Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» романы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 13-сабақ.


Оқушының аты-жөні: ________________________________

Сыныбы: ________

Тақырып: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»

Оқу мақсаты:8.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;

1-тапсырма

Шығармадағы басты кейіпкердің бірі Қызтумасқа мінездеме беріңіз және кейіпкерге деген өз көзқарасын тұжырымдап, өмірмен байланыстыра жазыңыз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма

«Ұшқан ұя» әңгімесіндегі негізгі мінездеу мен жанама мінездеуді бөліп жазыңыз.

№1

Қалыңдық кіргенде, күйеу жағы ізет көрсетіп, орнынан тұрып қызды аялап қарсы алатын салтымыз ғой. Аюбайлар абыржып оны да ұмытқан көрінеді. Әпкемдер кіріп келгенде, орнынан тұрып қарсы ала алмапты.Оң босағада отырған қызға бұдан артық қорлық болсын ба, онсыз да ызаға булығып келген әпкем лезде тәкаппарланып кеткен екен. Жігітке қол ұсынбақ түгілі мінін бетке басады. -Жатыстарыңызға береке берсін. Жау қайтарғандай қалжырап қалған екенсіз, мазаларыңды алмайық. Қызға сөз салардан бұрын, сөз мәнісін түсінер болар еді. Сөз қадірін ұқпаған, өз қадіріне қалай жетпек. Кешіріңіздер, -деп бұрылып жүре береді.

№2

Аққұл жақындағанда, жиналғандар жапырылып жол берді. Бәрі қолдарын кеудесіне қойып, құрмет көрсетіп тұр. Ақкұл ерде маңғаз отыр екен. Жиналғандардың көбін көзіне де ілген жоқ. Маңдайын ақ орамалмен шарт түйіп алыпты. Бешпетінің жеңі түрілген. Түкті білегінің тамырлары адырайып тұр. Селдірлеу ұзын сақалы кеудесіне түседі. Белін жалпақ кемер белдікпен мықтап буынған. Денесін алға ентелете тастап ер үстінде еркін отыр. Жайдақ табан қырым етік киген екен. Үзеңгіге бос тастапты. Ол бірден ауыл ортасында бір топ кісімен тұрған әкеме тура тартты. Саусақтарының ұшымен ғана тізгінді іркіп еді, астындағы атының қос құлағы қайшыланып, кең танауы желбіреп барып кідірді. Маған ер-әбзелі ақ күміспен көмкерілген боз айғыр мен иесі ақ сақалды Аққұл екеуі осы сәтте бір тұтас құйылған сом мүсіндей сезілген еді.

Негізгі мінездеу

Жанама мінездеу

3-тапсырма

Шығарманың эстетикалық құндылығы неде? Өзіндік ой-пікіріңізді білдіріп, 5-6 сөйлеммен сыни шолу жазыңыз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

8.1.3.1Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;

1-3

шығармадағы кейіпкерге мінездеме бере алды;

Мінездеме жазуда 2 эпитет,3 теңеу қолданады

шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды;

өз пікірін білдіріп,сыни шолу жазады;

1

1

1

1

Барлығы

4



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу