Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 6-сабақ.
Сабақтың тақырыбы:
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік - Кебек» дастаныОқу мақсаты:А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар: Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.
Миға шабуыл : «Джеффа жаттығуы» әдісі
Бағалау критерийі:
1- тапсырма:«Пайдалы кеңестер» тәсілі
2-тапсырма «Сен ақынсың!» әдісі
Бекіту
«Домино» әдісіОқушылар «Домино» әдісі бойынша төрт адамнан тұратын топқа бірігеді.
Негізгі ойын үш адамның арасында жүреді.
Бір оқушы бақылаушы болады.
Жүрісті бастаған оқушы әр қадам сайын тақырыпқа қатысты бір сөз айтуы керек.
Қарсыласы өз жүрісінде оның сөздерін қайталамай жаңа сөз айтып жүрісін жалғастырады.
Бақылаушы уақытты, қарсыластардың сөздерінің дұрыстығы мен қайталанбауын қадағалайды.
Тапсырма екі минутқа негізделеді.
Салыстыру
«Жобалау техникасы» әдісіБұл тапсырма «Жобалау техникасы» әдісі бойынша орындалады.
Оқушыларға алдымен М.Әуезовтың «Еңлік- Кебек» пьесасынан (Youtube 03.09.14 Отрывок из "Еңлік-Кебек", https://www.youtube.com/watch?v=VJaBAaRgIZQ) үзінді көрсетіледі.
Оқушылар пьеса оқиғасының шығарма үзіндісімен сәйкес келетін кезеңдерін салыстырып, белгілеп отырады.
Оқушылар екі-екіден отырғызылады. Әрқайсысына шығарманың Еңлік пен Кебектің кездескен бөлігі жазылған үлестірме қағаздар таратылады.
Үзіндінің соңында :
«Мен мынаны қосар едім...»
« Мен былай болғанын қалар едім...»
« Егер мен жазушы болсам ..... аяқтар едім» деген толықтыруды қажет ететін сөйлемдер жазылады.
«Жобалау техникасы» әдісі
Бағалау
«Жауабыңды маған көрсет» әдісіОқушылар алдыңғы тапсырма бойынша бөлінген шағын топтан бес кісілік топқа бірігеді. Топ мүшелері дастан бөліктерін бір-бірден бөліп алады.
Оқушылар үзінділеріндегі «жоғалған сөздерді» тауып жазады. Тауып жазған сөздерін өздеріне қарсы отырған жұптардың тапсырмаларымен салыстырып, «дұрыс» деп тапқан нұсқасын келесі топ мүшелеріне көрсетеді.
Көп нүктелі жолдарды толықтырғаннан кейін үзінділерді өңдеп, бөліктерді өз сөздерімен қайта жазып шығады.
«Шарлау» тәсілі арқылы бір топ екінші топтың жұмысын оқып, топтық бағалау жүзеге асады.
«Жоғалған сөздер» кестесі
Кері байланыс: «Менің миымның суреті»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?