Бұқар жырау «Әй, Абылай, Абылай». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация.
Асқар таудың өлгені-
Басын мұнар шалғаны.
Көктегі бұлттың өлгені-
Аса алмай таудан қалғаны.
Ай мен күннің өлгені-
Еңкейіп барып батқаны.
Айдын шалқар өлгені-
Мұз болып тастай қатқаны.
Қара жердің өлгені-
Қар астында қалғаны.
Өлмегенде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
«Фишбоун» әдісі арқылы топтар мәтіннің ішінен жазушы қолданған көркемдегіш құралдарды тауып, мағынасын анықтайды.
Орындалу барысы:
Басы – жазушы стилі.
Үстіңгі сүйектері- мәтіннің ішіндегі көркемдегіш құралдардың түрлерін жазу.
Астыңғы сүйектері – көркемдеуіш сөздерді үзінді арқылы дәлелдеу.
Құйрығы- шығарма жайлы оқушының ойы. Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек.
Олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалық сөздерден болуы мүмкін
2-тапсырма
1-топ. Толғаудың құдіреттілігі неде?
2-топ. Бұл толғау неліктен өміршең деп ойлайсыздар?
3-топ. Бұқар жыраумен кездесер болсаңыз толғау төңірегінде қандай сұрақтар қояр едіңіздер?
3-тапсырма
Толғаудың негізгі идеясын мен автор стиліне сүйене отырып үндеу жазыңыз. (Әр топтан 1 үндеу болса жеткілікті)
Дескриптор:
Шығарманың негізгі идеясы мен авто тилін анықтайды;
Көркемдеуіш құралдарды таба алады;
Ашық сұрақтарға жауап береді;
Жанрлық ерекшелігіне сай үндеу жаза алады;
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?