Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 15-сабақ.


Аудиожазылым : Шәкәрім туралы тың деректер

https://www.youtube.com/watch?v=wQr7CzmN4SY

youtube.com 16.09.14 Шәкәрім туралы тың деректер

 Қосымша: Еңлік пен Кебек туралы хикаялар XVIII ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Алғашқы жазба дерек 1892 жылы «Дала уәлаяты» газетінің отыз бірінші және отыз тоғызыншы сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген мақалада келтіріледі. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді. Бұл поэма 652 жолдан тұрады. Мұхтар Әуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауия Абайұлы дастанын 1941 жылы Қайым Мұқаметханов баспаға әзірлеген. Бұл қолжазба тек 1960 жылы баспадан шығарылған «Дастандар» деген жинақта алғаш рет жарияланды. Әуезов осы дастанның арқауымен трагедия жазған болатын. Тұрағұл Абайұлы (1875-1934) – әдебиет зерттеуші, аудармашы, қоғам қайраткері. Тұрағұл Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов сынды Алаш қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынаста болған. 1922 жылдан бастап біржола шығармашылыққа бет бұрған. «Әкем Абай туралы» естелік кітабы қазақ әдебиетінде естелік жазу жанрының басы болып саналады. Тұрағұл бұл еңбегін М.Әуезовтің өтініші бойынша жазған. Тұрағұл ағылшын жазушысы Джек Лондонның «Эскимос Киш» әңгімесін, орыс жазушылары М.Горькийдің «Челкаш», А.С.Неверовтың «Марья-большевичка», «Мен өмірге жерікпін» атты әңгімелері мен Б.Прустың «Антек» деген шығармасын қазақ тіліне аударған. «Челкаштың» aудармасы «Таң» журналының 1925 жылғы сандарында жарық көрген. А.С.Неверовтың аталмыш екі шығармасы «Мен өмірге жерікпін», «Ортақшыл Мария» деген атпен Мәскеуде 1927 жылы жеке кітап болып шыққан. Қалған аудармалары да Мәскеудегі баспаларда жарық көрген. Тұрағұл Джек Лондонның «Мартин Иден» романын аударған, бірақ қолжазбасы сақталмаған. Тұрағұл немере ағасы Кәкітаймен бірге әкесі Абайдың шығармалар жинағын 1909 жылы Петербургтен алғаш рет кітап етіп шығарды. Тұрағұлдың ақын ретінде де танылып, «Алладан мен қапа боп тілеген күн», «Хат», «Әбішке», «Жауап хат» және т.б. өлеңдер жазып қалдырған. 1928 жылы Шымкентке жер аударылған Тұрағұл ауыр азап үстінде дүниеден өтеді. «Әкем Абай туралы» естелігі 1993 жылы Б.Байғалиевтің құрастыруымен жеке кітапша болып шықты. Ақылия (Ақыш) Оразбаева (Ғақылия, Ақила) (1901-1990) – Тұрағұлдың қызы, Абайдың өз қолында өскен немересі. Ақылияның шілдеханасында Оразбай құтты болсын айта келіп, Абайға немерелер татулықтың ұйытқысына айналсын деген тілекпен бесік құда болуға өтініш білдіреді. Абайдың өсиеті бойынша Ақылия бойжеткен соң, Оразбайдың Медеу деген баласынан туған Санияз есімді немересіне тұрмысқа шыққан. Жастардың 1917 жылғы шілде айының 7-сі күні Ойқұдықта өткен некелесу тойында М.Әуезовтің «Еңлік – Кебек» пьесасы қойылады. Абай төңірегіндегі Әуез, Әйгерім, Омархан, Шәкәрім, Көкбай сияқты кісілерді жақын біліп өскен Ақылия кезінде Әуезовке мол құнды деректер берген. Абай аулына А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатовтар әрдайым келіп, Ақылия қолынан дәм тататын. 1918 жылдың қысында Шұнайдың бауырындағы Садыр қыстағында отырған Санияз бен Ақылияның үйінде денсаулығы нашарлаған С.Торайғыров бір қыс жатып, қымызбен емделіп қайтады. С.Торайғыровтың бірқатар жырлары осы кезеңде жазылған. Ақылия Алматыдағы Опера және Балет театрында ұзақ жылдар бойы Уәсила екеуі Абай ауылы, Абай заманы, Тобықты елі киім үлгілерін тігетін бірден-бір шебер болды. Ақылияның Абай жайындағы естелік әңгімелері Қ.Қуанышбаевтың ақын бейнесін сомдауына көп әсерін тигізді. Ақылияның Оразбай-Абай ауылдарында болған қиян-кескі оқиғалар туралы естеліктері Абайдың әдеби-мемориалдық музейі қорында сақтаулы. Аймағамбетов Ақкенже (1896-1932) – Алашорда азаматы. Дәулетті отбасында дүниеге келген. Ауыл мектебінен мұсылманша оқып білім алған. Алаш қозғалысына қатысқан. 1917 жылдан кейін уездік, облыстық қазақ комитетінің жұмысына араласып, қаржылай жәрдем берді. Шыңғыстағы «Талап» игілік ұйымының құрылтайшысы болды. Мұхтар Әуезовтің басшылығымен киіз үйде алғаш қойылған «Еңлік – Кебекте» Кебектің рөлін ойнады. 1918 жылы Семейде құрылған Алаш әскерін көлікпен, ақшалай қаражатпен жабдықтауға зор үлес қосты. Қызылдармен шайқаста қол бастап, майданға аттанды. Ақкенже Тұрағұлмен бірге қызылдарды Семейден Рубцовкаға дейін қуған соғыста болып, ерлігімен көзге түсті. Ол Алаш қозғалысының белсенді азаматтарына, олардың отбасына, шәкірттерге, аштыққа ұшыраған Жетісу, Сырдария қазақтарына азық-түлік, қаражат жағынан көмектесіп тұрды. 1928 жылы тәркіленіп, отбасымен Сырдария округіне жер аударылды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу