І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 5

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

3-бөлім. Адам жанының құпиясы

І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау

Сабақтың мақсаттары

Көркем шығарманың сюжетін, композициялық құрылымын, тақырыбын, идеясын анықтайды.

Бағалау критерийлері

Тақырып бойынша берілген эпизодтың маңыздылығын анықтай алады;

Өз пікірін мысалдар келтіре отырып қорытындылай алады;

Поэманың композициялық құрылымын талдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: сюжет пен композиция, шығарма идеясы, тақырыбы т.б.

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог және айтылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным.., менің ойымша..., біздің пікірімізше...,

Құндылықтарды дарыту

Мейірімділік, қуанышқа ортақтасу

Пәнаралық байланыстар

Тарих, өзін-өзі тану, валеология

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтамен, ноутбукпен жұмыс жасу және classroom.google.com тапсырма орындау

Осыған дейін меңгерілген білім

«Құлагер» поэмасының мазмұнымен таныс

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту:

«Суреттер галереясы» әдісі. Сынып қабырғасына отбасы құндылықтарына қатысты суреттер ілінеді. Оқушылар суреттерді кезегімен көріп, аралайды. Өзіне жақын тұрған оқушымен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, ата –ана, баланың борышы т.б. туралы өз ойларын айтып, болжам жасайды.

Мұғалім оқушылардың ойын тақырыпқа алып келу мақсатында,

  • Суреттерден нені байқай алдыңдар?
  • Жан азабы дегенді қалай түсінесің?
  • Адам мен табиғат тепе-теңдігі не себепті бұзылады? т.б. сұрақтар қояды

https://www.zharar.com/kz/9675-kulager.html

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

5 минут

10 минут

Жұптарда оқушылар «Тек бір минут» тәсілі арқылы поэманың мазмұны мен жазылу себебіне өз ойларын айтып, пікір алмасады

Мағынаны тану кезеңі.

Үш бәйтерек деген кім? І.Жансүгіров туралы не білеміз?

Оқушылармен ой –бөліс.

1- тапсырма. Оқушылар топ болып тарих пәнінен алған білімдеріне сүйене отырып, «Құлагер» поэмасы мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап жазады.

Қойылатын сұрақтар:

1. Ақан сері Ермеймен тауының етегіне не үшін келді?

2.Құлагерден айырылған сәттегі Ақанның жан күйзелісі поэмада қалай суреттелген?

Жауапты тақтаға стикерге жазып, ат суретінің жанына жапсырады.

Режиссер Болат Мансұровтың "Құлагер" фильмінен үзінділер көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=AO2Ltnsi3b4

https://www.youtube.com/watch?v=rsY0TlsdFzU

  • Оқушылар жұппен талқылайды.
  • Тапсырма 1.
  • 3 жанрдың көтерген мәселесі мен тақырыбын, көркемдік шеберлігін, жанрлардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра отырып, сыни көзқараста талдау жасайды. Оны кестеге толтырады. Соңында түйінді ойды бүгінгі өмірмен байланыстырып "Ыстық орындықта" жеткізеді.

"Құлагер"поэмасы

"Құлагер" әні

Фильм

Қазіргі өмірмен

Поэманың мазмұнына сюжеттік - композициялық талдау жүргізеді:

«Ақан сері», «Еремендегі ас», «Құлегер- әкең тұлпар...», «Бәйгедегі егес», «Ақан трагедиясы

Тапсырма 2.

ТЖ Оқушыларға поэмадан үзінділер беріледі. Олар топта шығарма үзіндісінің негізгі идеяларымен жұмыс жасайды және мағынаны түсіндіру үшін өлең жолдарын оқи отырып, бет қимылын, би, музыканы қолданып қойылым қояды.

Басқа топтар қойылымда не баяндалғанын, оқушылардың осы бөлім арқылы негізгі идеяны сипаттай алғандығына комментарий білдіреді.

Топ өздері таңдаған поэма бөлімінде нені сипаттай алды, ақын өлеңі туралы өз ой пікірлерін ескертпелер арқылы жазып қалдырады.

Өздері бейнелеген оқиғада қандай мәселе ой тастады, оны бүгінгі өмірмен байланыстыра сөйлеу тапсырылады.

Ескерту: Оқушылар сөз қолданысында көркемдік тілді анық жеткізе алуы керек.

Саусақпен не жұлдызшамен бағалайды.

https://www.youtube.com/watch?v=AO2Ltnsi3b4

https://www.youtube.com/watch?v=rsY0TlsdFzU

Сабақтың соңы

5 минут

Неге?Неге?Неге?

Оқушылар шеңберді айналдыра тұрып, бүгінгі сабақтың түйінді идеяларын еске түсіреді. Осы сабақта не үйренгендерін айтып, сөйлеміңді «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, жауабын «неге?» деген сұрақпен аяқтауы тиіс.

Үлгі:

1-оқушы: Автор өзі туралы «Мен өзім тауда туып, тасында өстім, Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім» дейді. Неге?

2-оқушы: -------- --------- ---------- Неге?

3-оқушы: -------- --------- ---------- Неге?

4-оқушы: -------- --------- ---------- Неге?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу