Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 16-сабақ.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
“ЕҢЛІК-КЕБЕК” ДАСТАНЫ
ОҚУ МАҚСАТЫ:
Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау
САБАҚ МАҚСАТЫ:
Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтайды.
1-тапсырма Ж.
Еңлік-Кебек оқиғасы жайлы бейнематериалды көріп
тыңдаңыз.
Бейнематериалдан қажетті ақпараттарды жазып
алыңыз.
2-тапсырма Ж.,ТЖ. ДЖИГСО
1-қадам. 4 топқа бөлініп, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанының мәтінін шолып шығыңыздар.
2-қадам. Эксперт топтарын құрып, мәтін бөліктерін бөліп алыңыздар:
1-топ. басынан бастап «Тағы сынап көріңіз мұның түрін» деген жерге дейін;
2-топ. «Ту тіккен Тобықтының қос басшысы» дегеннен «Ыстық жасы көзінен кетті тамып» деген жерге дейін;
3-топ. «Таң жарығы түскен соң шаңыраққа» дегеннен «Кебектің жатқан жерін айтып берді» деген жерге дейін;
4-топ. «Ұйықтамайды сақтанып Кебек түнде» дегеннен соңына дейін оқиды.
3-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлініңіздер (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2- бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).
4-қадам. Сараптау тобында өздеріңіз оқып шыққан үзіндіге талқылау жасаңыздар, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілеңіздер.
5-қадам. Өз топтарыңызға барып, сараптау тобында үйреніп келген бөліктердің мазмұнын ортаға салып, сөздік жұмысын жүргізіп, негізгі ойды, сюжеттік желіні анықтаңыздар.
3- тапсырма ЖЖ.,ТЖ. «Сұрақтар жаңбыры»
1. Еңлік пен Кебек кім, олар қалай кездеседі?
2. Нысан абыз Кебектің болашағын болжап, қандай жорамал
айтты?
3. Кебектің Нысан абыз ескертуін ескермегені неліктен деп ойлайсыңдар?
4. Еңліктің қыз бала бола тұрып, Кебекке өзі сөз салуы
көрсеқызарлықтан ба, әлде мәжбүрліктен бе?
5. Еңлік пен Кебектің қашуына не себеп болған не?
6. Кеңгірбай неліктен екі жасты ұстап беруге мәжбүр болды?
7. Ғашықтар қандай жағдайда қолға түсті?
8. Өлім алдында Еңлік қандай тілек айтты?
9. Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі?
10. Дастан неге трагедиямен аяқталды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру