Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 19-сабақ.


Бейнежазба: Тамара Асардың орындауындағы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні 

https://www.youtube.com/watch?v=jvCULstY2ag

Білгенге маржан!

Шәкәрімнің музыкалық мұрасы

http://old.el.kz/blogs/entry/content-3172

Бұл өлең жолдары - Шәкәрім Құбайбердіұлының «Мұтылғанның өмірі» туындысынан алынған үзінді. Ғұламаның осы «Мұтылғанның» өмірі» атты шығармасы - ақынның әндерін жинақтауға үлкен үлесі болғанын дереккөздер растайды.

Шәкәрім Құдайбердіұлы – жеті түрлі өнерді меңгерген ақын. Өз домбырасына тағы бір ішек қосып, үш ішекті аспапта ойнау ерекшеліктерін жетілдірген талант иесі. Сондай-ақ, композитор скрипкада да жақсы ойнаған. Ақынның «Жастық», «Шын сырым», «Ажалсыз әскер» атты өнер туындылары - жаңашылдығымен ерекше. «Жастық» әні - Абайдың «Сегіз аяқ» үлгісінде шығарылған.Қазақтың бас ақыны Абай қырықтан асқан шағында өнерлі ұландарды жинап алып, жастарға ақыл-кеңес бергені белгілі. Абайдың тәрбиесін көрген Шәкәрімнің әнге құмарлығы, осыдан болса керек. Шәкәрімді Абайдың әншілік жолын қуған ізбасары деп те атайды.

Шәкәрімнің музыкалық мұрасы 15 әннен, 2 күйден, («Алабайрақ» , «Бозторғай») 8 әуенмен орындалатын 4 эпикалық шығармадан («Еңлік-Кебек», «Ләйла-Мәжнүн», «Қалқаман-Мамыр») тұрады.

Бүгінде ел арасында көп тараған Шәкәрімнің әні - «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» атты өнер туындысы. Алғаш рет 1931 жылы жарияланған. Шығарма «Шәкәрімнің 500 әні мен күйі» жинағында жарық көрген.

Ахат Құдайбердиев - Шәкәрімнің ұлы. Ол әкесінің әншілік мұрасының жиналып зерттелуіне үлкен үлес қосты. Ш. Құдайбердіұлының әндері ХХ ғасырдың 20 жылдары жинала бастаған екен. Алғашында «Жаңа ойдан шығарылған бір бөлек бұл ән», «Анадан алғаш туғанымда», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Қожа Хафиз түсіме енді де» таспаға түсіп, осы әндерді зерттеуші Асқан Серікбаева нотаға түсірді. Кейін Ахат композитордың 14 әні мен 8 жыр мақамын ел аузынан жинақтап, қорға қалдырды. Қамимиден Нығыманов, Бажай Ахметов, Зейнеп Егеубаева, Бақытжамал Оспанова, Нығыман Әбішев сынды Қазақстанның әр аймағындағы адамдар Шәкәрімнің ән мұрасын бүгінгі күнге жеткізуге септігін тигізді. 1989 жылы Шәкәрім әндері «Аманат» деген музыкалық-этнографиялық жинақта жарық көрді.

Зерттеушілер Ш. Құдайбердіұлының ән шығармашылығын шартты түрде екіге бөліп қарастырады. Ақынның әндерінің бірінші кезеңі – 1879-1904 жылдар аралығын қамтыса, 1912-1931 жылдар - екінші кезеңі. Қажылықтан оралып, жаңа бетбұрыс кезімен тұспа-тұс келеді.

Шәкәрімнің музыкалық мұрасы алдағы уақытта да зерттеліп, жаңа қырынан танылары сөзсіз.

ШӘКӘРІМ ӘНДЕРІН КІМДЕР АЙТҚАН?

Кезінде Шәкәрімді көрген белгілі этнограф Садық Қасиманов өзінің естелігінде: «Сонда мені, әсіресе, қайран қалдырғаны Шәкәрімнің өлеңі мен сол өлеңдеріне шығарған өз әндері болатын. Ол кезде Шәкәрімнің өлеңдерін жатқа білмейтін адамдар Тобықты елінде кемде-кем болатын. Ал Шәкәрім әндерін өз бабында, иін қандырып айтатындар Әбдіғали Алдажаров, Зікағил Абайұлы, Рақымжан Мамырқазов, Есбай Бекхожин, Зұлғарыш Әзімбаев, Жебрайыл Тұрағұлов, Әлмағамбет деген өнерпаз адамдар болды. Мен солардың орындауында Шәкәрім әндерін тыңдадым. Шәкәрімнің үш ішекті домбырада ойнағанын көрдім, бірақ өзінің ән салғанын көре алмадым. 1924 жылы Жамбасқұдық деген жерде Шәкәрім өз әндерін Әбдіғалиға орындатып, оның орындау мәнеріне көптеген түзетулер, ескертпелер айтып отырғанының куәсі болдым. Солардың кейбірі есімде қалыпты. Ол кісі өз әнін орындау үшін домбыраның жоғарғы тұсынан қосымша тағы бір перне тағып берді. Сонымен қатар Әбдіғалиға: «Домбыраны шерткенде асықпа, жылдамдатып ұра салма, тақтайды бет алды тарсылдата берме, ән әуеніне қарай саусақтар да кербез, әсем қимылдауы керек. Әсіресе, үстіңгі, үшінші ішектің сүйемелін орнымен пайдалан,  деді. Әбдіғали бет-аузын өте биязы ұстап, азырақ тістеніп, сыздықтата бастап еді, Шәкәрім:  Әбіш, сенің әннен гөрі өз бет-аузыңның әдемі көрінуін ойлағаның қалай? Олай етпе, бар әдемілікті айтып отырған әніңе қи, еркін отыр, бет-ауыз, дене, қол қимылдарын ән әуенінің еркіне жібер. Тынысты кең ал, екі ұрт пен ерінді тежей берме, орындаушы мүше солар ғой,  деген сияқты ақыл-кеңестерін беріп отырды. Шәкәрім өте талғампаз, адам жанымен сырласа білетін ақын, сазгер әрі қол ісіне өте іскер адам еді,»  деп еске алады. Біздің бұдан байқайтынымыз Шәкәрім сазгер ғана емес, ол музыкалық аспаптардың акустикасын жете білетін, оның құлақ күйін шебер қоя алатын, әнді қалай орындау керектігін жете меңгерген өз дәуірінің озық ойлы, білімді азаматы екені. Шәкәрімнің әндерін өзінен үйренгендердің ішінен басқалардан шоқтығы биік, көпке танымал болған әнші Қабыш Керімқұлов болса керек. Ол ақынның оншақты әнін музыкатанушы Асқан Серікбаеваға айтып береді. Ал ол өз тарапынан осы әндерді қағазға түсіреді. Шәкәрімнің «Жиырма үш жасымда», «Жылым  қой, жұлдызым  июль», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Анадан алғаш туғанда», «Сұраған жанға сәлем айт», «Ойладым бір сөз жазайын да», «Мұтылғанның өмірі», «Сен ғылымға болсаң ынтық», «Көңіл», «Байғазы» сынды әндері ұзақ жылдар Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның фольклорлық зертханасының қорында сақталып келген бұл әндер сол Қабыш айтқан, Асқан нотаға түсірген дүниелер екенінде дау жоқ. Ал қазір Шәкәрім әндерінің бірденбір насихатшысы, жанашыр іздеушісі әрі орындаушысы әнші Келденбай Ұлмесеков. Ол ел ішінде ұмыт болып бара жатқан ақынның біраз әндерін жинастырып, жарыққа шығарды, қазақ радиосының Алтын қорына жазғызды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу