Ж.Баласағұн «Құтты білік» дастанының мазмұндық ерекшелігі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша мәлімет

«Құтадғу білік» (Құтты білік) — Жүсіп Баласағұни (Баласағұн) шығарған дидактикалық поэма.

Aудармашылар: Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді.

Елдегі олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Баласағұн өзінің «Құтадғу Біліг» дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата Заң (Конституция) қызметін атқарған. Баласағұн дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Дастанда елдегі барлық лауазым, кәсіп иелеріне қойылатын моральдық-этикалық талаптар сипатталып көрсетілген.

Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеуметтік рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Баласағұнның «Құтадғу Білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған.

Дастаннан үзінді.

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен бастаймын!

Әзіз уа ұлы Аллаһтың құдіреттілігі айтылады

Аллаһ атымен бастадым сөз әлібін,

Жарылқаған, жаратқан бір тәңірім!

Шексіз құрмет, шүкірлік мың да бір,

Ол мәңгілік, Хаққа лайық кіл қадір.

Жаратты Ол: жасыл көк, ай, күн, түнді,

Қара жер, ел, заман, уақыт, бұл күнді.

Қалады да, жаратты бар болмысты,

«Бол!» - деді де, бірден бәрін болғызды.

Жаралғанның бәрі мұңлық, мұңы көп,

Ием ғана, Жалғыз, шері, мұңы жоқ.

Ай, ерікті, Күшті, Мұңсыз құдайым,

Бұл есімдер Саған ғана лайық!

Ұлылық Сен, серігі жоқ Жалғызсың,

Жаратушым, жоқ Өзіңмен түсер тең!

Саған өзге кіріге алмас Дарасың,

Әуелгі де соңғы да Өзің, Сарасың.

Күмәнсіз, Хақ, Мәңгілік Сен, Бір ғана,

Санақтан тыс, қатынассыз бір Дара.

Іш пен тысты бірдей білген Асылсың,

Көзден - жырақ, көңіліме жақынсың.

Жараттың Сен кішісін де, ірісін,

Өтер бәрі, Өзің мәңгі Тірісің.

Жаралғанға түгел танық Жаратқан,

Қос дүниені анық қолға қаратқан.

Жасыл көкті безендірдің жұлдызбен,

Қара түнді жарық еттің күндізбен.

Қанша ұшқан, жүрген, жүзген, інде өскен,

Ішіп-жемі Сенен болып күн кешкен.

Көк үсті мен жер қойнының арасы,

Мұқтаж Саған, жоқ өзгеше шарасы.

Хаққа бүтін сенсең, тілді табындыр,

Көңілің сенсе ақылыңды бағындыр!

Мұңсыз Ием! Мен бір мұңлық құлыңмын,

Күнәмді кеш мейіріміңе жылындыр.

Сыйындым мен, Сенде үміт, сенім де,

Өзің қолда мұңға батқан жерімде!

Аллаһтың Елшісі туралы айтылады, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Рахымды Ием пайғамбарын жіберді,

Кісі ізгісі, ел сарасы жігерлі.

Түнек түнде шамы болды халықтың,

Саған, жұртқа нұрын шашты ол жарықтың!

Ол Аллаһтың жаршысы, ерім, білгейсің,

Сен содан соң, тура жолға кіргенсің.

Ата-анадан жетім қалып келді ол,

Үмбетіне тілек тілеп, берді жол!

Күндіз жемей, көр, түнімен жатпады,

Сені жақтап, қолдамады басқаны.

Сені тілеп, бейнет шекті күні-түн,

Салауат айт, мақта, ақта үмітін!

Елге деген рахымы ол құдайдың,

Қылығы хош, құлқы түзу, шырайлы.

Көркем мінез, ақылды, аппақ пейілді,

Жаны жомарт, қолы ашық, мейірлі.

Пейіл бұрдым енді оның жолына,

Сүйдім сөзін, сендім ділі оңына.

Ия иләһім, қорғап менің көңілімді,

Қияметте пайғамбармен бір еткін!

Қияметте көрсет толық жүзіңді,

Рақым етіп, Раббым, өткіз өзімді!

Төрт сахабаның ерекшеліктері туралы

Төрт серігі бар еді оның сенетін,

Әрбір істе бірге қолдап еретін.

Бәрінен де Атық ұлы, ірі де,

Хаққа түзу көңілі де, ділі де!

Тәрк қылды мал, жан-тәнін, жүдеді,

Тек пайғамбар сүйінішін тіледі.

Сонсоң, Фаруқ еді кісі сарасы,

Тіл-ділі сай, халықтың ең данасы.

Діннің көркі, жәрдемші еді асқан ол,

Шариғатты халыққа кең ашқан сол.

Үшіншісі, Оспан - жомарт, ақылды,

Тандаулы ер, сақи, кең-мол, асыл-ды.

Әли - сонсоң, жігерлі, мәрт, ер-ді,

Жүректі, отты, ақыл-ойы кемел-ді.

Қолы ашық, сара-таза жүрегі,

Білімді, есті, даңқты әрі ірі еді.

Бұлар діннің, шариғаттың жаршысы,

Тартқызды азап кәпір, дінсіз қылығы.

Бұл төртеуі төрт тұғырдай мен үшін,

Түзілсе олар, болар тірлік, келісім.

«Құтты білікте» Жүсіп Баласағұнның ұрпағына қалдырған білімін, ақыл, өсиетін қысқа да, нұсқа тұжырымдары:

  • Ақыл қайда болса, ұлылық болады

Білім кімде сол білікті болады

  • Тілдің пайдасы мен зияны бірдей

Көп сөйлеме, азайт берер түйірін

Бір сөзбен түй түмен сөздің түйінін.

  • Ізгілік-адамзат үшін ең қажетті қасиеті

Елдің басшысы ізгі болса, халқы да ізгі болады.

Ізгілік-оң, ессіздік-сол, жүзің-ар,

Оңың -ұжмақ, солың-тозақ, біліп ал.

  • Даңқ пен дәулетке шаттанба, ол бір орында

тұрмайды.

Бір орында су, сөз, дәулет тұрмайды,

Жиһангерлер жүре бермей тынбайды

  • Әділеттің жолын қу, шыншыл бол.

Әділ болсаң қараға –ақ, аққа жақ.

Ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ.

  • Сараңдық пен ашкөздіктен аулақ бол.

Қиды терген салып қоңыз сияқты,

Сараңдықтан асқан не бар ұятты.

  • Иттердің басшысы арыстан болса,      

Иттер де арыстандай күркірер,

Ал арыстандардың басшысы ит болса,

Иттің тіршілігін қылар.

  • Тексіз кісі уәзір бола алмайды.

Бет қандай болса, уәзір де сондай.

Жаман-жақсы табыспайды ешқашан,

Түзу-қисық қабыспайды ешқашан.

  • Намысшыл ер бол

Намысшыл ер жаудың исін басады,

Намыссыз ер жер бауырлап қашады.

  • Өз пайдаңнан гөрі,ел пайдасын ойла.

Қайырымды бол!

Адам ба адам өз пайдасын күйттеген

Адам нағыз ел пайдасын діттеген.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу