Ахмет Йассауи «Даналық кітабы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 11-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: № 11

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.

Сабақ мақсаты:

Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтайды.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

слайд

Бағалау критерийі:

  • Үзіндіден басты идеяны, хикметтердің ғұмырбаяндық сипатын анықтап, дәлелдер келтіреді;
  • Шығарманың сюжеттік желісі, композициялық ерекшелігін

танып-біледі.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: даналық, негізгі ой, сюжеттік желі, тәлім-тәрбие, ғибрат т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің топшылауымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл

«Атаулар туралы үш сұрақ»

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша «оқымысты», «даналық», «тәлім-тәрбие» деген үш сөзді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынадай сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады:

  • Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестірдіңіз?
  • Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?
  • Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

Оқушылар сұрақты үй тапсырмасымен (Йассауидің өмірі,

Хикметтер жайлы оқып келгендері) байланыстырып жауап береді.

Оқушылар хикмет шумақтарымен төрт топқа бөлінеді.

Сабақтың ортасы

15 мин

10мин

 

 

 

 

 

8 мин

Мағынаны тану

  • тапсырма ЖЖ/Т.

Оқушыларға «Даналық кітабынан» үзінділер таратылады. Әр топ үзіндіні жұппен (1-жұп 1-үзіндіні, 2-жұп 2-үзіндіні) оқып, негізгі ойды, сюжеттік желісін анықтайды.

1-қадам. Оқушылар үзінділерді жұппен оқып, хикметтердің ғұмырбаяндық сипатын анықтайды.

2-қадам.Үзіндіде көтерілген мәселе, басты идеяны анықтап, дәлелдер келтіреді, қандай ғибрат алуға болатынын жазып, кесте толтырады.

Үлгі:

1-Хикмет

1-үзінді

Үзіндінің сюжеттік желісі

Үзіндіде көтерілген мәселе, басты идея қандай?

Үзіндіден қандай ғибрат алуға болады?

2-үзінді

Үзіндінің сюжеттік желісі

Үзіндіде көтерілген мәселе, басты идея қандай?

Үзіндіден қандай ғибрат алуға болады?

3-қадам. Оқушылар толтырған кестелері бойынша топта пікір алмасады. Толықтырулар, түзетулер енгізеді.

4-қадам. Әр топтан екі оқушы басқа топтарға барып, өздері оқыған хикметті кесте бойынша баяндайды. Басқалар қажеттісін жазып алады.

  • тапсырма ЖЖ/Т.

«Блум түймедағының» әр күлтешесі ретімен cұрақтар қояды.

1. Қарапайым сұрақтар. «Не?..», «Қашан?..», «Қайда?..», «Қалай?..» сұрауларына жауап бере отырып, оқушылар шығарма мазмұнын қаншалықты меңгергендерін танытады.

2. Анықтаушы сұрақ. «Сонда сіз солай демекшісіз ғой ..?», «Менің түсінуімше, сіз ...», «Менің қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сіз былай айтқан сияқты болдыңыз...» деген сияқты сұрақтар қойып, анықтау мақсатында бір-бірімен пікірлеседі.

3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ.«Неліктен?» деп басталатын жауабын оқушылар білетін сұрақ.

4. Шығармашылық сұрақтар: «егер», «болса», «қалай болар еді» деген сұрақтарды қояды.

5. Бағалау сұрақтары. «Неліктен бұл былай, ал...?», «.. несімен ерекшеленеді?» деген сұрақтар бағалау критерийлерін түсіндіруге бағытталады.

6. Тәжірибелік сұрақтар. «Күнделікті өмірде қай жерде байқайсыз?», «Кейіпкердің орында болсаңыз, не істер едіңіз?» деген сипаттағы сұрақтар теория мен  практиканы ұштастыратын сұрақтар қояды.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушыларды аралай жүріп, стикермен бағалайды.

3-тапсырма ЖЖ.

Тапсырма орындауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін әр топ өз пікірін қорғайды. Басқалары келісетін/келіспейтінін дәлелмен түсіндіреді.

Қалыптастырушы бағалау.

Сабақтың соңы

4 мин

Кері байланыс

«5-5-1»

Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында жұпта жұмыс жасау арқылы, әсіресе, «Блум түймедағының» әр күлтешесі ретімен cұрақтар қою кезінде бір-біріне қолдау көрсетеді.

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өзінің сұрақ қоя білу деңгейін көтере алады.

Мұғалім оқушыларды аралап тыңдай жүріп, олардың жауаптарын стикермен бағалайды.

Сабақ жоспарын құру үшін тарих пәні мұғалімдерінің көмегіне сүйенуге болады.

Берілген тапсырмалардың оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіретіні жоқ.

Оқушылар өздерін еркін сезіне алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу