І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.


Қазақ әдебиеті пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ 1-сабақ

Күні:

Сынып 9

Бөлім. Адам жанының құпиясы І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы

Сабақтың тақырыбы

І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы

Оқу мақсаттары

9.1.1.1.Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау.

Сабақтың мақсаты

Көркем шығарманың сюжетін, композициялық құрылымын, тақырыбын, идеясын анықтайды.

 Бағалау критерийлері

Тақырып бойынша берілген эпизодтың маңыздылығын анықтай алады;

Өз пікірін мысалдар келтіре отырып қорытындылай алады;

Поэманың композициялық құрылымын талдайды.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология:

Ойын жүйелі жеткізуге, кез келген тақырыпқа сұхбатқа түсуге дағдыландыру.

 Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы,музыка.

АКТ-ны қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады

 Алдыңғы білім

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

10 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі:
  • Оқушылармен амандасу. Назарын сабаққа аудару.
  • ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Сыныпты жылқы малына қатысты мақал -мәтелдермен 5 топқа бөлу.

1.Жақсы аттың артынан құнан ереді,

Жақсы жігіттің артынан ұлан ереді.

2.Жақсы аттан жал кетсе де,әл кетпейді.

3.Жомарт жоқтығын білдірмейді,

Жүйрік ат тоқтығын білдірмейді.

4.Жақсы ат алдынан сүрінбейді, артынан сүрінеді.

5.Жақсы жігіт пен жақсы ат көптікі.

Оқушылар мақал сөздердің мағынасын қысқаша түсіндіріп кетеді.

Мақсат қою

5 минут

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын тұжырымдайды.

Оқушылар сабақтың мақсаты айқандап, бағалау критерийлері, күтілетін нәтиже түсіндіріледі.

Жаңа материалды игеру

10 минут

10 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі.

ЖЖ. Тек бір минут

Жұптарда оқушылар «Тек бір минут» тәсілі арқылы поэманың мазмұны мен жазылу себебіне өз ойларын айтып, пікір алмасады

Мағынаны тану кезеңі.

Үш бәйтерек деген кім? І.Жансүгіров туралы не білеміз?

І.Жансүгіров слайд. Оқушылармен ой –бөліс.

1- тапсырма. Оқушылар топ болып тарих пәнінен алған білімдеріне сүйене отырып, «Құлагер» поэмасы мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап жазады.

1-2-топтар мен 3-4-топтар бірін-бірі ауызша бағалайды.

Сұрақтар:

1.Ақан сері Ермеймен тауының етегіндегі кімнің асына келді?

2.Осы кезде бәйгеге қанша ат жарысқа түсті?

3.І.Жансүгіров "Құлагер" поэмасын қай жылы жазды?

4.Поэма неше бөлімнен тұрады?

5.Құлагерге өз бағасын берген кім еді?

6.Жүйрікті жарыста қай жерде мерт қылады?

7.Құлагерді Ақан қай көлдің жағасына арулап көмеді?

8.Оған белгі орнатқан Жүсіп төре деген кім?

9.Саған шығарманың қай тұсы үлкен ой салды?

Жауапты тақтаға стикерге жазып, аттың суретінің жанына жапсырады.

Соңғы сұрақты дәптерлеріне 2-3 сөйлеммен жазып, пікірлерін айтады.

Дескрипторлар:

  • Сұрақ мазмұнын түсінеді;
  • Сұраққа нақты жауап береді

Режиссер Болат Мансұровтың "Құлагер" фильмінен үзінділер көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=AO2Ltnsi3b4

https://www.youtube.com/watch?v=rsY0TlsdFzU

https://www.youtube.com/watch?v=zU0aGwY86l0

  • Оқушылар жұппен талқылайды.
  • Тапсырма 1.
  • Ақан серінің "Құлагер" әнінің мәтінімен танысады.
  • 3 жанрдың көтерген мәселесі мен тақырыбын, көркемдік шеберлігін, жанрлардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра отырып, сыни көзқараста талдау жасайды. Оны кестеге толтырады. Соңында түйінді ойды бүгінгі өмірмен байланыстырып "Ыстық орындықта" жеткізеді.

"Құлагер"поэмасы

"Құлагер" әні

Фильм

Қазіргі өмірмен

Топқа поэмадан 5 тақырып таңдау беріледі.

«Ақан сері», «Еремендегі ас», «Құлегер- әкең тұлпар...», «Бәйгедегі егес», «Ақан трагедиясы

Дескрипторлар:

Көтерген мәселесі мен тақырыбын табады;

Көркемдік шеберлігін анықтайды;

Жанрлардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырады;

Сыни көзқараста талдау жасайды.

Тапсырма 2.

ТЖ Оқушыларға поэмадан үзінділер беріледі. Олар топта шығарма үзіндісінің негізгі идеяларымен жұмыс жасайды және мағынаны түсіндіру үшін өлең жолдарын оқи отырып, бет қимылын, би, музыканы қолданып қойылым қояды.

Басқа топтар қойылымда не баяндалғанын, оқушылардың осы бөлім арқылы негізгі идеяны сипаттай алғандығына комментарий білдіреді.

Топ өздері таңдаған поэма бөлімінде нені сипаттай алды, ақын өлеңі туралы өз ой пікірлерін ескертпелер арқылы жазып қалдырады.

Өздері бейнелеген оқиғада қандай мәселе ой тастады, оны бүгінгі өмірмен байланыстыра сөйлеу тапсырылады.

Ескерту: Оқушылар сөз қолданысында көркемдік тілді анық жеткізе алуы керек.

Саусақпен не жұлдызшамен бағалайды.

‘Ф’жұптық кері байланыс

Дескрипторлар:

Негізгі идеяларымен жұмыс жасайды;

Мағынаны түсіндіру үшін өлең жолдарын оқиды;

Өз ой пікірлерін ескертпелер арқылы жазып қалдырады.

Ақын шығармалар жинағы

https://www.youtube.com/watch?v=AO2Ltnsi3b4

https://www.youtube.com/watch?v=rsY0TlsdFzU

https://www.youtube.com/watch?v=zU0aGwY86l0

Жаңа материалды бекіту

5 минут

Бүгінгі сабақ сізге қандай сезім сыйлады?

Рефлексия

5 минут

Кері байланыс «3Қ»

Қиын... қызық... қажет...

Үйге тапсырма:

Ақан серінің өлеңдері

Сабақ бойынша рефлексия

1. Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?

2. Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?

3. Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?

4. Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?

5. Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу