![]() |
|
![]() |
Бұқар жырау «Әй, Абылай, Абылай» . Қазақ әдебиеті, 9 сынып, қосымша материал.
Мұғалім Бұхар жыраудың толғауларындағы Абылай хан бейнесін ауқымды меңгету мақсатында оқушылардың деңгейіне қарай, төмендегі толңауларды өосымша оқуына ұсынуына болады.
Бұхар жырау Абылайға арналған өлеңдер топтамасы
Ай, Абылай сен он бір жасыңда Тұрымтайдай ұл едің.Он бес жасқа келгенде,Арқада Әбілмәмбет төреніңТүйесін баққан құл едің .Абылай атың жоқ еді,Сабалақ атпен жүр едің.Оны да көрген жерім бар,Жаныс Қарабайдың қолындаТүнде туған ұл едің.Жиырма беске келгенде,Бақыт берді басыңа,Тақыт берді астыңа:Отыз жасқа келгенде,Дүниеге кең едің:Отыз беске келгенде,Қара судың бетінде Шайқалып аққан сең едің;Қырық жасқа келгенде,Алтын тонның жеңі едің;Қырық беске келгенде,Жақсы-жаман демедің;Елу жасқа келгенде,Үш жүздің баласыныңАтының басын бір кезеңге тіредің;
Елу бес жасқа келгенде,Жақсы болсаң толарсың,Жаман болсаң маужырап барып соларсың;Алпыс бес жасқа келгенде,Әрбір атқа қонарсың;Жұмсасаң бала тіл алмай,Қатының қарсы шауып ұялмай,Әрнешек күнің сол болар,Еңкейтіп орақ орарғаТоңқайып масақ терерге.Жетпіс жасқа келгенде,Жетпіс деген жел екен,Шала ауырып пір екен.Жетпіс бес жасқа келгенде,Жылуы болмай қойныңның,Қаруы болмай сойылыңның,Өлмесең де жойылдың,Әр атаққа қойылдың. Сексен деген сор екен,Шындап ұрған пері екен;Сексен бес жасқа келгенде,Екі қара көзді алар,Ауыздағы сөзді алар,Бойыңдағы әлді алар,Бетіңдегі нұрды алар,Бойыңдағы шырды алар,
Ауызыңдағы тісті алар,Қолыңдағы істі алар,Өлмегенде не қалар?Тоқсан бес деген тор екен,Дәйім жаның қор екен,Қарғиын десең екі жағы ор екен;Найза бойы жар екен,Түсіп кетсең түбіне,Түбі терең көл екен,Ел қонбайтын шөл екен,Келмейтұғын неме екен.
https://www.bukharzhirau.psu.kz/index.php/alystan-kelgen-asyl-m-ra/4-aj-abylaj-sen-on-bir-zhasy-da
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨🎓 02.03.2023