Ж.Баласағұн «Құтты білік» дастанының мазмұндық ерекшелігі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атадан қалған асыл сөз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 Қазақ әдебиеті

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Ж.Баласағұн «Құтты білік» дастанының мазмұндық ерекшелігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/Ж. 9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

А/И. 9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу.

Сабақ мақсаттары

Әдеби шығарманың үзіндісіне талдау жасау, шығармашылық жұмыс барысында орынды қолдану;

Афоризмдерді қолданып, шығармашылық жұмыс жазу, құрылымын сақтау.

Бағалау критерийлері

Көркем шығарманың үзіндісін жан-жақты талдайды, шығармашылық жұмыс барысында үзінділерді орынды қолданады;

Афоризмдердің мағынасын ашады, тиімді пайдаланады, құрылымын сақтап хат жазады.

Дескрипторлар

Үзіндімен жұмыстанады;

Жан-жақты талдайды, өзіндік пікірін білдіреді;

Жұпта, топта талқылайды;

Креативті ой айтады;

Хаттың құрылымын сақтайды;

Оқырманды қызықтырып жазады.

Тілдік мақсаттар

Поэма, дастан, автор стилі, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру, білім алу.

Тәрбие: ата-ана қадірін, отбасы қадірін түсіну, қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынас орнату

Пәнаралық байланыстар

Философия, мәдениеттану

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым арқылы дағдылары дамиды

Бастапқы білім

Ж.Баласағұн «Құтты білік» дастаны

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аудару.
  • Үй тапсырмасына берілген «Құтты білік» кітабындағы төрт кейіпкерге жазған ойтолғау тексеріледі.
  • Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.

1,2-слайд

Сабақтың ортасы

7 минут

5 минут

10 минут

10 минут

1-тапсырма. «Үш қадам» әдісі арқылы тапсырманы орындайды.

  • 1-қадам. Оқушыларға «Құтты білік» дастаны туралы қосымша мәлімет беріледі.
  • 2-қадам. Берілген мәліметпен танысады, сұрақ құрастырады.
  • 3-қадам. «Домино» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді.

2-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Түсіндірме күнделік» әдісі арқылы оқушыларға дастаннан үзінділер таратылады. Әр жұп өз үзіндісі бойынша берілген кестені толтырып, пікірін білдіреді.

Дастаннан үзінді

Түйіні

Оқушы пікірі

Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы жұптық бағалау жүргізіледі.

Мұғалім жұптарға кері байланыс береді.

3-тапсырма. «Ойлан, жұптас, талқыла!» әдісі арқылы оқушылар Жүсіп Баласағұнның афоризмге айналған өлең жолдарының мағынасын ашып жеке талдау жасайды, содан соң жұпта пікірлерін білдіреді, ой бөліседі, соңында топқа бірігіп, өзіндік ой қорытындыларын жасап, постер арқылы қорғайды.

  • Ақыл қайда болса, ұлылық болады

Білім кімде сол білікті болады

  • Тілдің пайдасы мен зияны бірдей

Көп сөйлеме, азайт берер түйірін

Бір сөзбен түй түмен сөздің түйінін.

  • Ізгілік-адамзат үшін ең қажетті қасиеті

Елдің басшысы ізгі болса, халқы да ізгі болады.

Ізгілік-оң, ессіздік-сол, жүзің-ар,

Оңың -ұжмақ, солың-тозақ, біліп ал.

  • Даңқ пен дәулетке шаттанба, ол бір орында

тұрмайды.

Бір орында су, сөз, дәулет тұрмайды,

Жиһангерлер жүре бермей тынбайды

  • Әділеттің жолын қу, шыншыл бол.

Әділ болсаң қараға –ақ, аққа жақ.

Ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ.

  • Сараңдық пен ашкөздіктен аулақ бол.

Қиды терген салып қоңыз сияқты,

Сараңдықтан асқан не бар ұятты.

  • Иттердің басшысы арыстан болса,      

Иттер де арыстандай күркірер,

Ал арыстандардың басшысы ит болса,

Иттің тіршілігін қылар.

  • Тексіз кісі уәзір бола алмайды.

Бет қандай болса, уәзір де сондай.

Жаман-жақсы табыспайды ешқашан,

Түзу-қисық қабыспайды ешқашан.

  • Намысшыл ер бол

Намысшыл ер жаудың исін басады,

Намыссыз ер жер бауырлап қашады.

  • Өз пайдаңнан гөрі,ел пайдасын ойла.

Қайырымды бол!

Адам ба адам өз пайдасын күйттеген

Адам нағыз ел пайдасын діттеген.

Бағалау. «Бас бармақ» әдісі арқылы топтық бағалау жүргізіледі.

Топтарға мұғалім кері байланыс береді.

4-тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Жеке жұмыс. «РАФТ» әдісі арқылы оқушылар берілген афоризмдерді қолдана отырып, автордың атынан жасөспірімдерге хат жазады.

Рөл

ақын

Аудитория

жасөспірім

Форма

хат

Тақырып

Өсиет, нақыл айту

Бағалау. Өзара бағалау жұргізіледі. Әрқайсысы өз жазбасын оқып, талдайды, жазылу формасына баға береді.

Мұғалімнің кері байланысы.

3-слайд

4-слайд

5-слайд

6-слайд

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс «3-2-1»

  • Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат
  • Қиындық тудырған 2 аспект
  • Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ

Үй тапсырмасы: Кез келген үзіндіні қара сөзге айналдырып жазу.

7-слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу