«Ескендір» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Сабақ: 1

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Омирбекова Динара Шабденовна

Сыныбы: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Оқыту мақсатына сілтеме

«Ескендір» поэмасы

10.1.1.1 - әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;

 Сабақ мақсаты:

Барлығы: Шығарма мазмұнын терең түсініп, композициялық құрылымына талдау жасайды;

Көпшілігі: Шығарма мазмұнын терең түсініп, композициялық құрылымына талдау жасайды. Шығарма идеясын анықтайды;

Кейбірі: Шығарма мазмұнын терең түсініп, композициялық құрылымына талдау жасайды. Шығарма идеясын анықтап, қазіргі өмірмен байланыстырады;

 Бағалау критерийі

Шығарма мазмұнын терең түсініп, композициялық құрылымына талдау жасайды

 дескриптор

  • Шығарма мазмұнына болжам жасайды
  • Кем дегенде 7 сөзді мағынасымен дұрыс сәйкестендіреді
  • Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасайды
  • Шығарма композициясы арқылы шығарма идеясын анықтап, 4 символ арқылы ұсынады

 Құндылықтарды игерту

Имандылық, ісіне әрекеттеріне деген жауапкершілік, ұлттық құндылықтар

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану дағдылары:

Таныстырылыммен танысады.

 Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер:

Cегіз аяқ, адам кемшілігі, тіл,сөз құдыреті

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

Абай Құнанбаевтің «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

33 минут

Қызығушылықты ояту.

«Бес қадам»

1. Абай айтқан 5 кемшілікті ата.

2. Абай өлеңдерінде көрініс табатын 5 құндылықты атаңыз.

3.Абай өміріне қатысты 5 мәлімет ата.

4. Абайдың 5 туындысын ата.

Топқа бөлу

\

Оқушылар суреттерді шығарма мазмұнымен байланыстырады. Әр топ өзінің суретінің мағынасын шығарма мазмұнымен байланыстыруға тырысады. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауы бағаланады.

№ 2 таныстырылым

Дидактика №1

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі, талқыланады.

«Миға шабуыл»

Оқушыларға төмендегі сұрақтар ұсынылады.

Суреттерді қалай байланыстыруға болады?

Бұл суреттерді Абайдың қай шығармасы көрсетілген?

Бұл шығарманың идеясы қандай?

Тапсырма 1

Сәйксетендіру (сөздікпен жұмыс)

Оқушылар жұпта ақылдаса отырып, сөздерді мағынасымен сәйкестендіреді. Жұмыстарын топта тексереді.

Антұрған

Ақымақ, надан

Бодам

Біреудің қол астында болу; кіре берістегі үй

Ғибрат

Тәлім-тәрбиелік, өнегесі бар нақыл

Даңғой

Есер, мақтаншақ

Жарақтану

Қарулану, дайындалу

Жеміт

Қанағатсыз, тойымсыз

Сандалу

Жоқтан өзгені айтып бос сөйлеу; қаңғу, тентіреу

Шат

Мәз-мәйрам, мәре-сәре, шадыман; бытыстыру, шатастыру

Шаужай

Аттың шылбыры мен тізгінінің түйіскен тұсы; алдын орау, кес-кестеу

Тапсырма 2. 5+4 мнут

«Пазл»

Оқушылар мәтін мазұнымен танысады. Топта ақылдаса отырып, 4 оқушы шығарманы өзара бөліп алып, шығарманы оқып шығады. Әр оқушы шығарма мазмұнын 1 минуттуан айтып шығады.

1-оқушы:

2-оқушы:

3-оқушы:

4-оқушы:

5-оқушы:

Тапсырма 3

Топ мүшелері бір-бірімен ақылдаса отырып, Ескендір поэмасының композициялық құрылымына талдау жасайды. Оқушыларға А3 парағы таратылады. Тапсырманы топпен бірге орындайды. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өздерінің жұмысын тақтадағы дұрыс нұсқамен тексеріп, қажет болса, түзетулер енгізеді.

1. Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы. 2. Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім - талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі. 3. Шиеленісуі. Алтын қорған. «Бұл – Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый. 4. Шарықтау шегі. Алғаш сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек. 5. Шешімі. Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда. 

Кері байланыс

  • Тапсырманы орындауда қандай қиындықтар болды?
  • Тапсырма қаншалықты дұрыс орындалды?
  • Тапсырманың сәтті орындалуына топ мүшелері қандай үлес қосты?

Тапсырма 4

Оқушылар шығарманың негізгі идеясын 4 символ арқылы ұсынып, постер әзірлейді. Тапсырма топтық деңгейде жүзеге асады. Тапсырманы орындап болған әр топ, өзінің жұмысын қысқаша қорғайды.

Бағалау

Әр топ өздерінің жұмыстарын рубрикатор арқылы бағалап, пікірлерін білдіреді.

Дескриптор

Рубрикатор

Жоғары

Шығарма мазмұнына болжам жасайды

Кем дегенде 7 сөзді мағынасымен дұрыс сәйкестендіреді

Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасайды

Шығарма композициясы арқылы шығарма идеясын анықтап, 4 символ арқылы ұсынады

Дидактика №2

Рефлексия

2 мин

«Блоб» ағашы

Сабақтың басында ағаштың қай жерінде болдым?

Сабақтың ортасында ағаштың қай жеріне көтерілдім/түстім?

Сабақтың соңында ағашатың қай жерінде болдым?

Үйге тапсырма

«Сегіз аяқ» өлеңінен 6 шумақ жаттап келу

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу