«Ескендір» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Сабақ: 3

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Омирбекова Динара Шабденовна

Сыныбы: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Оқыту мақсатына сілтеме

«Ескендір» поэмасы

10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау;

 Сабақ мақсаты:

Барлығы: Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды;

Көпшілігі: Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтап, түрлерін ажыратады;

Кейбірі: Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтап, түрлерін ажыратып дәлелдейді;

 Бағалау критерийі

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтап, қолданылу мақсатына талдау жасайды

 дескриптор

  • Шығармадан метафора, эпитет, теңеу, гипербола, антитеза түрлерін анықтайды;
  • Көркемдегіш құралдардың қолданылу мақсатын талдап жазады;
  • Жұптық талдаудан соң, 4 толықтыру енгізеді;
  • Топтық талдаудан соң 4 толықтыру енгізеді;
  • Жетілдірілген жұмысын 9 жұпқа түсіндіреді.

 Құндылықтарды игерту

Имандылық, ісіне әрекеттеріне деген жауапкершілік, ұлттық құндылықтар

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану

Таныстырылыммен танысады

 Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер:

Cегіз аяқ, адам кемшілігі, тіл,сөз құдыреті

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

Абай Құнанбаевтің «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

6 минут

Қызығушылықты ояту.

«Теріс орындық»

Тақтаның алдына теріс қаратып орындық қойылады, сыныптан бір оқушы орындыққа отырып тақтадағы суретті оқушылардың көмегімен анықтау керек. Оқушылар суреттегі заттың өзінің атауын атамай тұспалдап түсіндіреді.

Ұсынылатын сөздер: Македония, Филипп патша, Ескендір Зұлқарнайын, Аристотель, Абай, шапқыншылық, бас сүйегі, таразы, қақпа, құм.

№ 2-11 таныстырылым

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі, талқыланады.

«Миға шабуыл» Тапсырма 1.

  • Көркемдегіш құралдардың қандай түрлері бар?
  • Троп пен Фигура деген не ?
  • Көркемдегіш құралдардың қолданылу мақсаты қандай?

Оқушыларға дидактикалық материалдар таратылады, оқушылар ақпаратпен танысып, жұпта талдайды.

Дидактика №1

Метафора – ауыстыру. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.

  • “Қолына алып шашақты сан мың найза, Жауынгер күн келеді жалаулатып”
  • “Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін?” (М.Мақатаев).

Метонимия ауыстыру, қайтадан атау. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету.

Синекдоха метонимияға жақын, өйткені синекдоха да екі ұғымның іргелестігі арқылы жасалады. Мұның метонимиядан айырмасы мынада: метонимияда сандық айырмашылық болмайды; ал синекдохада сандық айырмашылық болады. Егер сан жағынан айырма болмаса, синекдоха болмайды. Синекдохада бір ұғымды екінші ұғымға ауыстырғанда: бірі — үлкен, екіншісі — кіші; бірі — жалпы, екіншісі — жалқы; бірі — бүтін, екіншісі — бөлшек болуы қажет. Әрине, үлкені — кішінің орнына қолданылғанда, мағынасы тараяды да, кішісі — үлкенінің, орнына қолданылса, мағынасы зораяды, кеңиді. Мысалы, Жүз бас қой, Жиырма тұяқ мал, Көп қол жұмысты өндіріп жібереді т. б

Әсірелеу , гипербола (грек, hyperbole - күшейту) - әдебиеттегі көркемдеу тәсілдерінің бірі, әр түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра суреттеу тәсілі. Әсірелеу - әдеби тілдің көркемдігін ғана емес, бейнелілігін, әсерлілігін арттырын, құбылтудың бір түрі. Көне эпостык жырларда, фольклорлық туындыларда жиі кездеседі. Мысалы:

"Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар" (мақал),

"Астындағы бурылдың, Жоғарғы ерні көк тіреп, Төменгі ерні жер тіреп..."

("Қобыланды батыр"). Әсірелеу ақын-жыршылар шығармаларында да жиі қолданылған.

Теңеу (орысша сравнение) – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. Оның жасалу жолдары: -дай, -дей жұрнақтары арқылы, «секілді, сияқты» деген шылаулармен, «ұқсап, құсап» деген сөздер арқылы жасалады. Ақберен Елгезектің «Кешкі ода» атты өлеңінің мына шумағы тұтастай теңеуге құралған.

Қыр мұрының – таулардың сілеміндей,

Нұр-ғұмырың – баулардың тілегіндей.

Қарашы әне, майысқан аппақ гүлді,

Дәл өзіңнің нәп-нәзік білегіндей!Литота (немесе кішірейту — заттың не құбылыстың қасиетін кішірейте суреттейтін көркемдік құрал. Батырлар жырларында, өтірік өлеңдерде литота жиі қолданылған. Мысалы, "От орнындай тұяқтан, оймақтайы қалыпты" ("Ер Тарғын"). Литотаның мақсаты - тосын әсер туғызу. Мысалы, "Қайныма қарға мініп ұрын бардым" (өтірік өлең). Қазіргі қазақ әдебиетінде литота өтірік өлең айтысында қолданылып жүр.[1]

Эпитет немесе айқындау (грекше epitheton – қосымша) – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитет прозада да, поэзияда да кездеседі.

Теңеу – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. Оның жасалу жолдары: -дай, -дей жұрнақтары арқылы, «секілді, сияқты» деген шылаулармен, «ұқсап, құсап» деген сөздер арқылы жасалады. Ақберен Елгезектің «Кешкі ода» атты өлеңінің мына шумағы тұтастай теңеуге құралған.

Қыр мұрының – таулардың сілеміндей,

Нұр-ғұмырың – баулардың тілегіндей.

Қарашы әне, майысқан аппақ гүлді,

Дәл өзіңнің нәп-нәзік білегіндей!Фигура

1)арнау, 2) қайталау, 3) шендестіру (антитеза) 4)дамыту, 5) инверсия 6) элепсис.

Белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта-қайта айтуды қайталау деп атайды.

Кері байланыс

Тапсырманың қандай пайдасы болды?

Маған әлі де не түсініксіз?

Қай жұптың пікірі ұнады?

Тапсырма 1.

Әр оқушы шығарманы қолдана отырып, шығармадағы көркемдегіш құралдардың түрлеріне талдау жасайды

Көркемдегіш құрал

Шығармадан үзінді

Қолданылу мақсаты

Тапсырма 2.

Тапсрыманы орындап болған соң, оқушылар жұптық деңгейде талдау жүргізіп, өздерінің жұмыстарына кем дегенде 4 толықтыру енгізеді.

Тапсырма 3.

Оқушылар жұмыстарын топтық деңгейде талдап, кем дегенде 4 толықтыру енгізеді.

Тапсырма 4.

Оқушылар жетілдірілген жұмысын өзге 9 жұпқа түсіндіреді.

Кері байланыс

  • Тапсырманы орындауда қандай қиындықтар болды?
  • Тапсырма қаншалықты дұрыс орындалды?
  • Тапсырманың сәтті орындалуына топ мүшелері қандай үлес қосты?

Бағалау

Әр жұп өздерінің жұмыстарын рубрикатор арқылы бағалап, пікірлерін білдіреді.

Дескриптор

Рубрикатор

Ж

Шығармадан метафора, эпитет, теңеу, гипербола, антитеза түрлерін анықтайды;

Көркемдегіш құралдардың қолданылу мақсатын талдап жазады;

Жұптық талдаудан соң, 4 толықтыру енгізеді;

Топтық талдаудан соң 4 толықтыру енгізеді;

Жетілдірілген жұмысын 9 жұпқа түсіндіреді.

№ 13 таныстырылым

Дидактика №1

№ 14 таныстырылым

№ 15 таныстырылым

ҚБ

№ 16 таныстырылым

Дидактика №2

Рефлексия

2 мин

«Блоб» ағашы

Сабақтың басында ағаштың қай жерінде болдым?

Сабақтың ортасында ағаштың қай жеріне көтерілдім/түстім?

Сабақтың соңында ағашатың қай жерінде болдым?

Үйге тапсырма

«Сегіз аяқ» өлеңінен 6 шумақ жаттап келу

№ 17 таныстырылым

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу