Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 23-сабақ.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
“ЕҢЛІК-КЕБЕК” ДАСТАНЫ
ОҚУ МАҚСАТЫ:
8.Б/С2. Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру
САБАҚ МАҚСАТЫ:
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға бере алады.
“Кейіпкермен кездесу”
Тапсырма:
Өздеріңізді «Еңлік-Кебек» дастанының кейіпкерлерімен кездесуде отырғандай елестетіңіздер.
Сіздердің кейіпкерлерге тек қана төрт сұрақ (Қайда? Қашан? Неге? Қалай?) қоюға мүмкіндіктеріңіз бар.
P.S. Сұрақтар креативті болсын.
Жауап та соған сай болуы қажет.
1-тапсырма ТЖ. “Ойлаудың алды қалпағы”
Ақ қалпақ – «Суреттерді сөйлет»» Тізбектегі суреттер жайды ақпараттар жинап, жан бітіріп, “сөйлетіңіздер”.
Сары қалпақ – Еңлік пен Кебекке бүгінгі қазақ жастары атынан өлмес, өшпес ескерткіш қойыңыздар.
Қызыл қалпақ – ел бірлігі үшін еріксіз екі жасты ұстап беруге мәжбүр болған Кеңгірбай бидің ішкі толғанысын монолог түрінде жалғастырып жазыңыздар.
Қара қалпақ – Матайлардың ру намысын қорғап, Еңлік пен Кебекті өлтіруге бел байлаған іс-әрекетін жақтап, өз пікірлеріңізді дәлелді қорғаңыздар.
Жасыл қалпақ – дастанның өздеріңізге ұнаған тұсын драма жанрына айналдырып, әсерлі қойылым әзірлеңіздер.
Көк қалпақ - РАФТ стратегиясы бойынша шағын мақала жазып, шығарманы өмірмен байланыстырып қорытынды жасаңыздар.
2-тапсырма ТЖ. “Соңғы сөзді мен айтайын”
Төмендегі пікірлерге сүйеніп, дастандағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беріңіздер:
«Еңлік-Кебек» дастаны — әдебиетімізде өмip құбылыстарын адам тағдыры арқылы ашудың, оны мұқият зерттеуге батыл бет бұрыстың алғашқы тәжірибелерінің бірі.
Шығармаларының негізгі кейіпкерлері – сол тұстағы қоғамдық ортадан алынған шынайы образдар. Олардың сезімі, жан дүниесі, өмір құбылыстарын түсінуі, адами күйзелісі өмірде болып жатқан шындықтармен қабаттасып жатады.
Шәкәрімнің поэмалары ... «Сөз алдынан» деген сөз басымен басталады. Бұларға ортақ жай – аталған поэмалардың сөз басы философиялық толғаммен басталып, онда ақынның адам, өмір, қоғам жайындағы дүниетанымдық толғамдары көрініс тапқан. Эпикалық туындыларын осылайша бастау – ақын қаламына тән ерекшелік.
3- тапсырма Ж. “ Төрт сөйлем ” тәсілі
Пікір. Дастанның заманауилығы мен
жаңашылдығы бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып,
мысал келтіреді.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды
шығарады.
Рефлексия «Блоб ағашы»
Бұл сабаққа дейін ___бұтағында болдым деп ойлаймын. Өйткені ... ...
Жұмыс барысында ___ бұтаққа жеткенімді байқадым.
Оның себептері ... ... ...
Бөлім соңында ___ тұстан орын алғанымды байқадым. Оның мынадай дәлелдері бар...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?