр. Ағасының есеп карточкасымен алатын ұзын тізбеге көп ұзамай жаңа авторлар қосылды: Толстой, Максимов, Сервантес, Жюль Верн... Ауылда жүргенде қолына түскен кітапқа мәз еді, қазір таңдап, талғап, авторларына қарап алады. Сірә, әдеби шығармаларды көп оқудың әсері шығар, екінші жылдан бастап Қаныштың мазмұндамалары училищенің үлгі тақтасынан түспейтін болды: жазу үлгісі аса көркем емес, ал тақырыпты сипаттап, орыс тілінде қатесіз, еркін жазуы жөнінен училищеде онымен теңесер шәкірт некен-саяқ...
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оқу мақсаты:
10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.
Дескрипторлар:
- Берілген үзіндіні орынды қолданады;
- Ойды жалғастырып жаза алады;
- Жазылымда бірізділікті сақтайды.
2-тапсырма. Ж
Әр топ өздеріне берілген үзіндіні әрі қарай жалғастырып «Қазақтың Қанышы» тақырыбында әңгіме жазады.
3-топ: Өзі оқытатын жаратылыстану пәнін Алексеев шәкірттеріне ұғынықты, мейлінше ұтымды жолмен жеткізуге тырысады: Ертістің шалқар жағасын кезеді; жағалауда шоқтанып өскен тоғай ішінен гербарий жинатады; Павлодар мещандары әжуа етіп күле қарайтын әуесқой астроном Гришка-кезбенің шатырына ертіп апарып, жұлдыздар жымыңдаған аспан әлеміне телескоптан сығалатады; жүрген жерінен түрлі түсті тас жинату да – Николай Ермиловичтің ойлап тапқан ермегі; солардың әншейін тас емес, ғылымға пайдасы зор қымбат зат екенін, минерал аталатынын да шәкірттер тұңғыш рет сол кісіден естіген; соның бәрінен де, сірә, ең әсерлісі – қала іргесіндегі Коряков тұз кәсіпшілігіне саяхат болса керек...
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оқу мақсаты:
10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.
Дескрипторлар:
- Берілген үзіндіні орынды қолданады;
- Ойды жалғастырып жаза алады;
- Жазылымда бірізділікті сақтайды.
2-тапсырма. Ж
Әр топ өздеріне берілген үзіндіні әрі қарай жалғастырып «Қазақтың Қанышы» тақырыбында әңгіме жазады.
4-топ: ...Осылайша жебедей зымырап үш жыл өте шықты. Он екі жасында Керекуге келген шәкірт бала он беске толды. Бойы ғана емес, ойы да өскен. Үлкендермен жайланып отырып әңгіме шертеді. Сауық құрған мәжілістерде скрипка иә домбыра тартып, ән де шырқап жібереді. Оқыған кітабының оқиғасын майын тамыза әңгімелеп, қайыра айтып беруі қандай?! Сөз саптауы салмақты, жүріс-тұрысында мол парасат бар. Ауылда жүргенде Нұрым апасы өбектеп, жылы болады деп кигізіп қоятын түйе жүн күпісі мен сеңсең тымағын, саптама етігін баяғыда тастаған. Қазір ол қалаша киінеді, қайырма жағалы, жез түймелері жарқыраған қара пальто, шәкірттер аса ұнататын сәнді китель, аяғында қисық табан қызыл етік, бұтында галифе шалбар, шекпелі кең көйлектің сыртынан жібек белбеу буынады, басында мақпал қара бөрік. Қатпа денесі де ширап, бойы ұзара түскен, шаш қояды. Шашы бір түрлі әдемі, толқынданып тұрады.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?