А. Йассауи мен Абай мұрасындағы идеялық үндестік. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 10-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: 10 | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: КДМ: | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | А. Йассауи мен Абай мұрасындағы идеялық үндестік | |||||||||||||||||||||||||
Концепт | Тұлға | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ концептісі | Тұлға қасиеттері | |||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
| |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||
Дифференциация | Барлығы: ақындар шығармашылығының маңызы туралы өз көзқарастарын білдіре алады; Көпшілігі: ақындар шығармашылығының маңызы туралы өз көзқарастарын үзінділер келтіру арқылы дәлелдей алады; Кейбіреуі: үзінділер келтіру арқылы ақындар шығармашылығының маңыздылығына көркем түрде баға бере алады. | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | «Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:
НЗМ құндылығы:
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады. | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, қазақ тілі, әдебиет теориясынан алған білімдерін еркін қолданады. | |||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Жұпта жұмыс жасату арқылы тыңдалым, айтылым дағдыларын дамыту, көркемдегіш құралдарды тиімді пайдалануға машықтандыру. | |||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | А.Йассауи хикметтерінің гуманистік мәні | |||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 8 мин | І. Қызығушылықты ояту кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Үй тапсырмасын сұрау. Жұптасу: түрлі-түсті кілттер арқылы Бірдей түсті кілтке ие болған оқушылар жұп құрайды. Мұғалім: осы кілттер арқылы біз бүгінгі сабақта Ахмет Йассауи мен Абай мұрасының сырын ашып, жұмбағын шешеміз. Миға шабуыл: Сіздердің түсініктеріңіздегі «Нағыз адам» кім? Қандай? Не істейді? Мұғалім сыныптың бір қабырғасына адам сұлбасы салынған үлкен ақ плакатты іліп қояды. Әр жұп ойланып өз жауаптарын сөз немесе сөз тіркесі түрінде түрлі-түсті қаламмен жазып кетеді. Соңында бірнеше оқушы және мұғалім барлық жазылған ақпараттарды оқып, кері байланыс береді. | http://infoportal.kz/ru/content/1-hikmet A4 парағы, маркерлер | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 8 мин 5 мин 10 мин | ІІ Мағынаны тану кезеңі 1-әрекет. «Зерттеу алаңы» ЖЖ. Оқушылар ғаламтор, мұғалім ұсынған ресурстар көмегімен «толық адам» ілімімен танысады. 2-әрекет. «Анықтау алаңы»Ж. Жұптағы 1-оқушы Ахмет Йассауи хикметтеріндегі, 2-оқушы Абай өлеңдері мен 17-қарасөзіндегі «Толық адам(Нағыз адам)» бейнесіне қатысты тура және жанама мінездеулерді тауып, 1,2- шеңберге жазады. 3-әрекет. «Талдау алаңы» ЖЖ. Жұптағы оқушылар тапқан деректерін салыстыра талдап, диалог құрады. Ахмет Йассауи мен Абайға ортақ идеялар, тура, жанама мінездеулерді үшінші шеңберге жазады.
Қалыптастырушы бағалау: Бір жұп екінші жұпқа өз жұмыстарын ұсынады, таныстырады. Жұмыс критерийлерге сай болса, белгісін, ұсыныстары болса, жазып белгісін қояды. ІІІ. Ойтолғаныс кезеңі. 5 минуттық эссе. «Ұлылар мұрасы – ұрпаққа үлгі» Оқушылар берілген тақырыпта өз қорытынды ойларын жазып, ақындар мұрасына баға береді.
Қалыптастырушы бағалау: оқушылар топ ішінде сағат тілі бойымен бір-бірінің жұмысын оқып, тақтаға үздігін шығарады. | Ахмет Йассауи хикметтері, Абай өлеңдері мен 17 қара сөзі | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 4 мин | Рефлексия: «Көңілдің кілті» Оқушылар сабақ басында алған кілттеріне «Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдім?» сұрағына 1-2 сөйлеммен жауап жазады. Үй тапсырмасы: А. Йассауидің сабақта талданған хикметтерінен біреуін жаттау. | |||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||||||||
Жұпта ғаламтор, мұғалім ұсынған ресурстар көмегімен «толық адам» ілімімен танысу арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. «5 минуттық эссе» кезінде қабілеті жоғары оқушылар өз білімдерімен даралана алады. | Оқушылар мұғалім ұсынған бағалау критерийі; белгілері арқылы бірін-бірі тексереді. | Қауіпсіздік ережелері сақталады. Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндірмейді. Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытады:
| ||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру