А. Йассауи хикметтерінің гуманистік мәні. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 9-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: 9

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

КДМ:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

А. Йассауи хикметтерінің гуманистік мәні

Концепт

Тұлға

Сабақ концептісі

Тұлға қасиеттері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

  • Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
  • Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу;

 Сабақтың мақсаттары

  • Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді;
  • Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.

Бағалау критерийлері

  • Хикметтерді құндылықтар аясында талдай алады;
  • Өмірмен байланыстыра отырып, бүгінгі заманмен салыстыра алады;
  • Ұнаған үзінділерді көркем түрде өңдеп жеткізе алады.

 Дифференциация

Барлығы: хикметтерде айтылған құндылықтарды анықтай алады;

Көпшілігі: хикметтерде айтылған құндылықтарды анықтап, бүгінгі күн тұрғысынан талдай алады;

Кейбіреуі: хикметтердегі рухани құндылықтарды бүгінгі күн тұрғысынан талдап, өзіндік қорытынды шығара алады;

 Құндылықтарды

 дарыту

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;
  • Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет;
  • Өмір бойы білім алу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, өнер пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

Тілдік мақсаттар

Креативті жазу арқылы көркемдегіш құралдарды тиімді қолдану дағдыларын меңгерту

Осыған дейін меңгерілген білім

А. Йассауидің өмірі мен шығармашылығын хикметтері арқылы танып-білген.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

І. Қызығушылықты ояту кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Үй тапсырмасын сұрау.

Топқа бөліну: «Кемедегінің жаны бір» әдісі бойынша

Миға шабуыл: БББ кестесі

Оқушылар Ахмет Йассауидің «Даналық кітабы» жайлы білетін ақпараттарын кестенің бірінші бағанына жазады.

Топ ішінде бір-бірімен ой бөліседі.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

http://infoportal.kz/ru/content/1-hikmet

Сабақтың ортасы

6 мин

15 мин

8 мин

ІІ Мағынаны тану кезеңі

1-әрекет. Бейнеролик: «Даналық кітабы»

Мұғалім оқушыларға бейнеролик көрсетеді, оқушылар бейнеролик бойынша алған жаңа ақпараттарды кестенің екінші бағанына жазып, топ ішінде ой бөліседі.

Мұғалім «Даналық кітабының» негізгі ойы, мақсаты туралы кері байланыс жасайды.

2-әрекет. «Ұйымдасқан ұяшықтар» ТЖ.

Әр топқа ұяшықтар бейнеленген А3 парағын, Ахмет Йассауидің хикметтерін ұсынады.

Оқушылар топ ішінде рөлдерге бөлініп, хикметтерді талдайды, ұяшықтарды қажетті ақпараттармен толықтырып, сынып алдында қорғайды.

Топтағы рөлдер:

Айқындаушылар – топтағы пікірлерді тыңдай отырып, хикметтердің идеясын, басты құндылықтарды анықтап жазады;

Байланыстырушылар – топтағы пікірлерді тыңдай отырып, хикметтерде көтерліген құныдылықтарды өмірмен, бүгінгі заманмен байланыстырып жазады;

Қорытындылаушылар: топтағы пікірлерді тыңдай отырып, көркем түрде қорытынды шығарып жазады;

Мұғалім топтағы рөлдерді ұйымдастыру арқылы саралауды жүзеге асырады.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

• Хикметтерді құндылықтар аясында талдай алады;

Хикметте автор сөз еткен құндылықтарды айқындайды;

Үзінділермен нақтылайды;

Өмірмен байланыстыра отырып, бүгінгі заманмен салыстыра алады;

Құндылықтардың бүгінгі замандағы көрінісі туралы пікір білдіреді;

Өмірден мысалдар келтіру арқылы дәлелдейді;

Өзіндік қорытынды шығарады;

Тыңдаушы топтар БББ кестесін толтырып отырады.

Қалыптастырушы бағалау:

Топтар бір-бірін критерийлер негізінде бағалайды.

ІІІ. Ойтолғаныс кезеңі

3-әрекет. Креативті ойлау Ж.

Оқушылар хикметтерден ұнаған жолдарды бастапқы өнім ретінде таңдап алып, өз мүмкіндіктеріне сәйкес бір формада (өлең, нақыл сөз, қара сөз, монолог) көркем түрде өзгертіп жазады.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу;

Үзіндінің идеясын сақтайды;

Көркемдегіш құралдарды қолданады;

Ұсыныстарға сай өңдейді;

Қалыптастырушы бағалау: жұптар бір-бірін бағалап, ұсыныс айтады.

Соңғы кезеңде оқушылар айтылған ұсыныстарды ескеріп, жұмысын қайта өңдейді.

https://youtu.be/aH16sRkctS0

(3:30 – 8:22 минут аралығы)

Ахмет Йассауи хикметтері

http://infoportal.kz/ru/content/1-hikmet

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

«3 Қ: қызық, қиын, құнды».

Оқушылар өздері үшін сабақта не қызық, қиын, құнды болғанын айтып, іс-әрекетіне баға береді.

Мұғалім қорытынды кері байланыс береді.

Үй тапсырмасы:

оқушылар БББ кестесінің соңғы бағанын толтырып, сол бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізеді.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушылар «Ұйымдасқан ұяшықтар» кезінде рөлдік ойындарды өз қалауларымен таңдайды.Креативті ойлау тапсырмасы кезінде хикметтерден ұнаған жолдарды бастапқы өнім ретінде таңдап алып, өз мүмкіндіктеріне сәйкес бір формада (өлең, нақыл сөз т.б.) көркем түрде өзгертіп жазуда да оқушылардың

жеке мүмкіндіктері ескерілген.

Топтар бір-бірін бағалау критерийі, дескрипторға сүйеніп негізінде бағалайды.

Сабақ жоспарын құру үшін ақын өмір сүрген дәуірді ескеріп, тарих пәні мұғалімдерінен кеңес алған дұрыс.

Берілген тапсырмалардың оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіретіні жоқ.

Оқушылар сабақ барысында өздерін еркін сезіне алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу