Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 9-сабақ.
Зияткер зердесі
- Үзінділерді мұқият оқып шығыңыз немесе аудиокітаптан тыңдаңыз.
- Әр бөлімнен хабар беретіндей атау беріп, төмендегі ұяшықтарды толтырып шығыңыз.
2-бөлім
Кәмелсіз қонған елін көп тоздырған,
Қайырсыз осы секілді неткен қоныс?
3-бөлім
Қуалап Исатайды өлтірген соң,
Заманның содан бері тарылғаны.
4-бөлім
Ерлерге ерегіскен не қылмады?!
Бір қазақ еркек болса Махамбеттей,
Мұны да аңсыз күні жазымдады.
6-бөлім
Кіндігін, кірін жуып кескен жерден
Қысылмай ер кете ме еркіменен?!
Қонысқа таласасыз бұ заманда,
Біз түгіл Асан Қайғы тентіреген.
8-бөлім
Баласы мұсылманның нашарланды.
Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?
9-бөлім
Ақыр да қыл жалаулы қалмақ кетті,
Қуалап Дәулеткерей солдат кетті.
Су қарап он екі жыл қайықпенен,
Асан би жердің үстін барлап кетті.
15-бөлім
Ел едік, біз де өзіңдей шалықтаған,
Мал бітіп, қара қалың қалыптаған.
Ақты қой, қылаң жылқы қып-қызыл нар,
Тең ауды төрт түлік мал шауыттаған.
21-бөлім
Қой сойып, үй басына, ойын қылып,
Жиылып жүруші еді қыз бен келін.
Шалқыған тасқын судай көңілін басып,
Біреуге пенде болды кербездерім!
24-бөлім
Мол дәулет қарағаштай халықтан кетіп,
Кісімен бірдей болдық жаңа туған.
25-бөлім
Сегізбай, Қаратал мен Көшентымық,
Алқада сөз сөйледім базар қылып.
Оқырман пікірі
- Топта ұяшықтарға жазған қайғылы болып табылатын ерекше эпизодтарын талқылаңыз.
- Ұлт трагедиясының сипаты бар сөздерді анықтаңыз. Осы мәселені Блум сұрақтары арқылы топта талдаңыз.
- Ақынның мұңлы көңіл-күйді жасаудағы тілдік ерекшелігін ашыңыз.
Білім: Кім? Не? Қашан? Қайда? Қалай?
Түсінік: Мазмұнын айту...
Қолдану: Неге маңызды?
Анализ: Себебін анықтау
Синтез: Қандай идея қоса аласыз?
Бағалау: Бұл мәселені қалай шешер едіңіз?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?