Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 1-сабақ.


1-жұптың тапсырмасы:

8-бет.

«Осындай өжет жастарды Есеней қатты ұнататын еді»деген жерден «бір сәтке баласыздығы бойын билеп,бар ойы сол бала жігіттің соңынан кетіп бара жатқандай еді» деген жерге дейін оқиды.

Тапсырма:

  • Автор Есенейдің ішкі сезімін қаншалықты жеткізе алды? «Түрікпен» Мүсіреп жас жігіттің сөз саптауынан ашынғандық лебін қалай байқады?
  • Қатты айтпаса да «асқақтай сөйледің» дегеніне жігіттің жауабы немесе айыбы не болды?
  • Бұл жерден қазаққа тән қандай дәстүрді көре алдыңыз?
  • Ол да болса қазақтың мәрттігі ме , әлде ...? Қалай түсіндіресіз? Өмірден мысал келтіре отырып,ойыңызды жеткізіңіз.
  • Жақтаңыз және даттаңыз. Кейіпкерлер іс-әрекетін 2 нұсқада сөйлетіңіз.

ҚБ

Бағалау дескрипторы

  • Сұрақтарға жауап береді;
  • Жауап беруде жеке пікірін білдіреді;
  • Өмірден мысал келтіріп, өз ойын жеткізеді;
  • Кейіпкер әрекетін сөйлетеді;

2-жұптың тапсырмасы:

Дүре соққың келмеп пе еді? Есенейге қыз көзімен бір қарап қалғанын өзі де сезбеген. ...Мінер жақ артқы аяғы ақ бақай,маңдайында төбелі бар,су төгілмейтін қара жорға тұр ғой,міне...! Аттың сипатын қалай берген.

Кімнің атынан келтірді? Ол сөзді қолданған кім? Ал оны кейіпкер аузына салып беріп тұрған кім? Бұдан жазушының ел тарихын, ат өнерін, қазақтың ертедегі тұрмыс-тіршілігін суреттеу шеберлігін тани алдыңыздар ма? Ойларыңызды көркем тілмен мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді қолдана отырып жеткізіңіздер.

ҚБ

Бағалау дескрипторы

  • Сұрақтарға жауап береді;
  • Жауап беруде жеке пікірін білдіреді;
  • Өз ойын білдіруде көркем тілді қолданады;

3-жұптың тапсырмасы:

«Қыр жайлаулардан құлап келе жатқан Есенейдің жылқысы екенін аулы біліп отырған»деген жерден «Есеней жолдастарына қарады-«не істеу керек?» деген жерге дейін оқыңыз.

Тапсырма:

Қыр жайлаулардан құлап келе жатқан Есенейдің жылқысы екенін аулы біліп отырған.Қалың қара шұға жалбағай бет-аузын жауып кеткенімен,атандай қара кер аттың үстіндегі зор денелі адамның Есеней екенін Ұлпан да ішінен таныған. Жазушы Есеней портретін беруде суреттеудің қандай түрін қолданған? Есеней неге тығырыққа тірелді? Синоним,архаизм сөздерді қолданып, өз ойларыңызды қорғаңыздар.Мәтінде берілген мақал-мәтелдің мазмұнын, автордың қолданысын түсіндіріңіз.

ҚБ

Бағалау дескрипторы

  • Сұрақтарға жауап береді;
  • Жауап беруде жеке пікірін білдіреді;
  • Өз ойын білдіруде синонимдер мен архаизмдерді қолданады;
  • Автордың тілдік ерекшелігін түсіндіреді;

4-жұптың тапсырмасы:

«Есеней өмірінде айып тартып көрмеген адам,айып-жазасы болған адамдарға қатал жаза кесуді жақтайтын би еді» деген жерден «Өзі жетелеп жүрген Есенейдің «Мұзбел» дейтін торы төбел атын қара жорғамен бірге жетелеп алып,Кенжетай жөнеліп кетті» деген жерге дейін оқыңыз.

Тапсырма:

Есенейдің мінезінен нені байқадыңыздар. «Мұзбел»дейтін торы төбел атын қара жорғаға жетектетуінің себебін ашыңыз. Бұл жерден Есенейдің тағы қандай мінезін байқадыңыздар? Қазіргі өмірден мысалдар келтіре отырып,өз ойларыңызды мақал-мәтелдер қосып жеткізіңіздер.

ҚБ

Бағалау дескрипторы

  • Сұрақтарға жауап береді;
  • Жауап беруде жеке пікірін білдіреді;
  • Өз ойын білдіруде мақал-мәтелдерді қолданады;

5-жұптың тапсырмасы:

10-бет.»Есеней жолдастарына ендігі байламын айтты» деген жерден 11-бет «Тобыл, Бағлан, Стап,... жан сақтап келіп еді.» Шегініс туралы айтыңыз. Автор осыдан он бес жыл бұрынғы оқиғаны Есенейдің аузыне неге салды деп ойлайсыздар? Жер-су аттарын теріп жазыңыз Картадан ол жерлер қазір қай өңірге тиесілі екенін мысалдармен жеткізіңіз.Кенесары жасаған қазақ ауылының жағдайын автор неге олай суреттеді деп ойлайсыздар? Астарында не жатыр?

ҚБ

Бағалау дескрипторы

  • Жер-су атауларын анықтайды;
  • Суреттеуге қатысты пікірін білдіреді;

6-жұптың тапсырмасы:

11-бет.»Аманқарағай дуанына қарайтын» деген жерден «Кенесары ақылды адам болмай шықты» деген жерге дейін оқыңыздар.Есенейдің ойы дұрыс па? Оны сөйлетіп отырған автор ғой.Сонда жазушы қазақ өмірінен жаңалық, жақсылықты аңғарта ма? Сіздер қалай ойлайсыздар? Мысалдармен түсіндіріңіздер.

7-жұптың тапсырмасы:

2. «Қазақ соғыстарында» деген жерден « жолығып қайтуға жүріп кетті»деген жерге дейін оқыңыздар .12-бет.

Есеней кім? Неге Кенесарыны қолдамайды? Егер қолдаса не болар еді? Өз ойларыңызды мысалдармен жеткізіңіздер.Қазіргі тәуелсіз Қазақстанмен байланыстырыңыздар.

ҚБ

Бағалау дескрипторы

  • Сұрақтарға жауап береді;
  • Жауап беруде жеке пікірін білдіреді;
  • Өз ойын мысалдармен жеткізеді;

8-жұптың тапсырмасы:

«Аманқарағай дуанының аға сұлтаны» деген жерден,12-бет, «Жанай батырға соғылды» 13- бетке дейін оқыңыздар.Шыңғыс Уәлихановтың алдындағы Есенейдің беделі қандай? Шыңғыс төре неге ел ішінде екі оқты мінез танытады. Өз ойларыңызды тарихпен байланыстыра отырып жеткізіңіздер.

ҚБ

Бағалау дескрипторы

  • Сұрақтарға жауап береді;
  • Жауап беруде жеке пікірін білдіреді;
  • Өз ойын тарихпен байланысытырып жауап береді;

9-жұптың тапсырмасы:

«Созылаар сөздің» деп басталатын жерден,13-бет, «қатты қорлау еді» деген жерге дейін.14-беттен оқыңыздар. Екі бидің тартысынан сол кездегі қазақ билерінің ,ескі мен жаңаның арасындағы тартыс көрінбей ме? Тілеуімбет туралы не айтасыздар?

ҚБ

Бағалау дескрипторы

  • Сұрақтарға жауап береді;
  • Жауап беруде жеке пікірін білдіреді;
  • Өз ойын білдіруде ескі мен жаңаны талдайды;

10-жұптың тапсырмасы:

«Тап осы тұста, 15-бет-тен енді оның теріскей жағына шығып кетті» деген жерге дейін оқыңыздар.

Тілеуімбеттің беделі неге түсті? Оның шарпысып, тартысып жүргені ел қамы емес пе? Әлде Кімнің сойылын соғып, жыртысын жыртып жүр, деп ойлайсыздар? Өз ойларыңызды жан-жақты дәлелдеуге тырысыңыздар.

ҚБ

Бағалау дескрипторы

  • Сұрақтарға жауап береді;
  • Жауап беруде жеке пікірін білдіреді;
  • Өз ойын жан-жақты дәлелдейді;


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу