Ж.Баласағұн «Құтты білік» дастанының мазмұндық ерекшелігі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, қосымша материал. 1-сабақ.


1-тапсырма. Топтық жұмыс.

Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,Есі болса, жұрнақ болса намыстан.Ұшқалақтық - бір, екіншісі - сараңдық,Үшіншісі – ашу ,оған егіз надандық.

Қырсығың – сор, бетті жер ғып жүргізер,Бесіншісі - өтірік, жерге кіргізер.Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын,Білсін сонда басынан құс ұшпасын.Ең қорлығы – өзімшілдік, залымдық,Олар жұқса, азғаны тек қаныңның.

1-топ. Берілген үзіндіден адам бойындағы ғұлама көрсеткен адамгершілік, асыл қасиеттер мен азғындық жолға түсірер жағымсыз қылықтарды қағаз бетіне түсіре отырып, ғұламаның айтпақ ойын түсіндіріңіз.

2-топ. Төмендегі үзіндіден адал достық пен амал достықтың сипаттарын қағаз бетіне түсіру. Ақыл, нақыл, өсиет сөздерін жинақтап айтыңыз.

Екі түрлі достықтың бар есебі,Сол үшін жұрт табысады, сенеді.Бір достық бар Тәңірді алған араға,Болмайды онда қалтарыс та, нала да.

Тағы бірі тек пайда үшін достасарМұнда адамдық болмас түбі қоштасар.Достасыңдар Тәңірді алып ортаға,Жүгін бөліс, ашуланба, шаршама.

Бұл дүниеде тілеме одан еш пайда,Алда Құдай берер, кетпес ешқайда.Егер пайда үшін дос боп табысса,Қатынаспа, түйінін шеш қатысса.

3-топ. Үзіндідегі дос, туыс, жолдас, бауыр ұғымдарына түсінік беріңіз, автордың тұжырымын анықтаңыз.

Дос көңілін білгің келсе өзің де,

Сына ашумен, суыт сөзбен жүзіңді.

Білгің келсе, сені сүйер-сүймесін,

Сұра қимас өзі сүйген дүниесін.

Дүниеқоңыз шетін көрсе пайданың,

Сенен кетпес «шеше», «әке» деп айналып.

Тілегенін бермесе егер сұрланып,

Көрмегендей бойын тартар тұлданып.

Ақ жүректі туыс, жолдас, бауыр тұт,Соларға сен, болмас қайғы, ауырлық.Дос, туыс сол қуанышта қуанар,Қайғы келсе, қасында боп уатар.

Сүйсін десең көп достарың өзіңді,

Тұз, нан ұсын, жарқын ұста жүзіңді.

4-топ. Төмендегі келтірілген үзіндіден ақыл, білім, тіл туралы айтқан ойларын жинақтап, автордың түйінді ойын білдіріңіз.

Ақыл, білім, тілмашы – тіл, бұл кепіл,Жарық төгіп, елжіретер тіл деп біл.Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.Тіл - арыстан есік баққан ашулы,Сақ болмасаң, жұтар ерім, басыңды!Не дейді ұққын, тілден жапа шеккен ерҚұлақ салып, амал қылып, есті елер.«Тілімнен көп жапа шектім, есебім,Бас кесілмес үшін тілді кесемін.Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын,Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын!»

2-тапсырма. С. «Құтты білік» дастанының композициялық құрылымына талдау жасаңыздар.

Сюжеттің басталуы:

Сюжеттік байланыс:

Сюжеттік даму:

Шарықтау шегі:

Шешім:

3-тапсырма. Үзінділермен жұмыс. «Құтты біліктен» алынған нақыл сөзді талдай отырып, қазіргі қолданылып жүрген мақал-мәтелдермен сәйкестендіріңіздер, мақалдардың мағынасын ашыңыздар.

Үзінді

Мақал-мәтел

Ақыл қайда болса, ұлылық толады, Білім кімде болса, сол білікті болады.

Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

Тіліңді бақ, басың аман қалады, Сөзіңді қысқарт, жасың ұзақ болады.

Аңдамай сөйлеген ауырмай өлер.

Есік баққан тіл – арыстан, ашулы, Сақ болмасаң, жұтар, ерім, басыңды.

Білекті бірді жығар,   

Білімді мыңды жығар.

Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын, Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын

Басқа пәле – тілден. 

4-тапсырма. «Фишбоун» әдісі арқылы топтар өздеріне берілген үзіндіден жазушы қолданған көркемдегіш құралдарды тауып, түрлерін ажыратыңыздар.

Орындалу барысы:

Басы – жазушы стилі.

Үстіңгі сүйектері - мәтіннің ішіндегі көркемдегіш құралдарды тауып жазу, түрлерін ажырату.

Астыңғы сүйектері – көркемдеуіш сөздерді үзінді арқылы дәлелдеу.

Құйрығы - шығарма жайлы түйінді ой айту.

Ескерту! Балық қаңқасындағы жазулар қысқа болу керек. Олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалық сөздерден болуы мүмкін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу