Ж.Баласағұн «Құтты білік» дастанының мазмұндық ерекшелігі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 2-сабақ.


2-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Түсіндірме күнделік» әдісі арқылы оқушыларға дастаннан үзінділер таратылады. Әр жұп өз үзіндісі бойынша берілген кестені толтырып, пікірін білдіреді.

Дастаннан үзінді

Түйіні

Оқушы пікірі

1-жұп.

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен бастаймын!

Әзіз уа ұлы Аллаһтың құдіреттілігі айтылады

Аллаһ атымен бастадым сөз әлібін,

Жарылқаған, жаратқан бір тәңірім!

Шексіз құрмет, шүкірлік мың да бір,

Ол мәңгілік, Хаққа лайық кіл қадір.

Жаратты Ол: жасыл көк, ай, күн, түнді,

Қара жер, ел, заман, уақыт, бұл күнді.

Қалады да, жаратты бар болмысты,

«Бол!» - деді де, бірден бәрін болғызды.

Дастаннан үзінді

Түйіні

Оқушы пікірі

2-жұп.

Жаралғанның бәрі мұңлық, мұңы көп,

Ием ғана, Жалғыз, шері, мұңы жоқ.

Ай, ерікті, Күшті, Мұңсыз құдайым,

Бұл есімдер Саған ғана лайық!

Ұлылық Сен, серігі жоқ Жалғызсың,

Жаратушым, жоқ Өзіңмен түсер тең!

Саған өзге кіріге алмас Дарасың,

Әуелгі де соңғы да Өзің, Сарасың.

Дастаннан үзінді

Түйіні

Оқушы пікірі

3-жұп.

Күмәнсіз, Хақ, Мәңгілік Сен, Бір ғана,

Санақтан тыс, қатынассыз бір Дара.

Іш пен тысты бірдей білген Асылсың,

Көзден - жырақ, көңіліме жақынсың.

Жараттың Сен кішісін де, ірісін,

Өтер бәрі, Өзің мәңгі Тірісің.

Жаралғанға түгел танық Жаратқан,

Қос дүниені анық қолға қаратқан.

Дастаннан үзінді

Түйіні

Оқушы пікірі

4-жұп.

Жасыл көкті безендірдің жұлдызбен,

Қара түнді жарық еттің күндізбен.

Қанша ұшқан, жүрген, жүзген, інде өскен,

Ішіп-жемі Сенен болып күн кешкен.

Көк үсті мен жер қойнының арасы,

Мұқтаж Саған, жоқ өзгеше шарасы.

Дастаннан үзінді

Түйіні

Оқушы пікірі

5-жұп.

Хаққа бүтін сенсең, тілді табындыр,

Көңілің сенсе ақылыңды бағындыр!

Мұңсыз Ием! Мен бір мұңлық құлыңмын,

Күнәмді кеш мейіріміңе жылындыр.

Сыйындым мен, Сенде үміт, сенім де,

Өзің қолда мұңға батқан жерімде!

Дастаннан үзінді

Түйіні

Оқушы пікірі

6-жұп.

Аллаһтың Елшісі туралы айтылады, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Рахымды Ием пайғамбарын жіберді,

Кісі ізгісі, ел сарасы жігерлі.

Түнек түнде шамы болды халықтың,

Саған, жұртқа нұрын шашты ол жарықтың!

Ол Аллаһтың жаршысы, ерім, білгейсің,

Сен содан соң, тура жолға кіргенсің.

Дастаннан үзінді

Түйіні

Оқушы пікірі

7-жұп.

Ата-анадан жетім қалып келді ол,

Үмбетіне тілек тілеп, берді жол!

Күндіз жемей, көр, түнімен жатпады,

Сені жақтап, қолдамады басқаны.

Сені тілеп, бейнет шекті күні-түн,

Салауат айт, мақта, ақта үмітін!

Елге деген рахымы ол құдайдың,

Қылығы хош, құлқы түзу, шырайлы.

Көркем мінез, ақылды, аппақ пейілді,

Жаны жомарт, қолы ашық, мейірлі.

Дастаннан үзінді

Түйіні

Оқушы пікірі

8-жұп.

Пейіл бұрдым енді оның жолына,

Сүйдім сөзін, сендім ділі оңына.

Ия иләһім, қорғап менің көңілімді,

Қияметте пайғамбармен бір еткін!

Қияметте көрсет толық жүзіңді,

Рақым етіп, Раббым, өткіз өзімді!

Дастаннан үзінді

Түйіні

Оқушы пікірі

9-жұп.

Төрт сахабаның ерекшеліктері туралы

Төрт серігі бар еді оның сенетін,

Әрбір істе бірге қолдап еретін.

Бәрінен де Атық ұлы, ірі де,

Хаққа түзу көңілі де, ділі де!

Тәрк қылды мал, жан-тәнін, жүдеді,

Тек пайғамбар сүйінішін тіледі.

Дастаннан үзінді

Түйіні

Оқушы пікірі

10-жұп.

Сонсоң, Фаруқ еді кісі сарасы,

Тіл-ділі сай, халықтың ең данасы.

Діннің көркі, жәрдемші еді асқан ол,

Шариғатты халыққа кең ашқан сол.

Үшіншісі, Оспан - жомарт, ақылды,

Тандаулы ер, сақи, кең-мол, асыл-ды.

Дастаннан үзінді

Түйіні

Оқушы пікірі

11-жұп.

Әли - сонсоң, жігерлі, мәрт, ер-ді,

Жүректі, отты, ақыл-ойы кемел-ді.

Қолы ашық, сара-таза жүрегі,

Білімді, есті, даңқты әрі ірі еді.

Бұлар діннің, шариғаттың жаршысы,

Тартқызды азап кәпір, дінсіз қылығы.

Бұл төртеуі төрт тұғырдай мен үшін,

Түзілсе олар, болар тірлік, келісім.

3-тапсырма. «Ойлан, жұптас, талқыла!» әдісі арқылы оқушылар Жүсіп Баласағұнның афоризмге айналған өлең жолдарының мағынасын ашып жеке талдау жасайды, содан соң жұпта пікірлерін білдіреді, ой бөліседі, соңында топқа бірігіп, өзіндік ой қорытындыларын жасап, постер арқылы қорғайды.

  • Ақыл қайда болса, ұлылық болады

Білім кімде сол білікті болады

  • Тілдің пайдасы мен зияны бірдей

Көп сөйлеме, азайт берер түйірін

Бір сөзбен түй түмен сөздің түйінін.

  • Ізгілік-адамзат үшін ең қажетті қасиеті

Елдің басшысы ізгі болса, халқы да ізгі болады.

Ізгілік-оң, ессіздік-сол, жүзің-ар,

Оңың -ұжмақ, солың-тозақ, біліп ал.

  • Даңқ пен дәулетке шаттанба, ол бір орында

тұрмайды.

Бір орында су, сөз, дәулет тұрмайды,

Жиһангерлер жүре бермей тынбайды

  • Әділеттің жолын қу, шыншыл бол.

Әділ болсаң қараға –ақ, аққа жақ.

Ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ.

  • Сараңдық пен ашкөздіктен аулақ бол.

Қиды терген салып қоңыз сияқты,

Сараңдықтан асқан не бар ұятты.

  • Иттердің басшысы арыстан болса,      

Иттер де арыстандай күркірер,

Ал арыстандардың басшысы ит болса,

Иттің тіршілігін қылар.

  • Тексіз кісі уәзір бола алмайды.

Бет қандай болса, уәзір де сондай.

Жаман-жақсы табыспайды ешқашан,

Түзу-қисық қабыспайды ешқашан.

  • Намысшыл ер бол

Намысшыл ер жаудың исін басады,

Намыссыз ер жер бауырлап қашады.

  • Өз пайдаңнан гөрі,ел пайдасын ойла.

Қайырымды бол!

Адам ба адам өз пайдасын күйттеген

Адам нағыз ел пайдасын діттеген.

4-тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Жеке жұмыс. «РАФТ» әдісі арқылы оқушылар берілген афоризмдерді қолдана отырып, автордың атынан жасөспірімдерге хат жазады.

Рөл

ақын

Аудитория

жасөспірім

Форма

хат

Тақырып

Өсиет, нақыл айту



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу