«Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ | |||
Күні: | Сынып 10 сынып | ||
Бөлім: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» | |||
Сабақтың тақырыбы | «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да» | ||
Оқу мақсаттары | Б/С 3.1 Шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау; | ||
Сабақтың мақсаты | «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да» өлеңін мазмұндас шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру | ||
Бағалау критерийлері | Шығарманы мазмұндас шығармалармен салыстыра алады; Тарихи және көркемдік құндылығына баға береді. | ||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика және терминология: Менің ойымша.....Мен келісемін… Мен келіспеймін… | ||
Пәнаралық байланыс | Тарих | ||
Алдыңғы білім | Абай өлеңдері, шығармашылығы туралы алған білімдерін толықтырады. | ||
Сабақ барысы | |||
Жоспарланған сабақ кезеңі
| Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар І.Ұйымдастыру кезеңі (Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау) Санамалау арқылы топқа бөлінеді. | Ресурстар | |
Білімнің өзектілігі 3 минут | ІІ.Қызығушылықты ояту «Абай секілді ой-арманы азат, шетсіз ақындық, шексіз адамдық тұлғаның өзін қоршаған ожар, топас тоң мойын топпен тартысқа түсуі және мұндағы сирек ұшырасатын жаңалық пен тазалық Абайды дүниежүзілік трагедияның шыңына шығарады...» Ш.Айтматов |
| |
Мақсат қою 3 минут | Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын/ негізгі мақсаттарын тұжырымдап дәптерге жазып алады. | ||
Жаңа материалды игеру
10 минут 4 минут 15 минут
| ІІІ. Мағынаны тану https://www.youtube.com/watch?v=h2u3wxEWqes&t=19s 00:15-02:50 1-тапсырма «515» әдісі Оқушылар әр топта осы өлең бойынша 5 минутта 1 мәселе бойынша 15 идея( яғни Абайдың көңілі қалған жағдайларды тізіп шығады.) айтуы тиіс.Спикер топтың идеяларын жазып алып, жалпы сыныпқа таныстырады. Бұдан әрі айтылған идеялар негізінде топтық талқылау жүргізіледі. Мұғалімнің сөзі: Абай заманның запыранын осылай шығарды. Мыңмен жалғыз алысты. Досынан да, дұшпанынан да көңілі қалды. Қалың елі қазағы қайран жұртынан пана таппады. Бірақ Абай кешкен күйді Ахмет те басынан кешірді. Абай ішкен уды Ахмет те ішті. Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі - оның туған халқының тағдырын ойлаған қам- қарекеті.ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы жатқан отар ел болатын. Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен көріп, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көгі қараңғы, көңілі ұйқылы, еспесі жоқ қайығы қалтылдақ, малы талауда, жаны қамауда» болған «қайран ел, қайран жұрт» еді. Қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, азаматтық мәдениетке жеткізетін, амал- әрекеттің бастысы «түгел қазақты» сауатты етіп, көзін ашу, «надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты. Оқушыларға А.Байтұрсыновтың «Қазақ қалпы» өлеңі таныстырылады. «Фишбоун» әдісі арқылы өлеңге талдау жасайды. 2- тапсырма Екі шығарманы салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңіз. Өзіндік көзқарасыңызды 100-120 сөзбен білдіріңіз Бағалау дескрипторы: Шығарма мазмұны мен идеясын анықтайды, Көтерілген мәселені талдайды; Екі шығарманы салыстырады; Тарихи және көркемдік құндылығына баға береді. |
| |
Жаңа материалды бекіту 3 минут | Ой толғаныс Абайдың көңілі қалған жағдайлар қазіргі қоғамда кездесе ме? | ||
Рефлексия 2 минут | Кері байланыс Ең қажет... Ең қиын... | ||
Үй тапсырмасы | Өлеңнен үзінді жаттау | ||
Сабақ бойынша рефлексия | |||
Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?