Адам жанының құпиясы. Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 3-сабақ.


Әдебиеттану ғылымындағы автор бейнесі категориясының зерттелу сипаты

 

1.Біріншісінде көркем шығарманың  шынайы авторы туралы айтылса, ал екіншісі мен үшіншісіне қатысты айтылған пікірге қосыла отырып, автор бейнесі мен имманенттік хақындағы ойлардың тоғысатынын байқауға болады. Әдебиеттанудағы автор бейнесі деген ұғым мен ғалымның имманенттікке қатысты айтқан пікірі бір-бірінен алшақ емес екенін көруге болады. Себебі автор бейнесі деген ұғымды көркем туындының шынайы авторынан емес, шығарманың өн бойынан табуға болады. Яғни,  автор бейнесі дегеніміз – көркем туындымен танысу барысында оқырман санасында қалыптасатын бейне. Ал имманеннтік деген сөздің мағынасын кеңірек тарқатсақ, бұл сөз латын тілінен алынған іштей, жаратылысына тән деген мағынада жұмсалып тұр. Көркем мәтіннің ішіне, жаратылысына тән  баяндаушы немесе әңгімелеуші ретінде көрінетін автор туралы айтылып тұрғаны анық. Ғалымның бұл тұжырымынан автор бейнесі мен имманенттік хақындағы ойлардың көркем шығарманың ішкі шеңберіне тән бір арнада тоғысып қызмет ететінін анық көруге болады.

2. Ұлттық әдебиеттану ғылымында автор бейнесіне академик З. Ахметов былай деп анықтама береді: «Автордың бейнесі – әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасының көріну қалпы. Автордың идеялық нысанасы, көзқарасы, ұғым-түсініктері, наным-сенімдері, көркемдік принциптері, суреткерлік шеберлігі бәрі-бәрі кең, толық мағынасында, әрине, шығарманың өн-бойынан, бүкіл құрылыс-бітімінен, идеялық-көркемдік сипатынан танылады. Бұл – оның шығармашылық тұлғасы, жазушылық, суреткерлік сипаты – өзгешелігі, ал оның өнер иесі ғана емес, өз тағдыры, өз мінез-құлқы бар жеке адам ретіндегі бейнесін алсақ, ол жекелеген жанрда (мысалы, өмірбаяндық, мемуарлық) болмаса, айқын көрініс таппайды» [1;21] – дейді. Ғалымның ұсынған анықтамасы көпшілікке ұғынықты. Шындығында көркем туындының барлығында тегіс автор бейнесі көрініс табады десек артық болар. Біз мемуарлық шығармаларда айқын көрінетін автордың тұлғалық ерекшелігін автор бейнесі деп түсінуден алшақпыз.

А. М. Жорашова

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті

кафедрасының  2- курс магистранты, Астана, Қазақстан

Ғылыми жетекші: ф.ғ.к.,профессор С.Ш. Айтуғанова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу