Ахмет Йассауи «Даналық кітабы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 13-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: № 13

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.Б/С1.Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

Сабақ мақсаты:

Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

слайд

Бағалау критерийі:

  • «Даналық кітабының» тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырады;
  • Тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: тақырып пен идея, тарихи және көркемдік құндылық, пікір, философия, дүниетаным т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің білуімше; өз пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның себептері жоқ емес; себебін былай түсіндіре аламын.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

 Оқушылар https://yandex.kz/video/search?filmId=11386058293945768438&text=%D0%A2%D2%AF%D1%80%D0%BA%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%20%D3%99%D0%BD%D1%96&noreask=1&path=wizard сайтынан Роза Рымбаеваның орындауында «Түркістан» әніне түсірілген бейнебаянды көреді, әннен алған әсерімен бөліседі.

Оқушылар хикмет шумақтарымен алты топқа бөлінеді.

http://infoportal.kz/ru/content/1-hikmet

Сабақтың ортасы

7 мин

10+8 мин

 

 

6 мин

Мағынаны тану

  • тапсырма Ж. «Төрт сөйлем» тәсілі

1. Пікір. «Даналық кітабы» мен Қорқыт Ата өсиеттерінде көтерілген мәселелердің бүгінгі таңдағы өзектілігі туралы өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

  • тапсырма ТЖ.

«Ақпаратты іріктеп, тұжырымдау»

«Қожа Ахмет Йассауи философиясы және оның түркі дүниетанымы тарихындағы орны» деген тақырып бойынша «Даналық кітабының» идеясын, тарихи-көркемдік құндылығын бағалайды:

а) обьективтілігі;

ә) шынайылығы;

б) толықтығы;

в) өзектілігі;

г) құндылығы;

ғ) түсініктілігі.

Қорғау кезінде автордың жеке қөзқарасын, түйіндеген идеялық ойларын тұжырымдайды.

Топтар өз постерлерін қорғайды.

Бағалау парағы

Критерийлер

Рубрикалар

Төмен

Шығарманың тарихи құндылығын ашады.

Мәтіннен нақты мысалдар келтіру арқылы көркемдік құндылығын зерттейді.

Өз ойларын шығарма мазмұнына сүйене отырып, дәлелді түрде сенімді жеткізеді.

Қалыптастырушы бағалау.

3-тапсырма ЖЖ. «Керемет пікірталас»

Оқушылар төмендегі сұрақтар бойынша пікірталасқа түседі:

1. «Даналық кітабының» философиялық тереңдігі неде? Тарихи құндылығына тоқталыңыз.

2. «Даналық кітабының» көркемдік құндылығына дәлелмен пікір білдіріңіз.

3. Сіз үшін ең маңызды үш фактіні атаңыз. Неліктен? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

Оқушылар өз жауаптарында автордың тіл шеберлігі мен даналық ойларының тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

А4 парағы, маркерлер

Сабақтың соңы

4 мин

Кері байланыс

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Оқушылар «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы «Даналық кітабы» мен Қорқыт Ата өсиеттерінде көтерілген мәселелердің бүгінгі таңдағы өзектілігі туралы өзіндік пікірін бір сөйлеммен дәлелдеп, өмірмен байланыстырып, мысал келтіріп, тақырып бойынша қорытынды шығара отырып, өз білімін, дүниетанымын кеңейте алады. «Даналық кітабының» идеясын, тарихи-көркемдік құндылығын бағалау тапсырмасы кезінде топ әр оқушыға қолдау көрсетеді. «Керемет пікірталас» кезінде оқушы өз мүмкіндігін пайдаланып, басқалармен білім таластыра алады.

Оқушылар мұғалім ұсынған тақырып бойынша «Даналық кітабының» идеясын, тарихи-көркемдік құндылығын мұғалім ұсынған бағалау парағына сүйене отырып, бірін-бірі әділ бағалайды.

Сабақ жоспарын құру үшін қызығушылықты ояту сатысында тақырыпқа сай ән таңдаған кезде музыка пәні мұғалімімен кеңесуге болады. Берілген тапсырмалардың оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіретіні жоқ.

Оқушылар өздерін еркін сезіне алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу