Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 17-сабақ.


Бейнежазба: «Еңлік –Кебек» дастанынан «Еңлік монологы», М.Әуезов «Еңлік-Кебек» пьесасынан үзінді.

Youtube 24.02.14 Еңлік-Кебектен үзінді «Еңлік» монологы

https://www.youtube.com/watch?v=Zk-db3V3Ekk

М.Әуезов «Еңлік –Кебек» пьесасы

Youtube 03.09.14 Отрывок из "Еңлік-Кебек" 2-курс Жүргенов атындағы КАЗНАИ https://www.youtube.com/watch?v=VJaBAaRgIZQ

Білгенге маржан!

Е.Жұбанова «Еңлік-Кебек» операсы

«Еңлік Кебек» операсының қысқаша мазмұны. ПРОЛОГ. (салыстырмалы талдауға арналған)

Даланың үстінен, Шыңғыс тауларының үстінен қарғалардың қаптап өткен шоғырындай қап-қара үрейлі, суық хабар есіп өтті- Еңлік пен Кебек өлтіріліпті. Екі рудың — Найман мен Тобықтының жаулығы, ел басылардың қатыгездегі мен ңиянатшыл опасыздығы махаббат пен бақытқа қол созып, ата-баба әдет-ғұрпын тұңғыш рет бұзуға батылдық жасағандардың жастығына қараған жоқ, оларды өлім жазасына кесті. Трагикалық, ауыр музыка естіледі. Халық қайғы мен қасірет құшағында.Бұларды өз әнімен, өз аңылымен және сұлулығымен Еңліктің қуанышқа бөлегені кеше ғана емес пе еді? Нағыз батыр Кебектің ерен ерліктері мен даңқы жөніндегі қауесеттің ауыздан- ауызға тарағаны да кеше ғана емес пе еді? Ол халқы үшін семсерін талай рет көтеріп, туған жерін жаулардың шапқыншылығынан талай рет сақтап қалғанды. Міне, енді олар кеуделеріне жебе қадалып, тыныссыз, өліп жатыр. Қарт, дана Абыз халықпен бірге. Зырлап өткен жылдар, туған халқының тағдыры туралы мазасыз толғаныс пен ширығу ақын жүзін терең әжімдермен айғыздап тастапты.Ол Еңлік пен Кебекті қорғап қалуға үлгіре алмады. Оның әні әлсіз екен, оның бітімге, жақсылық пен әділдікке шақыруынан дәрмен жоқ екен. Ол билердің тас жүрегін жібіте алмады. Қашан қайғы мен қасіреттің бұлты сейіліп, қашан туған жерге қуаныштың шапақ сәулесі төгіледі, қашан онда еркіндік, бақыттың нұры шалқиды? Қашан?..

«Таудағы кездесу»

Жаздың ашық күні. Шыңғыс тауының тарамынан, жақпарлар мен қойтастар арасынан Жапалдың отары көрінді. Көңілді де тентек бақташы баланың жалынды әні жаңғырыға қанат қағады. Балаға ежелгі, құпия арманы тыным бермейді — Жапал атақты батыр болғысы келеді, сар далада сәйгүлікпен ағызып, қас дұшпанмен шайқасқысы келеді. Міне, ол қазір де өзін аттылы жаулардың арасындағы құйғытушы сайыпқыран санайды, қамшысын сілтей берді де, кенет… зәресі кетті, «әлгі шабысынан» сүрініп, күтпеген жерден пайда болғән бейтаныс жігітті көрді де, құлап түсті.Еу, Жапал, Жапал, сенің әлгі батырлығың мен жүректілігің қайда? Қорқыныштан ер адамша киініп алған ескі әрі сенІмді өз досың сұлу Еңлікті де ажырата алмай қалдың?Достардың арасында шертілмеген сыр болмайды, айтылмаған ой жоқ, ортаға салынбаған әңгіме жоқ. Еңлік Жапалдан өз сырын жасырмайды. Оны алдында не күтіп тұр, ол шын және бүкіл өмір бойы сүйетін адамына кездесер ме? Ие ол батыр Кебек туралы, оның жайсаңдығы, ақылдылығы мен күштілігі жайлы естіген; бірақ, онымен жолығуы бұған шаттық әкелмейді, себебі ол басқа, жау ру Тобықтыдан.Достардың шынайы сырласуын, Еңліктің бақыт жөніндегі әсем арманын Есеннің келуі бұзады. Жас батырды қыздың айрықша сұлулығы әлдеқашан-ақ баурап алған. Оны бұдан басқа кімнің алуға дәмесі бар, екеуі де Найман. Еңлік оның інісіне айттырылып қойылған, бірақ ол айттырылған болашақ күйеуін сүймейтін секілді, той өткізуге асықпайды, олай болса ол ру заңы бойынша тек оған — Есенге ғана тиесілі. Есенге кездескен сайын үзілді-кесілді жауап бермей құтылу да оңай емес, оның қызу да албырт лебізінен бастарту қиын-ақ. БІрақ, Еңлік оны сүймесе, жүрегі мен арманында басқа бір сүйікті де іңкәр бейне жүрсе, онда оған не айтпақшы? Есен Еңліктің не деп шешкенін біле алмастан кетеді.Ал, мынау немене? Ат тұяғының дүбірі жақындап келеді, жақын… Шаң бұлтына тұмшаланып келе жатқан кім — дос па, қас па?Салт аттылар екеу, олардың алдарында жер қанатында жатып алғандай зымырап бара жатқан елік. Бұлар аңшылар екен, олар өз олжаларын енді-енді қуып жетпекші. Жебе күн көзінде айдай жарқ етті, елік құлағына зуылдаған үн шалынды. Тимей кетті ме? Жо-жоқ, орғып бара жатқан елікті Еңлік жіберген жебе сұлатып түсірді. Қанжығасын майлауды көздемеген бұл қызық аңшылар кім? Еңлік мергендікте кіммен таласып, жеңіске жетті. Қыз олжаны кімнен жырып алды? Олар — Кебек пен оның досы еді,Ақырында Еңлік пен Кебек ұшырасты. Олар бір-бірін бұрыннан білетін. Олардың арасында рулардың жауластығы бөгет боп тұрды. Бірақ, қазір оларды ешкім ешқашан да ажырата алмайды. Жеңімпаз махаббат, шаттықты да нұрлы сезім қыз бен жігітті баурап алған. Бақыт туралы арман жүзеге асты.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу