Адам жанының құпиясы. Төлеген Айбергенов «Сағыныш» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 3-сабақ.


Бөлім: Адам жанының құпиясы

Сабақтың тақырыбы:

Төлеген Айбергенов «Сағыныш»

Оқу мақсаты: 9.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

Сабақ мақсаты: «Сағыныш» өлеңінен алынған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады

Бағалау критерийлері:

Көркем шығарманы түсінеді;

Үзінділермен жұмыс жасай алады;

Шығармашылық жұмыстарда қолданады.

Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақ елінің Қоңырат деген жерінде дүниеге келген. 1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педогогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп, туған ауылында мұғалімдік қызмет атқарады.

Балалық шағы

Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1959). 1959 - 62 ж. Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалім, 1962 - 65 ж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар мектебінде директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Айбергеновтың өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан "Жас дәурен" атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ырғақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары - "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат" (1965), "Құмдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Аманат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" сурет - кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай - ақ орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен таңдамалы өлеңдері аударылып басылды. Айбергеновтың "Ақ ерке, Ақ жайық", "Жаңғырған Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол туралы жазылған "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді.

Шығармашылық жұмыс.

Оқушылар 1, 2, 3 - орталық ойыны бойынша жұмыс жасайды.

1 - тапсырма: Оқушылар 1, 2, 3 - орталық ойыны бойынша жұмыс жасайды.

Оқушыларды 3 топқа бөлініп, әр топ өз топ атын дайындайды.

І - орталық. «Оқу» орталығы бойынша оқушылар төмендегідей тапсырмаларды орындайды.

1. «Сағыныш» өлеңін оқып, мазмұнымен танысып, қысқаша мазмұндайды.

2. Өлеңнің үзінділері (өздеріне ұнаған) бойынша сурет салу немесе шағын шығарма жазады.

ІІ - орталық. «Жазу» орталығы бойынша жазбаша жұмыс жасайды.

1. Өлеңге жоспар құру.

2. Өлең тақырыбына байланысты мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жазу.

ІІІ - орталық. «Ғылым» орталығы.

1. Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтермен танысып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

2. Кластер салу (постер арқылы)

Бағалау. Кері байланыс бере отырып, топ арасында төмендегі

бағалау кестесі арқылы бір-бірін бағалайды:

3 қадам. «Ақпарат кестесі» стратегиясы.

Шығарма не жайлы Шығарманың

тәрбиелік мәні

Әр топ қысқаша шығарма жайлы түсінгендерін айтып береді

Кері байланыс

Оқушылар үшін рефлексия сұрақтары:

Не білдім?

Неге үйрендім?

Не түсініксіз болды?

Нені жақсартуым керек?

Сағыныш... есімді білгенен бері келе жатыр,сірә бұл сағынышты өзіммен бірге алып кетермін. 

Сезім.... оны толыққанды сезінбедім

Мейірім.... қанша жерден ол келіп төгілсе де маған аздық етеді

Махаббат... менің достарым да және ода да бар,тек мен де ғана жоқ  

Қолымдағыны бәрін беруге дайармын,сағынышымды бір сәтке басуына.Өңешке жасырынған өкінішімді, балалық еркелігімді, жүрегімнің түбінде қалған наламды (налу) шығарып тастап еркін бір тыныстап сыртқа шығарып алып, ары қарай өмір ағысымен жүре беруден басқа амал жоқ....

Ұсынылған мәтіндердің бірін таңдап, адам жанының сағынышы туралы ойтолғаныс жазу

Бас бармақ- басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза қылдым?

Ортан терек –ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек –көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу