С.Аронұлы "Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы". Қазақ әдебиеті, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Сабақ: 3

Мектеп: Қарағанды НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Исина Б.К.

Сыныбы: 7 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

3-бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл

А/И3. Көркем шығарманың тілі

7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.

 Сабақ мақсаты

Айтыстағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.

 Бағалау критерийлері

Айтыстың көркемдік ерекшелігін талдайды, тілдік құралдардың автор ойын жеткізудегі орнын анықтайды.

 Дескрипторлар

  • Екі ақынның айтыстың көркемдік қолданыстарына қарай символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ кемінде 3 түрлі қолданысты анықтайды;
  • Көркемдік қолданыстың автор ойын жеткізудегі орнын анықтайды ;
  • өз көзқарасын білдіріп,1 сөйлеммен тұжырым шығарады.

 Құндылықтарды игерту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбектене білуге баулу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану дағдылары:

Таныстырылым көрсетіледі.

 Пәнаралық байланыс

Мәдениеттану, тарих, ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалар, фольклористика саласы, орыс тілі

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер:

Символ (грекше symbolon — танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу)

Эпифора - өлең тармақтарының соңында бір сөздің тіркесінің бірнеше қайталанып келуі.

Анафора, лексикалық, фонетикалық, синтаксистік анафора.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

Ақындардың бейнесін құндылық негізінде талқылайды.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

Басы

3 мин

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Оқушыларға топтың бір мүшесін сипаттап жасыр деген тапсырма беріледі. Әр топтан бір спикер келіп жасырған оқушыны сипаттап айтады. Мысалы: «Қара шашты, бойы ортадан жоғары, сөзі салмақты, сабақта бұлбұлша сайрайды» деген сияқты сипаттаушы сөздерді қолдану керек. 3 минут.

Оқушылар нөмірлену арқылы 6 топқа бөлінеді.

Ортасы

34 мин

Мағынаны тану сатысы

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін, дескрипторларды талқылау. 3 мин.

Оқу мақсатына қатысты талқылау сұрағы:

  • Символ дегеніміз не?
  • Синекдоханың метонимиядан айырмашылығы қандай?
  • Қайталаудың қандай түрлері бар.

Символ, синекдоха туралы түсінік: 5 мин

Символ (грекше symbolon — танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу)

  • лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді;
  • өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

Символ көркем бейне мен ұғымның аралығында екеуінің де қызметін атқара алады. Алайда символ ұғымнан гөрі астарлы мағынаға бай. Символдың символикалық формасы сақтала отырып, ишаралайтын нәрсесімен салыстыра тану барысында көпқырлылығы ашылады, бұл оның ерекшелігі болып табылады.

Синекдоха  метонимияға жақын, өйткені синекдоха да екі ұғымның іргелестігі арқылы жасалады. Синекдохада бір ұғымды екінші ұғымға ауыстырғанда: бірі — үлкен, екіншісі — кіші; бірі — жалпы, екіншісі — жалқы; бірі — бүтін, екіншісі — бөлшек болуы қажет. Әрине, үлкені — кішінің орнына қолданылғанда, мағынасы тараяды да, кішісі — үлкенінің, орнына қолданылса, мағынасы зораяды, кеңиді. Мысалы, Жүз бас қой, Жиырма тұяқ мал, Көп қол жұмысты өндіріп жібереді т. б. Осылар сияқты бөлшектің мағынасын білдіретін сөздер бүтін орнына жұмсалса, синекдоха болады. 

Эпифора - өлең тармақтарының соңында бір сөздің тіркесінің бірнеше қайталанып келуі. Бұл қажетті бір ойға, құбылысқа ерекше назар аударып, сөз әсерін арттыру үшін қолданылады. Қазақ өлеңінде эпифора сөздің кезекті қайталау үлгісіне жатады. Мысалы, Ақтан Керейұлының мына өлеңінен эпифораны айқын көреміз. "Қыз бала көркем көрінер Беттегі нұрлы қанменен... Еділ көркем көрінер Жағалай біткен талменен..." деген сөз тіркесін қайталау термелеп бірнеше нәрсені тізбектеу үшін қажет болған.[1]

Анафора (қатысты дейксис) - сөйлеудің әр параллельді элементінің бастапқы сөзін қайталаудан құралатын сөйлеу пішіні (орысша Клянусь я первым днем творенья, Клянусь его последним днем. Клянусь позором преступления...).[1]

  • Лексикалых анафорасөзді немесе сөздерді қайталауға негізделген анафора (орысша He непрасно дули ветры, He напрасно шла гроза).[2]
  • Синтаксистік анафора - бір грамматикалық құрылымды кайталауга негізделген анафора (орысша Я стою у высоких дверей. Я слежу за работой твоей).
  • Фонетикалық анафора - дыбысты не дыбыс тіркестерін қайталауға негізделген анафора (орысша Грозой снесенные мосты. Гроба с размытого кладбища...).
  • Анафорлық - алдында айтылғанға түсінік беретін сөз немесе сөздер (орысша Вы просите песен, их нет у меняКурсивное начертание).

Тапсырма:

Сүйінбай ақынның айтысынан алынған үзіндідегі көркемдік қолданыстарды тауып, кестені толтыр.

Мәтін:

СҮЙІНБАЙ МЕН ҚАТАҒАННЫҢ АЙТЫСЫ

Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік,

Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.

Атақты ас жиынды құттықтауға,

Бауырлас қырғыз елі,  саған келдік.

Жүйріктер қосылмаған қою шаңға,

Қосылар қыран бүркіт, қашқан аңға.

Хан Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе,

Келіп ек амандаса Орманханға.

  

Қол жайып, құран оқып өткендерге,

Әруағын атаң, қырғыз, келдім жоқтай.

Алдына қалың қырғыз келгеннен соң,

Жарай ма қайтып кету көңіл айтпай?!

Қырағы аспандағы ақиықпын,

Құмары басылмайтын борандатпай.

 

Қатаған сөзден жаңылып,

Өзінен өзі қағынды.

Қызып тұрған темірге,

Өзі келіп қарылды.

Наркескенге жолықтың,

Шашамын судай қаныңды.

Болаттан соққан қылышпын,

Алтындатқан сабымды.

Тоқсан баулы Қоңыраттың.

Тоқсан екі ұлы бар,

Білуші ме едің, Қатаған,

Кім екенін Қыпшақтың?

Естіп пе едің, Таманың,

Көкбөрісі даланың.

Жабылып атқа қонғанда,

Көзіңнің жасын төгуден,

Ашылмас сенің қабағың.

Тіліңді шайнап, қан құсып,

Астында тастың жатарсың.

Әй, Қатаған, Қатаған,

Күнің қандай болады?

Қазақты жинап алғанда.

Қанеки бетке, қарашы,                                                                   

         Толып жатқан көп қазақ,

         Көк пенен жердің арасы.

         Көппін деген қазақтан,

         Қатағанның жоқ санасы.

Манаптары қырғыздың,

Қатағанды ақын деп,

Алып келдің ұялмай,

Қатаған ақын сөйлсе,

Күлесің езу жия алмай.

Енді міне отырсың,

Орыныңнан тұра алмай.

Мына отырған Қатаған,

Қайта-қайта мақтанып,

Жантайдың шенін қоймайды.

Аңға шыққан тазыға,

Оғанда қарғы байлайды.

Еменнен күшті ағашпын

Майысса да сынбайтын.

Алдаспанға жолықтың,

Басыңды кеспей тынбайтын.

Топ бастаған бұлбұлмын,

Сөз бастаған жүйрікпін,

Судан шыққан сүйрікпін,

Бәйгеден озған дүлділмін

Шығарма Қатаған үніңді,

Есіңе сақта бүгінгі,

Қанатың сынған күніңді.

Жардағы өскен жапалақ,

Бұралқы иттей абалап,

Келтірме менің жынымды.

Қырғыз, Қазақ қосылып,

Енді топқа кіргізбе,

Ақын деп мақтап мұныңды?! -  деп тоқтағанда батыр Жантай:

- Сүйінбай ботам! Сен жеңдің. Қатаған жеңілді. Көппін деп мақтанғаны басына сор болды. Аттың түгіндей қазақтан қырғыз қашан көп болып еді? Қазақтың алауыз халық екенін айта алмады, - деп ашуланған Жантай екпіндеген Қатағанға сөз бермей, кейін серпіп тастады. Айтысты қортындылған Қара Бәйтік:

        -Өзіңдей қазақтың жүйрік, алғыр ақынына қандай силық жасасақта жарасады. Ерлігіңді, еркелігіңді қырғыз халқы көтеріп алады. Жеңген жүлдеңе не таңдайсың? Соны өлеңмен жеткізші, Сүйінжан! - дейді екі елдің айтысын басқарып отырған Қара Бәйтік.

 

Айт десеңіз, айтайын,

Мырзалығыңды байқайын.

Ер тоқымы алтыннан,

Бір ат мінгіз арғымақ.

Керегесі күмістен,

Босағасы асыл тас,

Бір ақ отау үй бергіз.

Алтын қынап қылыш бер,

Білегіме ілерге.

Он жеті жасар бір қыз бер,

Онымен ойнап күлерге.

Он бес атан түйе бер,

Жүгімді артып жүрерге.

Бір қос жылқы берерсің,

Еліме айдап барарға.

Қос жамбас алтын берерсің,

Сандығыма саларға.

Айтысты жеңген Сүйінбай,

Кем берсең бұдан алар ма?!

Келістіріп сөйлесе,

Жақсылардан сөз қалар.

Суырылған жүйрік болмаса,

Топқа түсіп не табар?

Ақ, қараны шешетін,

Көріп тұрған Алла бар! - дейді Сүйінбай.

 

Символдық қолданыстары бар тармақтар

Білдіретін мәні

Автор ойын жеткізудегі орны

Синекдохалық қолданыстары бар тармақтар

Білдіретін мәні

Автор ойын жеткізудегі орны

Қайталаудың түрлеріне қатысты мысалдар (анафора, эпифора)

Ассонанс

Аллитерация

Риторикалық сұрақтар

Шумақ саны:

Тармақ саны:

Бунақ саны:

Буын саны:

Ұйқас түрі:

http://video.nur.kz/view=t4jyzk4s

Рефлексия

3 мин

«3-2-1» стр.

  • Сабақта алған 3 маңызды ақпарат
  • Қиындық келтірген 2 мәселе
  • Сабақта ұнаған 1 аспект

Үйге тапсырма: Сүйінбай мен Қатағанның айтысының көркемдік қолданысына талдау жаса. Айтысты тыңда.

http://video.nur.kz/view=t4jyzk4s

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу