Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» романы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 14-сабақ.


Таратпа материал

1-тапсырма

Төменде оқушының пікірі берілген. Оқушы Момыш атаның шығармадағы іс-әрекеттеріне баға бере отырып, қандай адам болғанын жеткізгісі келді? Момыш атаның бес қасиетін жаз. (Мысалы: Момыш – салтты сақтаған әке, т.б.)

 Қызы Үбиан ұзатылып кеткеннен кейін, Момыш атаның тұрмысы одан бетер нашарлай түседі. Себебі қызының жасауына көптеп қарыздар алып, жүдеп қалады. Сонда балаларының өгей шешесі, демек екінші жұбайы мінез көрсете бастайды: “Қазаныңда май қалмады, қатықталған шай қалмады. Бір қызыңды ұзатамын деп, аш өзек етіп ұлытып қоймақпысың” деп. Бірбеткей Момыш ата мұндай сөзге шыдай алмай, әйелінің төркінін шақырып мынандай сөз айтады: -” Ағат кетсем, айып көрмеңіздер. Бірақ осыншама қартайған шағымда қаңқу сөз есітем деген жоқ едім. Өгей деп, өңменінен итермес, өзім деп, бауырына басар деп ем балаларымды. Адасқан екем. Кеш болса да, жөнімді табайын. Табалау табына күйгенше, жалғыздықпен жағаласып өткенім жақсы. Қыздарыңызды ала кетсеңіздер екен. Салғыласып отыра алатын жайым жоқ” – дейді. Момыш атаның мына сөзі де ойға қалдырды: – “Біз үйміз, біз елміз, біз халықпыз. Адам туады, адам өледі. Ал халық ешқашан өлмек емес…” .

 

2-тапсырма

Үзіндіні оқыңдар. Жеті атаны білудің маңызы қандай? Өзіңнің жеті атаңды білесің бе? «Адам мінезі оның шыққан тегіне де байланысты» деген пікірмен келісесің бе? Өз ойыңды ПОПС формуласы арқылы білдір. (Менің ойымша, оған мынадай дәлелдерім бар, бір жағынан, екеінші джағынан, алайда деген сөздерді қатыстыр)

Әкем маған ата-тегіміздің аты -жөнін үйретуші еді.

- Кімнің баласысың? - деп сұрайтын ол.

- Мен Момыштың ұлымын.

- Момыш кімнің баласы?

- Момыш - Имаштың баласы.

Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады. Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін. Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу