«Ескендір» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Сабақ: 1

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Омирбекова Динара Шабденовна

Сыныбы: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Оқыту мақсатына сілтеме

«Ескендір» поэмасы

«10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

 Сабақ мақсаты:

Барлығы: Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесіне талдау жасайды;

Көпшілігі: Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесіне жүйелі талдау жасап, образын анықтайды;

Кейбірі: Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесіне жүйелі талдау жасап, образын анықтайды. Өзге оқушыларға қолдау көрсетеді;

 Бағалау критерийі

Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесіне талдау жасайды

 дескриптор

  • Кейіпкер бойындағы ең маңызды мінез-құлықтың көрініс табу себептерін талдайды;
  • Кейіпкер шешімі мен автор пікіріне қатысты пікір білдіреді;
  • Кейіпкер төңірегіндегі мәселелерді талдап, маңызды сюжеттерін ұсынады;
  • Кейіпкер образына талдап, көркемдегіш құралдарды қолданудағы автор мақсатына талдау жасайды;
  • Кейіпкерге қатысты сюжетке өзгеріс енгізеді;
  • Заман , қоғам көрінісінің кейіпкерге кері әсерін талдайды;
  • Кейіпкердің басқа кейіпкерге әсер еткен маңызды әрекетінің себеп -салдарын талдап, өзіндік пікір білдіреді;

 Құндылықтарды игерту

Имандылық, ісіне әрекеттеріне деген жауапкершілік, ұлттық құндылықтар

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану

Таныстырылыммен танысады

 Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер:

Cегіз аяқ, адам кемшілігі, тіл,сөз құдыреті

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

Абай Құнанбаевтің «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

3 минут

Қызығушылықты ояту.

«Бес қадам»

1. Ескендір мінезіне қатысты 5 түрлі сипаттама айтыңыз.

2. Аристотельге қатысты 5 түрлі сипаттама ұсыныңыз.

3. Шығарма мазмұнына қатысты 5 ақпарат айтыңыз.

4. Шығарма идеясына қатысты 5 түрлі пікір айтыңыз.

Топқа бөлу.

Оқушылар 1,2,3,4,5 сандары арқылы 5 топқа бөлінеді.

№ 4 таныстырылым

Дидактика №1

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі, талқыланады.

«Миға шабуыл» Тапсырма 1.

Топтағы оқушылар ақылдаса отырып, төмендегі сұрақтарды талдай отырып, ақпаратты постер немесе ментальді карта әзірлейді. Оқушыларға ақпаратты мәтіндер таратылады. Оқушылар жұмыстарын түзетіп, толықтырады.

  • Көркем шығармадағы образдар жүйесін қалай анықтауға болады?
  • Образдар неше түрге бөлінеді?
  • Шығармадағы образдарды жинақтаудағы автордың мақсаты қандай?

Дидактика №2

Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторы бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ.

Романтикалық образ – әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі романтикалық образдың негізінде қиял жатады. Романтикалық образ өмірдегі болған немесе бар деректерден гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді. Сонау Желаяқ пен Көрегеннен, Саққұлақ пен Таусоғардан бастап Алдар Көсе мен Асан қайғыға дейін, романтикалық образдың небір ғажайып үлгілерін көруге болады..

Реалистік образ – әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Мұның сымбаттылығы да, шынайылығы да шыншылдығында; бұл – кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип.

Эпикалық образ – кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Портрет пен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен харакеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-көп амал-тәсілі әсіресе эпикалық образ үшін керек. Өйткені мұнда адамның түр-түсін де, ішін де, ісін де кең суреттеп, мол көрсетуге, терең әрі жан-жақты танытуға мүмкіндік бар, кәдімгі тірі кісідей өзін көзбен көруге, қимылын бақылауға болатын, өскен ортасын күллі ой-қырымен байыптауға болатын күрделі, кесек қаһарман. Эпикалық образ – бедерлі бейне, әрі нақты, әрі қатты тұлға. Эпикалық образдың үлгісі ретінде Абайдай дананы дүниеге әкеліп, тәлім берген Құнанбайды атауға болады.

Лирикалық образ – сыршыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі, ақынның мың иірім көңіл-күйінен – нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер. Мұнда, эпикалық образдағыдай, ұзақ, кең, мол суреттеліп, жан-жақты ашылған адамның сыртқы кескін-кейпі де, қымқуыт шиеленісіп жатқан тағдыры немесе іс-әрекеті мен қимыл-харакеті де тұтасып көріне бермеуі мүмкін. Оның есесіне адамның аса терең әрі нәзік ашылатын ішкі сыры, мінез-құлқы, жан-тынысы айрықша әсем айшық табады. Эпикалық образ – нақты болса, лирикалық образ шартты.

Драмалық образ – эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетінде емес, тура өмірдің өз аясында – сахнада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын көркем бейне. Мұны кейде «сахналық бейне» деп те атай береді.. Жалғыз-ақ, драмалық образдың бір кемшін жері эпикалық не лирикалық образдар секілді кітап бетінде бар қасиетін сақтап қалып, мәңгі өмір сүре алмайды.

«Галереядағы ой шарлау» стратегиясы

Оқушылар жасаған жұмыстарын тақтаға іліп, бір-бірінің жұмыстарымен танысады, пікір алмасады.

Тапсырма 2.

«Х/О» ойыны

Тапсырма жұптық деңгейде орындалады. Оқушылар шығармадағы кейіпкерлердің бірін таңдап, кейіпкерге талдау жасайды. Жұптағы оқушылар ұсынылған кестедегі тапсырмаларды таңдай отырып жұмыс жасайды.

(Тапсырмалады таңдау үлгісі ұсынылған)

Кейіпкер бойындағы ең маңызды мінез-құлықтың көрініс табу себептеріне талдау

Кейіпкер шешіміне қатысты пікір

Кейіпкерге қатысты автор пікірімен келісу немесе қарсы шығу

Кейіпкер төңірегіндегі мәселелердің туындау себептері мен шешіміне қатысты пікір

Кейіпкерге қатысты ең маңызды сюжет

Кейіпкер образының түрлері

Кейіпкерге қатысты көркемдегіш құралдарды қолданудағы автор мақсаты

Кейіпкерге қатысты сюжетке өзгеріс енгізу және оның себептері мен салдары

Заман , қоғам көрінісінің кейіпкерге кері әсеріне талдау

Кейіпкердің басқа кейіпкерге әсер еткен маңызды әрекетінің себеп -салдарын талдап, өзіндік пікір білдіру

Кері байланыс

  • Тапсырманы орындауда қандай қиындықтар болды?
  • Тапсырма қаншалықты дұрыс орындалды?
  • Тапсырманың сәтті орындалуына топ мүшелері қандай үлес қосты?

Тапсырма 3.

«Автор орындығы»

Оқушылар жұмыстарын топтық деңгейге шығарып талдайды. Топтан бір үздік жұмысты таңдап, автор орындығына шығарады. Автор орындығында оқушылар сынып алдында жұмыстарын таныстырады. Қалған оқушылар әр оқушы жұмысын таныстырып болған соң «екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

Тапсырма 4

«ПОПС» формуласы

«Сол замандағы тарихи кезең біздің кейіпкердің қалыптасуына қалай әсер етті?»

Топ пікірлерін ПОПС формуласына салады.

Бірінші сөйлем «Біздің ойымызша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, біз оны былай түсіндіреміз … »

Үшінші сөйлем «Оны біз мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламыз … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты біз мынадай қорытынды шешімге келдік .... ».

Бағалау

Әр жұп өздерінің жұмыстарын рубрикатор арқылы бағалап, пікірлерін білдіреді.

Дескриптор

Рубрикатор

Ж

Кейіпкер бойындағы ең маңызды мінез-құлықтың көрініс табу себептерін талдайды;

Кейіпкер шешімі мен автор пікіріне қатысты пікір білдіреді;

Кейіпкер төңірегіндегі мәселелерді талдап, маңызды сюжеттерін ұсынады;

Кейіпкер образына талдап, көркемдегіш құралдарды қолданудағы автор мақсатына талдау жасайды;

Кейіпкерге қатысты сюжетке өзгеріс енгізеді;

Заман , қоғам көрінісінің кейіпкерге кері әсерін талдайды;

Кейіпкердің басқа кейіпкерге әсер еткен маңызды әрекетінің себеп -салдарын талдап, өзіндік пікір білдіреді;

№ 5 таныстырылым

Дидактика №1

№ 6 таныстырылым

№ 7 таныстырылым

Дидактика №3

№ 8 таныстырылым

№ 9 таныстырылым

Дидактика №4

№ 10 таныстырылым

Дидактика №5

№ 11 таныстырылым

Рефлексия

2 мин

«Блоб» ағашы

Сабақтың басында ағаштың қай жерінде болдым?

Сабақтың ортасында ағаштың қай жеріне көтерілдім/түстім?

Сабақтың соңында ағашатың қай жерінде болдым?

Үйге тапсырма

«Сегіз аяқ» өлеңінен 6 шумақ жаттап келу

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу