Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 9-сабақ.
«Сарыарқа» өлеңінің аудиокітабына сілтеме:
http://bookshelf.kz/index.php/catalog/audiobook/5149-olengderi_men_zhyrlary
Мұрат ақынның мұралары «Үш қиян», «Сарыарқа» толғау-поэмаларын, «Қазтуған», «Шәлгез», «Қарасай-Қази» жырларын, айтыстарын, бірнеше толғау-термелерін, арнау өлеңдерін қамтиды. Ақын «Үш қиян» мен «Сарыарқаға» халық басына түскен ауыртпалықты арқау етсе, «Қазтуған», «Қарасай-Қази», «Шәлгез» жырларында ноғайлы жұртының аңыздарын өзінше баяндайды. Мұраттың алты ақынмен айтысы ғана сақталған. Ал арнау өлеңдерінің дені би-болыстарға, елдің беделді адамдарына айтылған. Сондай-ақ, хат түрінде жазылған «Оқудан қайтқан жігітке», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» деген үш өлеңі, тойбастар жырлары, бірқатар сөз қағысулары бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.Атыраудың ғана емес, алты алаштың ардағына айналған Мұрат ақынның мұрасы – біздің сарқылмайтын рухани қазынамыз. Мұратану мен мұраттануды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.
Бауыржан ОМАРҰЛЫ,филология ғылымдарының докторы, профессор.
... Мұрат термелері – өте көркем, тағылымы мол дүниелер. Өзінің мән-мағынасын күні-бүгін де жоймағаны көрінеді.
Зерттеушілер толғаулар деп атап жүрген ақынның екі үлкен шығармасы – «Үш қиян» және «Сарыарқа». Толғау деп айдар таққанмен, бұл туындылар лирикалық дастанның жүгін көтеріп тұрған шығармалар. Сондықтан бұларды лирикалық дастандар деген жанрға жатқызсақ артық емес.
... Сонымен, «Үш қиян», «Сарыарқа» атты лирикалық дастандар – «Зар заман» туындылары. Олар отаршылдыққа, озбырлыққа қарсы туған жырлар.
Қадыр ЖҮСІП,филология ғылымдарының докторы,профессор.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?