Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 17-сабақ.


САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ

“ЕҢЛІК-КЕБЕК” ДАСТАНЫ

ОҚУ МАҚСАТЫ:

8.Т/Ж2. Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

САБАҚ МАҚСАТЫ:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

“Үнсіз буктрейлерді “

өздеріңіз қалаған жанрда “сөйлетіңіздер”.

1-тапсырма ТЖ. “Кубизм”

1-топ. Білу

Дастанның шығу тарихына қатысты деректер, «Еңлік-Кебек» дастанының шын мәніндегі поэма екендігі туралы интернеттен қосымша ақпараттар жинаңыздар.

2-топ. Түсіну

Дастанның негізгі идеясы мен тақырыбын ашыңыздар. Ескіліктің  бұлжымас заңының дастандағы көрінісі, әйел   теңсіздігі т.б. туралы ақпараттар жинаңыздар

3-топ. Қолдану

Шығармадан үзінділерді іріктеп, дастан оқиғаларын ой картасына түсіріңіздер; постер қорғау барысында неге сол жолдарды таңдап алғандарыңызды дәлелдеуге тиіссіздер.

4-топ. Анализ.

Шығарманың эпилог, прологтарын тауып, композициялық  құрылымын талдап жазыңыздар.

5-топ. Синтез

Еңлік пен Кебек басынан өткен жайлар бүкіл халықтық трагедияның көрінісі екенін басқа да шығармалардан, зерттеу еңбектерінен дәлелдер келтіре отырып ашыңыздар.

6-топ. Бағалау

Филология ғылымының докторы, профессор Қанипаш Мәндібайдың пікірін өрбітіп, «Еңлік-Кебек» дастанының қазақ әдебиеті тарихындағы орнына баға беріңіздер.

 

 

 

 

 

2-тапсырма ТЖ. Дастархан”

“Дастарханның” төрт бұрышына сұрақтарға жауап жазыңыздар.

Феодалдық салт-дәстүр, қатыгездік үстемдік құрып тұрған заманда автордың жастардың бас бостандығы мәселесін көтеруінің себебі не?

Пафосқа тән белгілер (құлшыныс, құштарлық, асқақтық, қуатты сезім мен терең шабыт) дастанның қай тұстарында көрініс береді?

«Қазақ руханиятындағы айрықша тұлға, ықпалды тұлға Шәкәрім» (Қ.Мәндібай пікірі) осы дастаны арқылы қазақ әдебиетінің дамуына қандай үлес қосты?

Дастанның өміршеңдігінің себебі неде? Зерттеушілер пікіріне сүйеніп, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

 

3- тапсырма Ж.,ЖЖ.,ТЖ.,С.

Ойлан, бірік, бөліс!”

Сабақ мақсатына байланысты ойыңызға келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазыңыз (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіріңіз (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылап, тұжырым жасайды (Бөліс).

Кері байланыс “Көңіл күй себеті”

Тапсырма қиын болды, сондықтан ............................................................................

Тапсырма мен үшін жеңіл болды, себебі...................... ............................................

Тапсырма түсінікті болды, бірақ мен ..............................................................................



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу