Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 11-сабақ.
Көркем әдеби сын дегеніміз не? Жалпы, көркем сөздің көркемдігін қалай тануымыз керек? Сыншы еңбегінің деңгейі қандай дәрежеде екенін анықтайтын шарттар бар ма? А.Байтұрсынұлы: «...Адамның қай ісінен шыққан нәрсе болса да сынға салудағы мақсат – жақсы, жамандығын ашу, мән-мағынасын анық таныту. Ғылым тарапынан шыққан нәрсе болса, ғылым жүйесіне дұрыс, терісін көрсету. Әдебиет адам ісінен шыққан нәрсе болғандықтан, бұ да сынға түспек. Мұның түрлісі түріне қарай сынға түседі, бірақ қайсысы сынға түссе шығармалардың түсетін сынының жалпы аты – әдебиет сыны деп айтылады. Әдебиет алқасына кіретін шығармалар қара сөз, дарынды сөзболып, екі айрылатыны жоғарыда баяндалды. Сынға түскенде, мұның екеуі екі жүйе таразымен өлшеніп, сынға түседі. Қара сөздер, мейлі әуезе, мейлі әліптеме, мейлі байымдама болсын ғылым таразысына түсіп, ғылым жүйесінің сынымен тексеріледі. Ғылым сыны ғылым жүйесіне дұрыс, терісін қарайды, шынында сондай нәрсе ме? Топшылауы дұрыс па, дәлелдері толық па, сипаттары күшті ме? деп, со жағынан тексереді»3.
«Әдебиет танытқышта» әдеби сынның түрлері мен жанрлары осылай нақтыланған. Сынның басты мақсаты көркемдік әлемнің шынайылығын нақты пән сөздері арқылы айқындау болып табылады. Сыншының қатардағы оқырманнан негізгі айырмашылығы осындай кәсіби пән сөздері арқылы көркем мәтінді таныту болып табылады.
Сондықтан А.Байтұрсынұлы сыншы болуға қажетті келесі шарттарды анықтап берген: «Пән шығарманың ғылым жүйесіне дұрыс, теріс келуін, пәннен хабардар адам болмаса, пәннен хабары жоқ адам білмейді. Сондықтан ғылым сынын ғылым иесі ғана жасау қолынан келеді. Дарынды сөзді сынау үшін де білім керек, бірақ қара сөзді шығармаларға керек болған пән білімі емес, басқа түрлі білім керек. Бұған ғылым білімінен гөрі өнер білімі көбірек керек! Ұстаның мінін көбінесе ұсталар көреді. Сондай-ақ, дарынды сөздің мінін ақындық дарыған адам көбірек көрмек, бірақ ұста істеген нәрсенің мінін ұстаның бәрі көре бермейді. Жақсы ұста ғана ұста істеген нәрсенің мінін көре алады. Жаман ұстаға өзінен артық ұстаның істеген нәрсесінің бәрі де жақсы көріне береді. Ондай ұстадан да жақсы ұстаның істеген нәрсесін тұтынып, көзі үйренген жай адам ұстаның ісін артық сынайды. Сол сияқты дарынды сөзді ақындығы шамалы адамнан да, жақсы ақындардың сөзін оқып, әдемілігінен әсер алып үйреніп қалған, оқыған, жай зейіні ашық адамдар дарынды сөзді артық сынауы ықтимал. Сондықтан дарынды сөзді сынауға ақындық керек болғанмен, ақын емес адамның да қолынан келмейтін іс емес. Сөйтіп, ғылым сыны ғалымдықсыз жасалмайтын сын да, дарынды сөз сыны ақындықты керек қылғанмен, ақындығы жоқ, ақындықтан шыққан әдемі сөздерге үйір болған адамдар да жасауға болатын сын»4.
Ғ.Мүсiреповтің стилі туралы сыншы А.Сүлейменов былай дейді: «Аз жазу, қысқа жазу әрине, мiндет емес. Мiндет – қалай айдасаң да қыңқ етпес сөз бейбақтың қанжығасына керегiнде қағанның қаһарын, керегiнде жас құшақтың алауын, керегiнде жалғыз ырғақ, жалғыз иiрiм үшiн кер домбырамен ұзақ түнгi ұстасар күйшiнiң дәрменсiздiгiн бөктерiп жiберу. ... Ғ.Мүсiрепов аз жазады. Мұның себебiн iздей барғанда, жазушының сөзге табынарын көресiз. Бұл табыныс – саудагердiң сомды емес, тиынды пiр тұтқанындай. Ғ.Мүсiрепов сөздiң өсiм әкелмесiне – ойнамасына, сөздiң өсiм әкелмесiне – мысықтың жонындай қайыра тарап көргенде ұшқын атпасына; сөздiң өсiм әкелмесiне – жалғыз сөздiң тiркестi, тiркестiң сөйлемдi, сөйлемнiң қайырымды (абзац) сiлкiп-сiлкiп алмасына көзi зайыр жетсе, төлемi жоқ қайран сөздi рәсуа етпейдi. Содан да шығар анықтауыш сорлыны өтiрiк қана куәлiкке алып ап, бастауыштың, баяндауыштың пысықтауышқа қызыл-қырғын майдан берерi Ғ.Мүсiреповтiң жазу машығында тiл-дәмiн татар, құлақ-әуезiн естiр, көз-көркiн көрер байырғылық бар»5.
Дарынды сөзді қай жағынан сынау керек деген мәселеге А.Байтұрсынұлы былай жауап береді: «Қара сөзді әдебиетте пікір сүлде түрінде айтылады. Дарынды сөзде пікір сурет түрінде шығады яғни сүлде үстіне өң, ажар, жан, мінез, қылық беріліп, тұрпат, тұлға, түс бітіп, тірі нәрсе болып шығады. Сондықтан да дарынды сөз көркем сөз деп аталып, қара сөздер жалаң сөз деп айтылады. Қара сөздің сынында пікір дұрыстығы, істің растық жағы тексерілсе, көркем сөздің сынында пікір дұрыстығының үстіне, пікірге берілген сурет, сұлулық жағы да тексеріледі. Көркем сөзді әрі сүлде, әрі сурет екі жағынан да тексеруге тиіс болғандықтан, оның сынында мынадай сұраулар боларға керек: Тұрмыстың қай жағын алып сөз қылған? Мазмұны дұрыс па яғни өмірде ондай қалып ұшырай ма? Яки ұшырауға мүмкін бе? Өмірде болатын қалып болса, неден болады, неден болатын себебін біліп айтқан ба? Адам баласының бәрінде боларлық қалып па, белгілі бір табында ғана боларлық қалып па? Мұрат қалып па? Кейіп қалып па? Бұл шығарманың сүлде жағының сыны. Сурет жағының сынында сұраулар мынау түрде болмақ: Көркем сөз табына шын қосыларлық сөз бе? Қиял жасаған тұрпаттар, ойдан үйлестірген уақиғалар пікір санасына тура келіп, дұрыс сүгіреттеп, өңдендіріп көрсете ала ма? Тілі өрнекті ме? Әуезді ме? Лұғаты таза ма? Анық па? Қысқасы, ойды өрнектеп, көрнектеп, суреттеп көрсеткендей тілінде шеберлік бар ма? Екінші сөзбен айтқанда, ақылдың аңдағанын, қиялдың меңзегенін, көңілдің түйгенін тілі дұрыс жеткізе алған ба?»6.
«Әдебиет танытқышта» әдеби сынның теориялық негізі қазақ тілінде нақтыланып берілген: «Манағының бәрін қорытып айтсақ, асылында,көркем сөзде екі тысқы, екі ішкі сын болады. Тысқы сындар: 1) тілінің, лұғатының сыны яғни тілінің дұрыстығы, анықтығы, тазалығы, дәлдігі, көрнекілігі, әуезділігі, өрнектілігі жағының сыны. ...Ішкі сындар: 1. алынған мінез, айтылған қылық, көрсетілген қалып, жан жүйесінің жөнімен қарағанда дұрыс бүгіп шығу, шықпауының сыны. 2. Өмір жүзінде айтылған нәрсесінің болатындығының себебін дұрыс көрсеткен, көрсетпегенінің адам қауымындағы қалып түзелу жағына әсер етерлік (пайда-зиян келтірерлік) қуаты бар-жоғының сыны»7. Сынның тысқы және ішкі шарттары осылай айқындалған. Бұл шарттар бүгінгі таңда да өз қажеттілігін жоймаған әдеби сынның теориясы болып табылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?