Ж.Баласағұн «Құтты білік» дастанының мазмұндық ерекшелігі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 1-сабақ.


Жүсіп Баласағұн

«Құтты білік» дастаны

Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,Есі болса, жұрнақ болса намыстан.Ұшқалақтық - бір, екіншісі - сараңдық,Үшіншісі – ашу ,оған егіз надандық.

Қырсығың – сор, бетті жер ғып жүргізер,Бесіншісі - өтірік, жерге кіргізер.Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын,Білсін сонда басынан құс ұшпасын.Ең қорлығы – өзімшілдік, залымдық,Олар жұқса, азғаны тек қаныңның.

Екі түрлі достықтың бар есебі,Сол үшін жұрт табысады, сенеді.Бір достық бар Тәңірді алған араға,Болмайды онда қалтарыс та, нала да.

Тағы бірі тек пайда үшін достасарМұнда адамдық болмас түбі қоштасар.Достасыңдар Тәңірді алып ортаға,Жүгін бөліс, ашуланба, шаршама.

Бұл дүниеде тілеме одан еш пайда,Алда Құдай берер, кетпес ешқайда.Егер пайда үшін дос боп табысса,Қатынаспа, түйінін шеш қатысса.

Дос көңілін білгің келсе өзің де,

Сына ашумен, суыт сөзбен жүзіңді.

Білгің келсе, сені сүйер-сүймесін,

Сұра қимас өзі сүйген дүниесін.

Дүниеқоңыз шетін көрсе пайданың,

Сенен кетпес «шеше», «әке» деп айналып.

Тілегенін бермесе егер сұрланып,

Көрмегендей бойын тартар тұлданып.

Ақ жүректі туыс, жолдас, бауыр тұт,Соларға сен, болмас қайғы, ауырлық.Дос, туыс сол қуанышта қуанар,Қайғы келсе, қасында боп уатар.

Сүйсін десең көп достарың өзіңді,

Тұз, нан ұсын, жарқын ұста жүзіңді.

Ақыл, білім, тілмашы – тіл, бұл кепіл,Жарық төгіп, елжіретер тіл деп біл.Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.Тіл - арыстан есік баққан ашулы,Сақ болмасаң, жұтар ерім, басыңды!Не дейді ұққын, тілден жапа шеккен ерҚұлақ салып, амал қылып, есті елер.«Тілімнен көп жапа шектім, есебім,Бас кесілмес үшін тілді кесемін.Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын,Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын!»

Аударған Асқар Егеубай

Топқа бөлу

«Бақыт»

«Ақыл»

«Әділет»

«Қанағат»

«Бақыт»

«Ақыл»

«Әділет»

«Қанағат»

«Бақыт»

«Ақыл»

«Әділет»

«Қанағат»

«Бақыт»

«Ақыл»

«Әділет»

«Қанағат»

«Бақыт»

«Ақыл»

«Әділет»

«Қанағат»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу